Жасың отыз бестен асқан соң барлық дос-жаран, туған-туыс жалғыздығыңа түсіністікпен қарап, кей жерінде аяушылықпен жұбату да айтып қалады, шамасы есейген сайын адамның күту сезімі күштірек болады дейді, ішімдік сияқты сапасы мен бағасы өседі деседі. Бірақ олардікі рас: жасың ұлғайған сайын шыдамың да еселене береді. 
Күте алмағандықтан өмірде көптеген қиындық туындап жатады. Төзуге келгенде – біздің әйелдер шектен шыға төзгіш, олардың үздіксіз кешірімді болуы жағдайды ушықтырады, ал күту – өте маңызды. Бастық жұмысыңа қатысты сын айтқанда, дереу бұрқылдай жөнелме.

Байқаймын, қазіргі заманда отбасылардың арасындағы жанжалға негізінен бір-бірінің көзіне шөп салулары себеп болып жатады. Өзінің жары, отбасы бола тұра ерлер де, әйелдерде оңды-солды қыдыруын, басқаларға көз салуын қоймайды. Сондықтан да көптеген шаңырақ ортасына түсіп жатады.  Менің бар мақсатым, адамдар өздерінің ақ некелі жарына адал болса екен, ойланса екен деген ой.

Жолдасым менен 5 жас үлкен. Алғаш отау құрған кезімізде ол 25 жастағы жігіт еді. Қазір біздің бірге түтін түтетіп келе жатқанымызға 5 жылдан асты. Осы 5 жылда не көрмедім, қалай қорланбадым десеңізші. 

Баламызды бағатын «нянька» келіншек көңілдесіме айналады деген – үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін еді. Бірақ солай болды.

Мен — жасым келген еркекпін. Бірінші әйеліммен дәм-тұзым жараспай, екінші рет үйлендім. Әйелім жуас, біртоға адам. Қақ-соғы жоқ, тыныш. Арада жыл өтпей кішкентайымыз дүниеге келді. Мен жұмыста. Әйелім бала бағып, бір жарым жыл үйде отырды. Әлі де отыра беруге болар еді, бірақ қазіргі қиын заман қойсын ба? Ақша керек. Күнкөріс керек. Менің айына бір рет алатын айлығым қай жыртықты жамасын? Ақыры әйелім де жұмысқа шығатын болып шешті.


Өмірде адам басына не келіп-кетпес? Кейде шыңға шығасың, кейде етекке құлдилайсың. Бірде сен – өзгелер үшін күнсің, ал кейде берерің таусылады, құмыраң бос қалғанын сезесің. Кейде сөзің мен ісің қабысып жатады.

Ал кейде – бір қателіктің үстіне екіншісін жамап аласың. Кейде – шектен шыға өзімшілсің, біраздан соң – иіліп жастық, жайылып төсек боп құрдай жорғалайсың. Әр адамның синусоиды әр түрлі – амплитудасы ойнамалы.

Көрші Викторды жақсы білемін. Жасы жетпіске таяп қалса да қырықтағы жігіттей қутыңдап жүргені.

 Жас кезінде спортпен айнылысқан шығар деп ойлап қоятынмын. Сөйтсем, басқа екен.

Оны өзі айтты. Бірде жексені күні далада темекі тартып тұр едім, «Сосед, жүр кішкене ұрттайық», деп жабыса кеткен. Жалпы, екеуіміз жаман араласпаймыз. Мейрам кездерінде біріміздің үйімізге біріміз кіріп, құттықтап жататын әдетіміз бар. Виктордың ара-тұра ұрттап алатыны бар. Өлмелі кемпірі бар. Үнемі төсек тартып, ауырып жатады. Бірақ оны ойлап жүрген Виктор жоқ. Қашан көрсең де көлігін мініп, темекісін будақтатып бір жаққа кетіп бара жатады. Үнемі көңілді. Соған қарап, «ұпайы түгел-ау бұл иттің» деп ойлап қоямын.