Болған оқиға ізімен...

Ғани Әлихан

  Бәйбішесі қайтқалы Сәкеңнен күй кетті . Өз өзімен күбірлеп сөйлесіп жүретінді шығарды . Тіпті мына менде ескерусіз қалдым . Ең жаманы сол , арадан он күн өтсе де осы көңілсіздік күнде жалғасып жатты . Зар жылаған екі қыздыңда менде шаруасы болмады . Қысқасы мен бұл үйде өзімді бөтен адамдай сезіне бастадым . Өйткені ешкімге керегім жоқ сияқты көріндім . Тіпті ішімдегі ұлдың әкесі Сәкеңе де менің бары жоғым бірдей боп қалғандай болды . Осылайша бұл үйдің сәнібәйбішемен бірге кетті . Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой , үмітімді үкілеп жұмысыма барып кеп жүре бердім .

Бұрын жұмыстан келгенде мына үйде бәйбіше болмаса екен деп армандасам , енді алдымнан шықса екен деп армандап жүрдім . Тіпті сағынатынды шығардым . Осылайша күндерім өтіп жатты . Екі апта өткенде, үйдегі екі қыз Европаға ұшып Сәкең екеуміз ғана қалдық . Алайда Сәкең де мен үшін бұрынғыдай болмады . Бұл жаз бітуге таяп күз жақындап қалған кез . Ал Сәкең болса ауладағы гүлдермен әуреге түсті . Күзгі салқынға бастары салбырай бастаған , соларға су құйып баптап әлек . Сырттай қарап қоямын , сол гүлдермен ғана сырласып сол гүлдерге ғана мұңын шағатын сияқты . Бірақ ұлын арқалап жүрген мына мені көзі көрмейтін сияқты . Сөйтіп жүріп арадан тағы да бір ай өтті . Жылап еңіреп шетелден үлкен қыз қайтып келді . Қырқына ұлан асыр ас беріліп қаланың мен деген дөкейлері жиылды . Бірақ сонда да менімен ешкімнің шаруасы болмады . Не еркек боп Сәкеңнің өзі ешкіммен таныстырмады , не қызы жақ ашпады . Міне осы оқиға мені күрт өзгертті . Мүмкін мұның бәріне мені кінәлайтында табылар, бірақ мұндай жағдайды пенденің басына бермесін . Өйткені мен мына еркектің тоқалына емес күңіне көбірек ұқсап бара жаттым . Олай дейтінім жұмыс менің мойнымда . Үйдің күйбең тірлігі де менің мойнымда . Ас дайындау ол да менің мойнымда . Ал байсымақ Сәкеңнен бір белгі болмады . Бәйбіше орнына қалдым ғой бәйбішесіндей болмасам да ұқсап баққаным болсын деп қаншама рет барымды салсамда басы бері бұрылмай қойды . 

- Мазаламашы , баланы аман - есен қолға алайық , сонан соң бәрі де болады - деп қысқа қайырды .

-Ойбай ау балаға әлі үш ай бар ғой , сонда үш ай осылай жүрмекпіз бе ?-  деген сұрағымды жауапсыз қалдырды . Қысқасы бәйбіше қайтқалы ол қатты өзгерді . О баста түсінемін ғой жүрегі жаралы боп жүр деп үндемей жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып жүрдім . Бірақ мұнымнан түк те шықпады .

