Соғыс жайлы әңгіме тыңдап па едің?

Мен соғыс жайлы айтсам,сен күлесің,
Жаңылтпақ ойың бар ма,елдің есін,
Інішек-ау,мынаны айтшы маған
Тыңдап па едің атаңның әңгімесін?

Бәрін де шығар дейсің естен бүгін,
Шу шығарма,жарығым көштен бұрын.
Ұмытуға бола ма,бабалардың
Майданда шайқасып от кешкен күнін?

Қан майданнан қайтпады небір заңғар,
Арбаға мүгедек боп таңылған бар,
Сұрапыл сұм соғысты көріп келген
Сен үшін ақымақ па,Бауыржандар?!

Соғыс біздікі емес деп малданасың,
Ерлер қалай өз елін қорғамасын,
Сен үшін әуейі ме сонда аналар
Соғысқа аттандырған бар баласын?!

Егістікте қаншама күн өлетін?
Қамшылап жас балалар жігер отын.
Жарымай отырса да ішіп -жемге
Соғысқа бар астығын жіберетін.

Тарихты ұмытқанды қайда көрдің,
Пиғылын жасамашы жалған ердің.
Айтшы маған,тыңдап па едің әңгімесін
Соғысты көріп қайтқан ардагердің?!

Қаншама зобалаңнан өтті елім?
Қазағым ұмытпаған тектілерін.
Сол текті бабалардың ұрпақтары
Енді соғыс көрмесін деп тіледім!!!