- Подробности
- Категория: Сырласу
Есімін құпия сақтаған әйелдің айтуынша, екеуі жарасымды жұп екен. Көршісі Қ. есімді азамат вахтада жұмыс істейді. Отбасы қамы үшін түзде еңбек етіп, нәпақа тауып жүр.
Көршісінің әйелін өзгемен көрген әйел мұңын шағып, Instagram әлеуметтік желісіндегі «Әйел құпиясы» парақшасына хат жолдады.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сәлеметсіздерме "Сырласу" !
Мен колледж студентімін, жасым 17де. Менің анаммен қарым- қатынасым нашарлау. Анамды құшақтамағанмын, бір бірімізге жылы сөз айтпағанбыз, ешқашан сырласпағанбыз. Анам өзі тас жүрек адам.
Мені 19 жасында туған, туған сон 1 жылға жетпей əкем ауырып қайтыс болған. Мүмкін анамның жүрегі тас болып қатып қалуынына əкеммен армандаған бақытты отбасын құралмай қалғаны себеп болған шығар.Әйтеуір ана махаббатын сезіне алмадым.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Елу жыл отассаңыз да оны бес саусағыңыздай біліп алмағаныңызға мен кепіл.
Әйел – қашанда әйел. Яғни, жұмбағы көп дегенім ғой. Елу жыл отассаңыз да оны бес саусағыңыздай біліп алмағаныңызға мен кепіл.
Ал әйеліңіздің сіз туралы бүге-шігеңіз, қуыс-түкпіріңізге дейін біліп алса, тіптен таңғалмаймын. Өзі сұрақ қойып тұрып күйеуінің не жауап берерін алдын ала біліп тұратын әйелдер бар. Жә, оны қоя тұралық. Біздің тақырыбымыз да, қозғайтынымыз да басқа. Мамандардың (яғни, зерттегендердің) айтуынша, әйелдің басым бөлігі төсекте болып жатқан «шаруа» туралы емес, мүлде басқаны ойлап жататын көрінеді. Сол сияқты, әйелдің барлығы да әрқашан төсекке бүтіндей беріліп, сана-сезімімен кірісіп кетпейді екен. Қысқасы, бірде олай, бірде бұлай.
- Подробности
- Категория: Сырласу
«Бақытты отбасы болу, бала сүйіп, ұрпақ жалғастыру менің де арманым еді. Амал қанша, оған қол жеткізе алмадым». Моншаға бірге түсіп жатқан бейтаныс еркек әңгімесін осылай бастады.
«Міне, үйленгеніме он жыл болды. Бірақ бір шыр еткен көре алмадық. Кінә кімнен? Мен бе, әлде әйелім бе? Білмедім. Өзімше ойлаймын, менмін деп. Өйткені төсекте өте әлсізбін. Ұлы мүшем жөнді істемейді. Әрине, оны жеген тамақтан, я болмаса суық тигізгеннен деп айта алмаймын. Кінә басқада ма деймін.
- Подробности
- Категория: Сырласу
Менің есімім – Айымгүл, үстіміздегі жылы отыз жастан астым. Құдайға шүкір, өзімнің отбасым бар, бауырымда балаларым өсіп келеді. Әрине, біреудің отбасында несі бар, қанша жерден бірге туған бауыры болса да деп сөкпейтін шығарсыздар.
Өйткені, біз ағамызбен араласамыз, жиын-тойларда бірге боламыз. Сонда ағамыздың мәнсіз-мағынасыз сөздерін көргенде жүйкең еріксізден жұқарып кетеді. Еріксізден тілімізді тістеп қаламыз. Оның барлығына кінәлі – жеңгеміз.
Страница 34 из 95