Диета
Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз.
Сонымен қатар, асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы - жаңғақтар. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стақанға салып, спирт құйыңыз да жылы жерге бұқтырып қойып қойыңыз. Бір аптадан кейін күніне бір шәй қасықтан ашқарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша күніне үш реттен пайдаланыңыз.
Диета - асқазан аурын емдеудегі ең маңызды ережелердің бірі. Себебі, асқазан аурының пайда болуы дұрыс тамақтанбаумен тығыз байланысты.
Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырылған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі ботқаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады.
Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттерден, ащы тағамдардан, консервілерден, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.
Қосымша ем-домдар:
1. Шырғанақ майымен асқазан жарасын емдеудің өте нәтижелі әрі кең таралған түрі. Шырғанақ майын тамақтан бір сағат бұрын үш апта бойы ішесіз.
2. Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы.
3. Картоп шырыны да жақсы нәтижелер береді. Бұл шырынды дайындау үшін таза әрі ескірмеген картоп керек. Қызыл сортының болғаны тіптен жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стақаннан ішіп тұру керек.
4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады (бір стақан айранға бір ас қасық май).
5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ағын ішіп жүріңіз.
6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұңбасы әжептеуір әсер етеді.
7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүлдерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді.
Өт жолдарын емдеу
Балды емделуге қолдану.
Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс.
Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек.
Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
ПИЯЗ БАУЫР МЕН ӨТ ЖОЛДАРЫНА ЕМ
Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.
Жалбыз
Жалбызды өт бөлінуінің бұзылыстарында, өттің және өт жолының қабынуында, сонымен қатар өттегі тас аурулары мен сары ауруда, ісінулерде, асқазан шаншуларында, асқорыту және жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарында, ұйқысыздықта, бас сақинасында, невралгияда, жүйке тырысуында және етеккір кезеңінің бұзылыстарында қолданады.
Оны қосымша ретінде салатта, кондитер өндірісінде, сусындар, арақтар мен ликерлар өндірісінде, сонымен қатар хош иістендірілген сірке суын, қуырылған етті және зельц дайындауда қолданады.Ұлыбританияда жалбызды тұздық көптеген тағамдарға қосылатын дәстүрлі қосымша болып табылады.
Ескерту: Жоғарыдағы ем-домдарды пайдаланбастан бұрын, дәрігерге қаралып, толық тексеруден өткеніңіз жөн. Өйткені, асқазанда қандай ақаулардың бар екенін білмей жатып, өз бетіңізше емделу денсаулығыңызды онан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін.