Соңғы кезде менің өмірімде шытырман оқиғалар тым жиілеп кетті. Бір себептерге байланысты жұмыстан шығып кетіп, әйелімнің туыстарының арқасында тағы бір жұмысқа орналастым. Онда жүргізуші болып қызмет етіп жүріп, ойламаған жерден сонда жұмыс істейтін бір қызға ессіз ғашық болдым. Сезім шіркінді тежеп тастау өте қиын екен, не істерімді білмей басым қатып кетті. Мұндай жағдайдан қалай шығу керек, қандай ақыл-кеңес айтасыздар? Осыны білу үшін «Алаш айнасына» іштегі жан сырымды ақтарғым келді.

Мен Қарағанды облысының шағын қалаларының бірінде тұрамын. Үйленгенмін, бір ұл, бір қызым бар. Әйеліміз екеуміз сүйіп қосылдық, жеке отау құрып, үйлі болдық. Басшылықпен түсінісе алмай жап-жақсы істеп жүрген жұмысымнан бір күнде айрылып қалдым.

 Әйел адам үйде отыра бергесін кәдімгідей басылып, жүнжіп кетеді екен. Күйеуіңнің алдында да қадірің аса болмайды. Әкелгенін қанағат тұтып, ұқсатып отырмын-ақ. «Декреттен» кейін сегіз жыл өтсе де әлі жұмысқа шыққан емеспін.

Әбден жалықтым

Күйеуіммен ақылдасып, таныс арқылы ақыры бір жұмысқа шықтыму. Кәдімгідей еңсем тіктеліп, бойымды түзеп алдым.

Әуестік пе, ақымақтық па? Қалтадағы ақша ма? Өмірдің өзім біле бермейтін бір қырын қызықтағым келді де, «Жас сұлу жоғары ақылы қызметке дайын», – деген жарнамадағы телефон нөмерін тере қойдым.

Ар жағынан: «үйде қабылдаймын» деген соң, мекен-жайын біліп алдым да тарттым. Қалай барғанымды, қалай қабылдағанын айтып жатудың қажеті жоқ, жұрт айта беретін қызықты көрдім. Құмардан шықтым. Ару десе – ару, сұлу десе – сұлу. Кәсібін жетік білетіннің нақ өзі. Жап-жас болып соның бәрін қайдан үйренгеніне таң қаласың. Оның бәрін порнофильмдерден үйренгенін жасырмайды. Ол ол ма, нақ әртістей образға еніп, он екі мүшеңді балқытпай қоймайтындай дәрежеде орындайды.

 

Әлеуметтік желіде жарияланған осы бір мақаланы оқып отырып, көзіме жас алдым. Өйткені төмендегі жай менің де басымнан өткен. Үйлене салып, ажырасқан жандардың бірі менмін.

Қайтейін, тағдыр солай болды. «Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген сол екен. Бір жыл дос болып, етегін көтермей сыйлап келген сүйіктім үйленген түндегі неке төсегінде ғана кездескенде «қыз» болмай шықты. Не істерімді білмедім. Сол түні-ақ оны қуып жібергім келген. Бірақ әке-шешемнің, туғандарымның , дос-жаранның алдында ұятты болғым келмеді. Бір жағынан өзімді, бір жағынан туғандарымның масқарасын шығармайын дедім. Бірақ апта өтпей ажырастық.

 

АУЫЗДАНДЫРУ

Марат екеуіміздің отандасқанымызға биыл он бесінші жыл. Мен оның үшінші некедегі әйелі болсам, ол менің екінші күйеуім. Менің бұрынғы күйеуімнен бір ұл, ортақ некеден бір ұл, бір қызымыз бар. Маратта бірінші әйелінен бір қызы бар, ол біздерге кейде келіп тұрады. Жалпы мұсылман әйелдерінде алғашқы некелерінен жолы болмаса, «әйел қырық шырақты» дегенмен, ажырасқан әйелдердің екінші рет тұрмыс құрып, бақытты болуы некен-саяқ. Бірақ, құдайға шүкір, мен Маратты кездестіргелі тағдырға өкпем жоқ, өзімді бақыттымын деп санаймын, асып-тасып бара жатпасам да, біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз.

Бірінші күйеуім жаман жігіт болмағанмен, арақпен ажырамас дос еді, сау жүретін кезі болмайтын, арақ өтіп кеткен ауру болатын, екі жыл тұрмай жатып ажырасып кеттік. Маратпен қосылғанда менің ажырасқаныма екі жылға таяу уақыт өткен. Екеумізді таныстырған Майра.