30 наурыз, 2018. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақысын аударды.
   Мәдениет және спорт министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Министрлік су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге қосыла отырып Шығыс Қазақстан облысындағы зардап шеккен аудандарына 1 жарым миллион теңге аударды.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В050400-журналистика мамандығы бойынша студенттер арасындағы пән олимпиадасы мәреге тақап келеді.

Кеше кешкісін олимпиадаға қатысушылар оқу орнының тарихи мұражайын аралап көрді. Мұнда университет тынысын танытатын тарихи жәдігерлермен қатар, осы оқу орнының қалыптасуына еңбек сіңірген айтулы азаматтардың дерекнамалары көрініс тапқан. Әсіресе, түрлі жылдардағы жылнамалық материалдар студенттер қызығушылығын туғызды.

Ұлттық палатада қоғамдық жерлердегі қауіпсіздік шаралары талқыға салынды

29 наурыз күні «Атамекен» алаңында бейне байланыс арқылы Ұлттық палата ұсынған «Тұтынушылардың құқығын қорғау саласын дамыту арқылы қоғамдық бақылауды күшейту» бастамасына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қазақстанның ірі сауда–ойын-сауық орталықтарының өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті қатысты.

Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында Алматы облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда облыс әкімі Амандық Баталов кеңес мүшелерінің алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2017 жылдың қорытындылары жайлы баяндаған облыс әкімі А. Баталов 2017 жылы облыстың барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері табысты іске асырылғанын атап өтті. Экономика өсімі 2,7%-ды (РК – 104%) құрап, меншікті кіріс 24%-ға өскен. 527 млрд. теңге инвестиция тартылды, 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға (ҚР – 4,9%) төмендеген. Өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2,9% өсіммен 750 млрд. теңгеден асты.

Қырғызстанда базарда ер адам ес-түссіз жатқан қызды зорлап жатқан видео таралды

Желіде ер адам жолда жатқан қызды зорлап жатқаны түсірілген видео таралды
Қырғызстанның құқық қорғаушылары жолда ес-түссіз жатқан қыздың зорланғаны көрініс тапқан видеоның қайда түсірілгенін анықтап жатыр. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан агенттігі Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз хатшысы Әділ Омаровқа сілтеме жасап хабарлады.