Судан асқан емші жоқ. Суды дұрыс пайдалану - салауатты денсаулыққа əкеледі.
Сократ
Жан дертің жаныңа батса, жалпақ дүниені кезіп кетесің. Жүрек дертімен ауырып көрген адам көп азап шегеді. Көңіл ем іздеуде қалжырап-ақ кетеді.  Екі жыл бұрын жүрек-бүйрек, асқазан-ішек дертімен қатты ауырдым. Сол мақсатта минералды табиғи емдік-ас суын іздедім.  Ол су маған ішкен-жегенімді жақсы сіңіру үшін қажет болды. Күнделікті ішіп жүрген  кран суынан бас тартуға мəжбүр болдым. Содан өзім күтпеген бір дертке ұшырастым. Қорап-қорап  дəрі ішкеннен  бүйрегім де тас пайда болды.   Ем іздеп жүрген уағымда Ташкеннен келген бір  академик дəрігерден кеңес алдым. Ол кісі Қасиетті Қазығұрт тауының баурайындағы "Көктөбе" теліміндегі "Анабұлақ" суын ішуді ұсынды. Ол судың бальнеологиялық тобы- кремнийлі терма. Ас қорыту мүшелерінің, несеп-жыныстық мүшелеріндегі өзгерістері мен  тасқа  айналу, созылмалы шаршау синдромы, қант диабеті жəне бұлшық еттің қатты жиырылуы, жүрек-қан тамыр,  эндокринді  жүйенің ауруларының алдын алу жəне  емдеу мақсаттарына  ұсынылады екен. Адам шыдамайтын асқазан ауруынан осы судың көмегімен арылып келемін. Жақсылықты қаласаң, жақсылыққа жетесің.
 
 
Табиғаттың төл перзенті адам баласы болса, сол адамға етене жақын дүниелер не десеңіз? Ауа. Күн. Су. Ебін тапсаң, ем болатыны да рас. Бүгінгі күні ыстық күнде кенезесі кеуіп, суды көп тұтынамыз.  Ол сулардың көбінің денсаулыққа берер пайдасы жоқ. Ал,  күйбең тірлікте күтім жасай бермейтін ағзамызға күш-қуат беретін емдік - ас су ішкеніміз  жөн емес пе?  Жомарт жүрек - жақсылыққа құмар дегенді еске тұтқан - Тасбалта Керімбаев ағамыз бүгінде суды көпшіліктің қолы жететіндей жағдай жасап бағуда. Бұлақ басына үй салып, келушілерге  ыңғайлы жағдай жасаған.  Фейсбук желісіндегі емдік бағыттағы "Ауырмаңыз" парақшадан осы судың  бауырға ем болғандығы жайлы да жазылды. 
Сенім- ұлы күш! Емдік судың шипасына көз жеткізем десеңіздер, Қазығұрт ауданы, "Көктөбе" теліміндегі "Анабұлаққа" келіңіздер! Алыс шалғайдағы ағайындар үшін бөтелкедегі суды тапсырыспен алдыртуына болады. Телефондары: +7705 285 46 29+7771 881 95 40
Өзім ішкен суды жүйке дертімен ұзақ жылдан бері ауырып келе жатқан ағама да ішкізіп, ағамның ұйқысының жақсарғанын байқадық. 
Бұл жазбамды  мен ешбір жарнамалық мақсатта жазып отырған жоқпын. Дертіні дерті ұғар дегендей, бір адамға шипасы болса деген ниетпен жазып отырған жайым бар.
 
                                                                                                                         
                                                                                                                                     Мейірхан Шонтайтегі
 
Оқырман хаттарына редакция жауап бермейді.Редакция ескертеді:оқырмандар рецептісін қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.