Есімім- Дəурен.
Жігітшілік дəуренмен жүріп, көп қызыққа баттым. Өзім бір үйдің жалғызымын. Содан кейін  мал мен мүлік менің жолымда судай шашылды. Мен сүйген қыз көп болмады. Бірақ, көңіл көтерген қыздардың көп болғаны да рас. Өзімнің түріне сендім. Əке-шешемнің мал-мүлкіне иек арттым. Дегенмен, бір қыздың қатты  көз жасына қалдым білемін. Бір сəттік қызық үшін жасаған сол əрекетім үшін өмір бақи өкінемін.
Айдана, мені кешір!  Мойындаймын. Күнəлімін.

Айдана - туғаннан денсаулығы жоқ болатын. Сұлулығы мен аңғалдығымен талай жігіттің жүрегіне шоқ салған. Ол маған ессіз ғашық еді. Менің оған деген ешбір сезімім жоқ болса да, онымен бір рет қана жақындасқым келді.
Оның болмысының нəзіктігін, маған деген ақ сезімін аяқ асты еттім. Ол күнге де жеттім. Сосын Айдананы мүлдем көрмедім. Оның сол жағдайдан соң жүйкесі сыр беріп, ауруханаға  түсіпті.   Айданадан ұлым бар көрінеді. Əке-шешем - менен теріс айналған. Əр қалада бір тұрамын. Қайда барсам да,Айданамен кездесіп қалардай күйдемін.
Көз жасы жібермегені шығар, төрт рет шаңырақ көтердім. Төрттеуінен де  бір тал ұрпақ сүймедім. Ішім  соны ойласам, еріксіз өртенеді.

Баннер 2 поз