Ғани Әлихан

Соңғы күндері бәйбішемен телефонда ғана сөйлесіп жүрген Оңтайдан ес кете бастады . Сорлы  ғой сорлы ,ауданмен ауыл арасы ары кетсе екі сағаттық жол . Ал бұл болса қалың түскен қарды сылтауратып мұнда жатып алды . Тіпті шынтуайтқа келгенде соңғы кездері Оңтай ағамыз өз басыменде жүрген жоқ . Өйткені кіші тоқал мойын болса қу қайын ене ми боп жабысып алған .

Сондағысы баланы қырқынан шыққанша көзден таса ұстауымыз керек , қазірше ауылға апаруға болмайды . Сосын бала өзіме тартсын десең шілдеден шыққанша өзің де осында бол деп қайын ене қолқа салған . Содан міне , ауылға бармағалы екі апта болды осында жүр .

Ара арасында ауданға келген құрдастарын шақырып кіші тоқалдың үйінде қонаққып жіберіп бәйбішеге сәлемді айтып жатып алды . Ал бұған бәйбіше қалай шыдасын . Біріншіден ит тырнаған ішінде күйік бар 

Екіншіден еркегі кеп етегін көтермегелі қашан . Үшіншіден ортаншы тоқалда өзінен артық , астында көлігі қалтасында ақшасы Алматыда үйі бар . Қарап отырса битін сығып зорға жүрген жалғыз өзі ғана .

Сонан да болар құрсағында қызыл ит өліп қызғаныштан өзегі өртеніп барады . Өз- өзіне қап бәлем Оңтай сен тоқтай тұр қане . Енді келмесең көсіліп тұрып Көбейге берермін деп күбірлеп жорғалап кетуге аз қалып жүр . Бірақ осы ойынан өзі шошып "кет бәлекет ,кет аулақ" деп барып әрең тоқтайды . Өйткені күш қуаты тасып тұрған көкпаршы жігітке көгін алдырса онан соң қайтып тоқтамасы анық .

Оңтай жоқ десе болды қылмойын әумесерін сүйреп келеді де тұрады . Міне сонан соң бұл баладан құтылып көр . Ал ондай қылмысқа мынандай кішігірім ауылдың мұрша бермесі анық . Күндердің күнінде әшкере болса ең бірінші Оңтайдан айрылады . Ал онан айрылды деген сөз тап мынандай аста төк азықтанда айрылады .

Қазірше қолбайлау болып тұрған міне осы ғана . Әйтпесе ғой шіркін , алып денелі Көбейдің құшағынан жаны жай табатынын біледі . Бірақ анда - санда әсіресе көзі ұйқыға кеткенше ойлап қойғаны болмаса қазірше арын қиған жері жоқ . Қысқасы бәйбішені құртып жүрген міне осы ғана . Ал енді ортаншының жағдайы белгілі . Күніне екі -үш рет қоңырау соғып Оңтайды құттықтап қоюды әдетке айналдырғалы қашан .

Негізі осы ортаншы тоқал нағыз бүліктің басы ,өйткені мұның қулығын қараңыз . Оңтай сорлы бергі жақтан "алло" дегеннен алдымен ұлдың жағдайын , онан кіші тоқалдың жағдайын тіпті соңғы кездері "мам "деп алып Оңтайдың енесінің де жағдайын сұрайтынды шығарды . Ең қызығы сол солардың бәріне аман саулық тілеп алып соңында ғана өз қыздарының қамына кіріседі . Мына Ұлбосынға шуба алу керек анау үлкен қызға етік керек, Алматыда күн қатты суытып кетті .

Ауылға барсаң осы жағын ойластыршы . Сосын жеңешеме де сәлем айтуды ұмытпа ия . Айтқандай алло ия папасы тоқтай тұршы , сен өзің маған қашан келесің , жалпы келесің ба өзі ? Өзім барайын десем жолға кеткен қаражатты мына қыздарыңа жұмсағаным жақсыма деп қоямын . Өзің айтшы не істейін кел десең келейін деп сызылады .

Әрине құндағында ұлы қолтығында тоқалы бар Оңтайдың оған қарап қалған күні жоқ . Ия жаным , қыстыгүні жол жүріп қайтесің , ақшаңды жолға емес өзіңе жұмсағаның дұрыс . Сен өзің өте ақылдысың бар ғой . Жан , жаңа жылда жақындап қалды ғой . Қыздарымның каникулы басталғанда бәрің бірге келерсіңдер деп бұл да безек қағады . Ортаншыға керегі осы емес пе , жаным өзіңді сағындым ғой , пендемін ғой дей келе ия ия бәрі дұрыс папасы , ұл әкесіне тартсын десе маңынан кетпеуі керек екен . Тағы да құтты болсын балапан Абылай деп барып сылқитады .

Міне осыдан соң Оңтайың тоңқая құлайды . Ал ортаншы тоқал ойнасын шақырып ойқасты бастайды . Мынаған шыныменде қарап отырсаң көшке ере алмай бүрсіп жүрген тек бәйбіше ғана . Бірақ бұл бейбақ қайтсін енді бұты жылып бойы балқымағалы қай заман . Нағыз қазақи қатын деп осыны айт . Сонда да жақ ашып сыңсып көрмеген . Онан басқасының бәрінің бүйрегі бүтін , бақайы бай . Қысқасы қайынжұртта айдан көп жатқан Оңтай әупірімдеп жүріп ұлды ауылға әкелді . Сондағы ойы ағайынды жинап ту жылқыны сойып ақсақалдардың ақ батасын алу болған . Бұл айдарлы ұл Абылайдың аяқ қолы жыбырлай бастаған кез . Сондай ақ желтоқсанның басы қара суықпен дүлей боранның басталғанда кезі 

Мұны естіген ортаншы тоқал да Алматыдан жеткен . Оның ғой көңілі той думан , өйткені әумесерін сипап сағынышын басатын маманы бар . Енді Оңтайыңда ештеңеден кенде емес . Мұныңда тақымға басатын өзінен жас сылқым сұлуы бар . Қараңқалғыр деп қурап , аш бұралып жүрген тек осында тұратын бәйбіше ғана . Қысқасы осылайша жылқы еті асылып ауылдағы мәдениет үйінде құран оқылды .

Оның соңы құрдастар жиналып ұрда жық ішу болып қараңғы түсе әрең тарқады . Ал қызып қалған Оңтай ағамыз болса үш қатынның арасынан таңдау жасады . Әрине кезек бәйбішенікі деп әупірімдеп жүріп үлкен үйге жетті . Алайда боранды күні боқ қыстайдының кебін киіп , бәйбішенің де қонақтары қабаттаса кетіпті . Мұны естігенде масаңсып отырған Оңтай ағамыз тұра қашты . Содан барып онсызда көңілі тоқ ортаншы тоқалды езіп салды . Осылайша бәйбіше байғұс тағы да құр қалды . Ал енді қызықтың көкесі ертесіне болды .

Кіші тоқал бақырып байбалам салды . Мынандай үйде тұрмаймын баламды ауыртып алсам не болады деп Оңтай ағамыздың "Djeep" көлігіне қарғыды . Оны қостап екінші жақтан қайын ене шықты . Қысқасы туған ауылында екі ақ күн жүрген ағамыз ауданға қайтып кетті . Бірақ кеткендеде жәй кетпей малшы жігіттерге он қоймен бір жылқыны сатып ортаншы тоқалға сосын жиырма қоймен тағы бір жылқының құнын соңымнан жеткізіңдер деп бұйырып кетті .

Осылайша қызықтың бәрін кезбелер көріп бәйбіше байғұс тағыда құр қалып іші өртенді . Содан тойдан қалған қызыл винодан сіміріп ортаншы тоқалға ағынан жарылды . Әрине екі қатынның өсегі қырық есекке жүк деген бар екеуара күбір - күбір басталды . Алайда қоймен жылқыдан келген жарты миллионды қалтаға басқан ортаншыда Алматыға тайып тұрды . Міне осыдан соң Оңтайға қара қазандай өкпелі бәйбіше көкпаршы Көбейді қайта шақырды .

Жалғасы бар...