Жаңа жыл Кеңес дәуірінде

     Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталинніңбұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.[1]

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов КСРО ордендерінің үш дүркін кавалері, еңбек ардагері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауованы және Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің кавалері, мәдениет қайраткері Егеубек Далбағаевты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Алматы облысының Құрметті азаматтары қатарындағы қос ардагерге жаңа жылдық сыйлықтар мен гүл шоқтарын берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еңбек ардагерлеріне арнаған құттықтау сөзінде А. Баталов олардың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатынын жеткізді.

 Бүгін Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Бұл аталмыш бағдарлама үшін арнайы ашылып отырған республикадағы тұңғыш орталық. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі А. Баталов, ардагерлер, Ассамблея мүшелері, қала жұртшылығы қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Рухани жаңғыру» орталығының ашылуында сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов:

- 2017 жыл Жетісу өңірі үшін үлкен жаңалықтарға, маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жетістіктеріміз, шыққан биігіміз – Елбасының сарабдал саясаты мен Қазақстан халқының бірлігінің нәтижесі. Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі және нақты бағытын көрсететін маңызды құжат. Біз облысымызда атқарылатын істерді нақтылап алу мақсатында ел ағаларымен кездесіп, пікір алыстық. Маңызы зор құжатты іске асыру үшін «Жастар» паркінде орналасқан ғимаратта «Рухани жаңғыру орталығын» ашуды дұрыс деп санадық. Жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады, - деді өз сөзінде.

 Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов биылғы жылы үлкен жетістікке жеткен, айтулы шараларда жас жүлдеге ие болған жас дарындарды қабылдады. Олардың қатарында мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, халықаралық «Рух», «Алтын домбыра», «Мен қазақпын» және басқа да байқаулардың жеңімпаздары бар - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өңір басшысы облыста жыл ішінде атқарылған шаралар, қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы айтып берді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысына тоқталып өтті.

 Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы дүниежүзінің ақын және жазушыларын қоғамдағы жоғары жетістіктері үшін «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017 ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлықпен марапаттағанын жариялайды. Сыйлық алғандардың қатарында Кав Сильвано Бортолаззи (Италия), Димитрис П.Краниотис (Грекия), Мухаммад Шаназар (Пәкістан), Джернаил Ананд Сингх (Үндістан), Джагдиш Пракаш (Үндістан), Керолине Назарено Габис (Филиппин), Джордж Онси (Мысыр), Тересина Перейра (Бразилия), Аргон Шеле (Албания), Д-р Ланка Шива Рама Прасад (Үндістан), Д-р Эжил Вендхан (Үндістан), Аюб Хабар (Пәкістан), Сунита Паул (Үндістан), Д-р Мохамед Натур Белхадж Халифа (Тунис), Д-р Толана Ашок Чакраварти (Үндістан), Любомир Михальковский (Македония), Анвер Гани (Ирак), Джетон Келмеді (Бельгия),Мэнд-Ооео Гомбожав (Моңғолия), Мадан Ганди (Үндістан), Дев Бхардвадж (Үндістан), Д-р Перугу Рамакришна (Үндістан), Шивпутра Канаде (Үндістан).