Ерболат Баятұлы 1964 жылы Монолияның Баян-өлгий аймағының Өлгий қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987-1988 жылдары Қызылқайың орта мектебінде мұғалім, 1988-1989 жылдары аймақтық қазақ радиосында тілші-редактор, 1990-1992 жылдар аралығында Монғолдың педагогикалық ғылыми зерттеу институтының қазақ мектептер секторында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарған. 1992 жылы тарихи отаны – Қазақстанға отбасымен қоныс аударады. 1992-1999 жылдар аралығында  Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы,   2000 жылдан бері қарай тәуелсіз «Бұқпа!», қалалық «Көкшетау», облыстық «Арқа ажары» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музықалық-драма татрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

НҰРЛАН ХАСИХАНҰЛЫ-1990-жылы Тамыз айының 23-жұлдызында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Алтай ауылында дүниеге келген. Улаанбаатар қаласында Басқару академиясында заңгер мамандығын оқыған , ШҚО Семей қаласында, М.Төлебаев атындағы муз.колледждің Режиссура факультетін бітіріп, Абай театрында қызмет жасаған. Қазір Өлгий қаласындағы, М.Құрманхан атындағы МД театрында актёр."Ақылсыз жүрек","Ғашық жүрек"жыр жинақтарының авторы,ақын.

 ГҮЛ ЗАРҚҰМАР 1974 жылы 15 қыркүйекте Монғолияның Улаанбаатар қаласында дүниеге келген. Монғолия қазақ ақындары арасында өткен "Алтын жебе" жыр мүшәйрасының (1992ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997ж) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің иегері, ақын. 2012 жылы Жалын баспасынан "Жүректегі жүзік" жыр кітабы жарық көрді.