София Марсель 
Аударма Денис Теннің рухына арналады
 
Қу дүниеге арбалып,
өтірікпен жан бағып.
Жиіркеніш сыйлап жүрекке,
өтер пенде сандалып.
Ұрлыққа əбден дəнігіп,
дүниеге кеткен табынып.
 
Бос біреулерге жағынып,
кірленіп бітсе жан тұнық.
Адамның тірідей өлгені,
тұрған от жүрегі соғып.
 
Ардан аттап барады,
жасқанбастан жанары.
Санасы төмен соншама,
Хақтан жоқ-ау хабары.
 
Адамның білмей қадірін,
көңілге түсірер кірбің.
Қарын тойдыруға арнайтын,
адамдарға таңмын  күнін.
 
Қарын қамынан аспаған,
байлыққа бəрін айырбастаған.
Адасып кетті-ау адамзат,
арсыздыққа аяқ баспаған.
 
Адасып кетті-ау жас балаң,
ақшаны əн қып жаттаған.
Батыр бабама қайранмын,
ешқашан арын сатпаған.
 
Есте жүрсін мəңгілік,
жадымызда жаңғырып.
Ардан өзгесін адамзат,
ұстамаған ту қылып.
 
Француз тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы