Бабамыздан қалған асыл мұрамызды насихаттап, келер ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Осы орайда әлеуметтік желіде сүйікті аспабымыз ДОМБЫРАНЫ халыққа тегін үйретуді қолға алдық.
Мына әлеуметтік желілерден сіз домбыраны игеріп, құлақ бұрауын келтіріп, ән-күй ойнап үйрене аласыз.

2018 жылы көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл мөлшері азайды.Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жиырмадан аса айыппұл түрін кеміту бойынша жарлыққа қол қойды

Жаңа жыл Кеңес дәуірінде

     Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталинніңбұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.[1]

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов КСРО ордендерінің үш дүркін кавалері, еңбек ардагері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауованы және Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің кавалері, мәдениет қайраткері Егеубек Далбағаевты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Алматы облысының Құрметті азаматтары қатарындағы қос ардагерге жаңа жылдық сыйлықтар мен гүл шоқтарын берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еңбек ардагерлеріне арнаған құттықтау сөзінде А. Баталов олардың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатынын жеткізді.

 Бүгін Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Бұл аталмыш бағдарлама үшін арнайы ашылып отырған республикадағы тұңғыш орталық. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі А. Баталов, ардагерлер, Ассамблея мүшелері, қала жұртшылығы қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Рухани жаңғыру» орталығының ашылуында сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов:

- 2017 жыл Жетісу өңірі үшін үлкен жаңалықтарға, маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жетістіктеріміз, шыққан биігіміз – Елбасының сарабдал саясаты мен Қазақстан халқының бірлігінің нәтижесі. Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі және нақты бағытын көрсететін маңызды құжат. Біз облысымызда атқарылатын істерді нақтылап алу мақсатында ел ағаларымен кездесіп, пікір алыстық. Маңызы зор құжатты іске асыру үшін «Жастар» паркінде орналасқан ғимаратта «Рухани жаңғыру орталығын» ашуды дұрыс деп санадық. Жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады, - деді өз сөзінде.