Елімізде маусым , шілде айларында пневмония ( өкпе қабынуы) өршіп , эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Билік індетке ел медицинасының дайын болмағынын мойындады. Індеттен қайтыс болғандар саны артты.
 
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында ашылған провизорлық орталықтар жеткіліксіз болғандықтан , 2020- жыл шілде айының 3- і күні ,Маңғыстау облысы бойынша ең халқы көп аудан (161270 халық ) Мұнайлы ауданында , Маңғыстау - 5 елді мекенінде, Мұнайлы аудандық ауруханасына қарасты провизорлық орталық ашылды.
 
 
Бастапқыда 40- кереует болып ашылғанымен, орын саны жеткіліксіз болып тағы бірнеше кереует қосылды- дейді өз сөзінде провизорлық орталық меңгерушісі Кеңес Айсаұлы.
 
Меңгеруші дәрігер Кеңес Айсаұлы Айтымов : «Бастапқыда провизорлық орталық ашылғанда ешкім өз өмірін қауіпке тігіп, бала- шағасының өміріне алаңдап мұнда келгісі келген жоқ. Бастапқылардың бірі болып біз шықтық. Осы жердегілердің бәрі « біз бармасақ, басқа бармаса халықтың басына күн туған кезде кім барады »деп өз еріктерімен жиналған команда. Өз бойындағы қорқынышты жеңе білгендер.Біз жүрек қалауымызбен қолымыздан келген көмекті жасаймыз деп ешқандай қәуіп — қатерге қарамай осында келдік»- дейді .
 
 
Орталық ашылғанда науқастар өте көп болды. Үстімізден сорғалаған тер аяғымыздағы етікке құйылып , смен тапсырып етік шешкенде,аяғымыз ақ жем болып, етігімізден шыққан суға стакан толатын еді - дейді тәжірибелі мейірбике Зияда ( Зоя ) Уразбаева .
 
Ол күндер де артта қалды. Қазір күн кішкене болса да салқындады. Күн ұзағына науқастармен жағаласып жүріп, өзіміз әлсіреген кезде таза ауа жұтып бес минут демалғымыз келетін.Бірақ...ол кезде оған уақыт болмады. Біз үшін әр жанның тағдыры маңызды болды- деп сөзін сабақтады мейірбике.
 
 
 
 
Алғаш ешкім шықпағанда бала-шағаны Аллаға аманаттап, мен барамын деп шықтым- дейді провизорлық орталықтың мейірбикесі Алия Джаманова.
 
Үйге бармағаныма екі айдай болып қалды.Ватцап желісі арқылы видеочатпен бала -шағамен сөйлесіп тұрамыз.Оларға менде бәрі жақсы деп күліп тұрамыз,ал ішіміз жылап тұрады.Көз жасымды көрсетпей сүртіп аламыз. Бала -шағамды сағындым. Ата -анам , науқастардың алғыс айтқанын көріп көздеріне жас алды. Өйткені, олар да басында қарсы болған.Менің өмірім үшін қәуіптенген. Аллаға шүкір мұнда келген ешбіріміз ауырған жоқпыз. Мүмкін халықтың ықыласымен- ақ қуат алған болармыз...
 
 
Мұнайлы аудандық провизорлық орталығы ашылғанда 11- кислородтық концентратор, әр палатада кислород балон тұрды, дәрі -дәрмекпен толық қамтамасыз етілді- дейді провизорлық орталықтың меңгерушісі Кеңес Айсаұлы.Науқастарды емдеуде қиындықтар туындаған жоқ.Барлық мүмкіндіктер жасалды және қарастырылды, ашылғанына бір жарым ай болғанына қарамастан 300- дей науқас толық емделіп от басына оралды. Құдайға шүкір адам шығыны болған жоқ.
 
Пневмония(өкпе қабынуы) анықталған соң емделу этаптарынан өту керек. Көбі жақсы болдым, қызуым түсті - деп ем -шараларын бір -екі күн алады да тастап кетеді. Немесе мүлде алмайды. Қазақы ем жасайды.Пневмония өкпеде қалып қояды да, бір ай жүреді, екі ай жүреді.Тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлағасын кеп жатады. Ол жүйелі ем қабылдамағаннан.Емін толық алған соң өкпедегі қабыну жойылады -дейді дәрігер Кеңес Айсаұлы.
 
 
Сақадай сай болып өз еріктерімен келген дәрігерлер : Қарлыға Аманқосқызы Нұрқасымова, Рысгул Бақытжанқызы Құрмағазиеваның еңбектері ерекше.Олардың әрбірінің, әр науқас үшін төккен тері, бекерге кетпеді.Сауығып отбастарына оралғандар саны күн санап артып жатты.
 
 
Шынында да осы орталықта ем алып шыққандықтан дәрі -дәрмектер жеткілікті екенін өз көзімізбен көрдік. Медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым -қатынасы өте мәдениетті және этикаға сай екеніне көзіміз жетті.Тәртіп бар, қатал. Тыныс алу аппараттары жеткілікті. Үш мезгіл ас ауқатын Мұнайлы аудандық ауруханасымен келісім шартқа отырған ,Мұнайлы ауданындағы мейрамхана «Жеңіс» қамтамасыз етеді .Тамақтары  өте дәмді және талапқа сай.
 
Осының бәрі жауапты басшы Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының  директор міндетін атқарушы Досжанова Жанар Есенғалиевнаның ұйымдастырушылық қабілетініңнің мықтылығын көрсетеді.
 
 
Осы орталықта науқастарға қызмет етіп жүрген  мейірбикелері : Нұржамал Қойбағарова, Зоя Уразбаева, Алия Джаманова, Ақманар Түйежаева, Джолдасбаев Оразбек(медбрат), Есмаханбетова Дана ,кіші сестра қызметкері Баян Қайырова, Каримбаева Гүлнара,Ургенічбаева Ұлмекен, санитар болып тәжірибе жинап науқастарға көмектесіп жүрген Жұмаділов Дидар, Бақсиық Нұрбек , Сағынаев Ербол болашақ дәрігерлер.Олардың әрбірінің еңбектері орасан.
 
 
Мұнайлы аудандық провизорлық орталығы«Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 20.08.2020 жылғы №300 «Облыс көлеміндегі Covid-19 бойынша қызмет көрсететін стационарлардағы кереует орындарына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес,20-шы тамыздан бастап науқастарды қабылдауды тоқтатты.
 
 
Кеше тамыз айының 23- де Мұнайлы аудандық провизорлық орталығы науқас санының азаюына байланысты және қазан айында болатын екінші толқынға дайындық шараларын жүргізу мақсатында өз жұмысын тоқтатты.
 
Облыста аурушаңдық деңгейі 70%-дан асқан жағдайда қайта іске қосылатын болады.
                                                                                               
                                                                                                   Айсұлу Кеңесбай
                el24.kz