Сәкең бәрін тастады . Бұрынғыдай жұмыспен де шаруасы болмады , менімен де шаруасы болмады . Анда - санда кеп құрсағымды құшақтап жылап алғаны болмаса ,басқа түк бітірмеді . Қысқасы нағыз еркектіктен кетіп езге айналды . Әрине бұл менің зығырданымды онан әрі қайнатты . Сондада жақ ашпай сабыр сақтап шыдап жүрдім .Тіпті жұмысқа өзім ертіп барып кеп жүрдім . Өйткені қарамасаң бизнес деген кері кететінін білемін ғой , оның үстіне сатушы қыздар не бүлдіріп жатқанын бір құдайдың өзі білсін . Мұны осында сатушы болғандар түсінеді , қадағалаусыз қалдырсаң құртатыны анық . Бұл шындық , бұл біздегі бизнесте қатты белең алған жағдай .Тым болмаса үстіне қойып сатып ақшасын қалтаға басады . Нәттижесінде дәрі - дәрмектің бағасы өсіп басқа дәріханалардан қымбат боп шыға келеді . Міне бұл дегенің клиенттің азаюына әкеп соқтырады . Сол үшінде осының бәрін қадағалау керек , қысқасы контроль керек . Ал мен жалғыз өзім қайсы біріне болайын , амалсыздан Сәкеңді сүйреп жүрмін . Оның үстіне осыншама бизнестің , үйлердің , көліктердің ешбірі де менің атымда емес . Бұл дегенің әрине мен үшін жақсы емес . Тіпті бұл мен ойлағандай өмір емес . Сол үшін де менің алға қойған біраз жоспарларым осы . Мына Сәкең болса күннен күнге азып - тозып барады . Есің барда еліңді тап деген ғой , көзі тірі тұрғанда осы істі қолға алайын . Алда жалда қандай да бір жағдай бола қалса тақырда отырып тарықпауым керек қой . Оның үстіне мынандай аты ғана еркек затында түк жоқ баймен қашанғы өмір сүремін . Өйткені қауашағы жарылған демесең мен әлі мыңнан бір гүлім ашылмаған қызбын ғой . Сондай - ақ бағым ба,  сорым ба білмеймін Асылбек те осы қалада жүр . Оның нөмерін тек қана телефоныма емес, жүрегіме де сақтап қойғанмын . Қайтейін , махаббат деген құрғыр миымды жеп барады . Оғанда ессіз ғашықпын . Бірақ мен ондай арамдыққа бара қоймаймын . Егерде мына байсымақ мені өз бәйбішесіндей көретін болса . Ал мынандай жүрістің маған қажетті жоқ . Өйткені тап қазір мен не тоқал , не бәйбіше емеспін , екеуінің арасында жүрген күңмін . Қысқасы өлгеннің соңынан өлмек жоқ қой , үлкен қыз кеше кеткен . Сөзіне сенсек енді келесі жыл ғана келмек . Жаңа жылға келсе Эльмира келер, мен келе алмаймын –ау, дейді . Келмесең атамнан әрі, керек едің сен маған . Апта жатып жақ ашпаған сені қайтейін , басыма ұрайын ба ? Мен тірліктерімді бітіріп алғанша осы сенің келмегенің жақсы . Аман болсаң болғаны . Ал енді бүгін Сәкеңмен арамызда ашық сөз болмақ . Күн кешкіріп қалды , ол әлі аулада жүр . Қызыл жасылды гүлдерді сипап өзімен өзі . Көре сала айқайға бастым .
- Тамақ дайын болды ғой , үйге кіріңіз . Сөйлесетін шаруалар бар- дедім . Мені ести сала қолының шаңын қаққан сорлы үйге жүгірді . Қарашы өзін , менен гүл артық болғаныма бұған . Қап, сен асықпа бәлем ! Сенің де шаңыңды қағармын әлі . Құрсағымда ұлың тұрғанда сен қайда барасың менен . Осыны ойлағанымша болмады Сәкең бой көрсетті . Арадан көп өтпей екеуміз де асханадағы үстел басына кеп отырдық .
- Не ойлағаныңыз бар , айтыңызшы мен бәрінен шаршап кеттім - дедім . Ол сорлыда болса үн жоқ . Құдды бір мұғалім алдында тұрған оқушының кейпіне түсіп міңгірлей бастады :
- Не істеймізі нес Сабираш , мен сені түсінбедім ?- дейді . Әй мынау жындыма , түсінбедімі нес мұның . Енді не десем екен , төсегіме кеп қашан құлайсың дейін бе ? Ал керек болса !
- Қалайша түсінбейсіз? Мен сізге кіммін осы бетіме айтыңызшы ?- деп лап қойдым .

