Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қанағаттандырды-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

 Бұл бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда 10 құрылтайшымен, оның ішінде Қайрат Перизаттың қатысуымен тіркелген болатын.

Алайда, қылмыстық істі тергеу барысында жүргізілген қолжазба сараптамасы нәтижесінде, құрылтайшылардың 9-ының атынан құжаттарға Қайрат Перизаттың өзі қол қойғаны анықталды. Осыған байланысты, сот заңды тұлғаны құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарды ескере отырып,"Biz birgemiz Qazaqstan 2030"қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.