Қатты  соққан  боранда,жел  ұшырған екі қыз  жол бойындағы талдан ұстап қалуға  тырысқан.Оны көлік ішінде отырған жігіттер видеоға түсіріп және музыка жүктеп әлеуметтік желіге таратып жіберген.

     Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі   Арман Тұрлыбеков инста парақшасында қыздарға көмектеспей желіге жүктегендерге сын айтып,қала тұрғындарын  қатты желден жүре алмағандарға, тоқтап қалған көлік болса көмектесіп,бір –біріне мейірімді болуға шақырды.

     Естеріңізге сала кетсек,кеше ауа -райының қолайсыздығына байланысты, Астана қаласы әкімі  Әсет Исекешевтің шешімімен,төтенше жағдай жарияланған болатын.{jcomments on}