Көзі жәудіреген сорлы қорқып кетті . Әрине қорқады , қорықпай қайтсін . Бәйбішеден айрылды , ал өлгеннің соңынан өлмек жоқ . Енді менен айрылғысы келмейтінін білемін . Оған менің құрсағымда жатқан козырым бар ғой несін қайғырамын . Қысқасы бұл сорлыдан көңілімдегі жауабымды алалмадым . Бұл менің онан сайын ашуыма тиді . Өйткені ол маған не тоқалымсың, не бәйбішемсің деп айтуы керек . Сосын мына бала менікі осыншама дүниенің мұрагері осы бала деп айтуы керек . Ал мынада үн жоқ , есі жоқ мылқау ма дерсің . Сол үшін де онан сайын тақала түсіп,жауап күтіп отырмын дедім .
- Не болса
 да кейін сөйлесейікші Сабираш . Тап қазір менің миым істемей тұр . Тіпті сенің не айтып отырғаныңды да түсінбей тұрмын , қоя салш осы -дейді . Ой мынауың отырған бір ақымақ ! Ақымақ демей не дейсің . Мен мұның қатыны боп құшағына жатпағалы қашан . Бұл менің байым боп бойымды балқытпағалы қашан . Шынын айтсам екі айдан кетті . Ол қай заман еді , ол бәйбіше бар заман еді . Тап қазір бәйбішесі жоқ . Сонда да маған жоламайды . Тағы да не дейсің бұған ? Сенге көшіп әрі қарай өрши түстім .
- Сенің анау гүлдеріңнен не пайда ? Әлде сол гүлдер саған қатын бола
 ма ? Несіне айналшықтай бересің . Осы бүгін ақ жұлып лақтырсам ба екен осы ? Онан да мына маған иелік қылмайсың ба ? Қашанғы күңнің күйінде жүремін . Менде өзімді біреудің қатыны сияқты сезінгім келеді . Мен де өз еркегіме еркелегім келеді . Соны да түсінбейсің ба сен?- дедім . Міне сонда ғана ол маған жақындай түсті . Құшағына тартып құрсағымды сипай бастады . Еріндері жыбырлап құлағыма бірдеңелер айтқандай болды . Енді менде оған тығалы түстім . Алайда көзінің тамшысы иығыма төгілді . Қысқасы бұл тағы да мен күткендей болмады . Күрсініп барып күңіреніп кетті , сонан соңғана тілі шықты .
- Сабираш дейді , Сабираш түсінші мені
- дейді . Ол гүлдер бәйбішенің еккен гүлдері ғой . Гүлдің не кінәсі бар , тиіспеші жаным дейді . Сен оның арғы жағындағы балалар ойнайтын алаңды көрдіңғой . Ол да бәйбішенің алаңы . Біз қазақтар ырым - жырымға сенеміз сол үшін ырымдап соқтырған еді . Баламыз болса осы алаңда ойнатып жүрсек деп армандаушы еді . Сол арманына жете алмай кетті , оны өзіңде білесің ғой- деп еңкілдеп кетті .Тап осы кезде арақ исі мөңкіп берді . Енді мен шоши бастадым . Мынау неғып есі ауысып отыр десем сау емес екен ғой . Қой құрсын бұл маған бай болып жарытпас . Жас күнінде көп ішетін болған деп естігенім бар еді . Сол әдетіне қайта басқан екен ғой . Қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды деген бар . Демек мұның бар байлығын қолынан алып құйрығына бір тебу керек , бітті ! Қысқасы орнымнан тұрып бөлмеме жеттім де телефонымды ақтара бастадым . Қатар тұрған А әрпінен Асылбек дегенді тауып , ойға баттым ...

                    (Жалғасы бар )