Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген жапондық «Epsilon S» зымыран тасығышы бүгін сынақ кезінде жарылып кетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған бірінші минутта жарылған.

Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізілген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «Epsilon S» - бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниутік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы. Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған.

Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған еді. Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.

Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.