Сәбіз: Тері қаттылығын қалыпты жағдайға түсіреді, сергек көрініс және түс береді. 

Қияр: Теріні ылғалдандырушы және майлылығын алушы қасиеттерге ие. 

Лимон: Микроптан тазалайды, теріні жиырады, күшейтеді және майлылығын алады. 


Айран: Терінің ерте әжімделуінің алдын алады, жұмсақтық және иілімділік береді. 

Сүт: Ылғалдандырады, иілімділік береді, теріні күшейтеді, түзулейді. 

Жөке (липа): Тері тіндерін күшейтеді және жаңа клеткалардың қалыптасуына көмектеседі. 

Қалақай: Қан айналымын жылдамдатады. Майлы шаштарға және қайызғаққа қарсы қолданылады. 

Жебіршөп (тимьян): Дезинфекцияда өте күшті. Қабынуға бейім терілер үшін беріледі. 

Сермене (мелисса): Нерв жүйесін тыныштандырады, асқазан газдарын да кетіреді. 

Түймедағы: Қабынудың алдын алушы, нәзік және сезімтал терілер үшін өте маңызды. 

Бидай кебегі: Теріні құрғап кетуден қорғайды. 

Көк шай: Теріні азықтандырады және қартаюдан қорғайды. 

Бал: Теріні күшейтеді және жұмсартады. Әжімдерін жазады және қан айналымын реттейді. 

Сүзбе: Қабынған терілерге қарсы қолданылады, біраз сүтпен араластырып крем сияқты қоюлыққа келтіру керек. Майлы терінің күтімінде де қолданылады. 

Алма уксусы: Өте танымал дәрі. Теріні жандандырады және терінің беткі қабатын күшейтеді. Құрғақ және жарылғыш терінің және майлы, безеулі терінің де күтімінде өте жақсы. Шашқа жұмсақтық және жалтырақтық береді. 

Жұмыртқа сарысы: Маска және компрессте ең маңызды зат. Теріні азықтандырады және түзейді. 

Зімбір (имбирь): Терінің майлылығын, қабынуын кетіреді, жарылуын және жаралардың жазылуын жылдамдатады. 

Бадам майы (миндаль): Құрғақ және жарылғыш терілер үшін өте пайдалы. әжімдерді кетіреді. 

Майсана майы: Шаштарды күшейтуде өте ұтымды қолданылады. 

Соя майы: Теріні қоректендіреді. 

Күнжіт майы: Теріні азықтаушы және күн сәулесінен қорғаушы қасиеттері бар. 

Зәйтүн майы: Сүзілген зәйтүн майы адам терісіне жақсы сіңеді, теріні қалыпты жағдайда ұстайды және жаңалайды.