Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты "Алинұр" балабақшасында "Наурыз келді, құт келді" атты, наурыз мерекесіне арналған кеш өтті,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі
Кештің мақсаты салт- дәстүрімізді ұлағаттап, балаларға тәрбие- өнеге беру.
Жас та болса балабақша меңгерушісі Мөлдір Өтепова Ілесбайқызы ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін көрсетті.
Бүлдіршіндерге ұлттық салт- дәстүрімізді,үйретіп,тәрбие негізі ретінде ұсына білген.
Кимешек, қазақы камзол киген ұжымдастар, наурыз келгенде жасы үлкенге, жасы кіші көрісіп келіп, үлкендер "жылдан- жылға аман сау жете берейік" деп батасын беріп отырғаны көрсетіледі. Сонымен бірге шашу шашылып, дастархан басына отырғанда қолға су алған балаға" өркенің өссін" деп тілек айтып, "батамен ер көгерер" дегендей бата алған өскелең ұрпақтың жолы әрқашан ашық болатынын тәрбиесімен көрсетіп тұр.
Наурыз көже мен асылған еттен дәм татқан үлкендер, жас келінге табақ алу рәсімін жасатып,"өніп- өс" деп бата берді.
Мұның бәрі өскелең ұрпаққа,ұлтымыздың салт- дәстүрін,тәрбие құралы ретінде көрсетіп дәріптеу. Осындай салтымызды көріп өскен ұрпақ,ертең қағанағынан жерімей нағыз елін сүйген азамат болып шығары күмәнсіз!