Тісіңізді тазалаңыз

  Ия ,осы да жаңалық болып па дерсіз.Бәріміз ұйқыдан оянғанда  тісімізді тазалаймыз.Бірақ,арамызда  тілін тазалайтын адамдар өте сирек.Тіл тазалығының  маңыздылығын ертеректе білген.Ол жайлы атақты Авиценна айтып  кеткен.

Тіл  тазалығы  неге керек?

  Тіліңізде де зиянды бактериялардың бар екенін естен шығармаңыз.Ол сізге көптеген ыңғайсыздықтар туындатуы мүмкін.Ауыз қуысынан  жағымсыз иіс шығарып қана қоймай ,ауыз қуысы ауруларын туындатады.

Ыстық су

  Әрбір адам  ұйқыдан оянысымен ағзасындағы су деңгейін қалыпқа  келтіруі керек.Қайнаған суды жылытыңыз.1 стақан  ыстық  суға лимон қышқылын қосып таңғы астан 20-30 минут бұрын ішіңіз.

Одан не пайда?

     Алдымен  асқазан жұмысын іске қосып,тағамды қорытуға әзірленеді.

     Ағзадағы зат алмасу  процесін жақсартып,артық салмақтан арылуға көмектеседі.

       Бүйрегіңізді тазалайды.Лимон құрамында кальций,фосфор,натрий,калий ,магний  мен темір және басқа да микроэлементтер болғандықтан ағзаңызға өте пайдалы.Онда В және С тобының дәрумендері бар.

Әсел

  Таңғы  асқа ,10 минуттай уақыт қалғанда, 1 шай қасық бал жеп,су ішіп жіберіңіз.Бал табиғи және таза болуы керек.

Оның  қандай  пайдасы бар?

  Бал –дәрумендер мен микроэлементтерге бай.Оның құрамында фруктоза мен глюклза көп кездеседі.Олар ағзаға күш беріп,миға да жақсы әсер етеді.Иммунитетті  көтереді.Әсел ағзадағы қартаю үдересін бәсеңдетеді.

Ауыз қуысын шаю

Таңғы астан кейін ауызыңызды сутек тотығымен шайыңыз.Ол үшін 3 пайыздық сутек тотығының 5-7 тамшысын 50 мг таза,қайнамаған сумен араластырыңыз.

Оның пайдасы не?

  Кариестің, тіс ,қызыл  иек ауруларының алдын алу шарасы.

Ауыздың жағымысыз  иісін жояды.Тісін ағартады.Күнделікті таңертең осылай шайып тұру керек.