Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған «Қамқор» акциясы болып өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған қайырымдылық акцияның мақсаты сұрапыл соғыс жылдары қиыншылықтарды қайыспай көтерген, елдің қамал-қорғаны болған ардагерлерді қадірлеу, жас ұрпаққа олардың ерен ерлігін паш ету болып табылады.

Маңызы жоғары акцияға облыстық этномәдени бірлестіктің белсенділері, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысты.

Акция ұйымдастырушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Любовь Колесник, Абдрахман Батиков пен тыл ардагерлері Зинаида Крыкова, Сабиля Мухамедшина, Ге Хак Рим, Михаил Шегайдың үйіне барып, сый-сияпат жасап, қарияларға мереке қарсаңында көңілді күй сыйлады. Айта кету керек, құрметке бөленген асыл жандардың ең жасы – 91 де болса, ең үлкені – 94 жаста.

«Қамқор» акциясына мектеп оқушылар да қатысып, қадірлі де құрметті ардагерлерге өз өнерлерін көрсетті.

 

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі