Фериде Аслан.
Жатпыз...
Таныспыз жай ғана.
Бөтенбіз...
Өткенді білер ай ғана.
Мені неге шақырдың,
өткенің едім ғой кешегі.

Сатқындық етпе жақыным,
Сенсіз де сатқандар жетеді.
Əлі де жазылмаған жарамды,
Тырнауға дəтің жеткені қалай?
Тани алмай қалдым ағамды,
бір кезде жаныма төккен арай.
Мен ұмыттым дегем жоқ,
сен ұмыттыға санадың тек.
Дəл бүгін кеудемдегі сол шоқ,
жалғыз мені  күйдірмек.
Келгім келмеген бұл жаққа,
Берлинге бауыр басқан ем.
Сен шақырған соң бұл жаққа,
құстай боп елге ұшқан ем.
Мені неге шақырдың,
атасқан күні ақымақ.
Кейпін көрдің ақынның,
себепсіз қалатын  жылап.
Сағыныш жаныңды жеді-ау,
Тым алысқа кеткен соң жырақ.
Ұмытқын...
Жақындаймын  тұрғанында ақыл сау,
сенің де мені мазаламағаның жөн бірақ.

                

                           Мейірхан Мейрамбекұлы 

Аударма тікелей брайль әліппесінен "el24.kz" аударма бөлімінің тапсырысымен аударылды

Баннер 2 поз