+18

Ғани Әлихан

 Болған оқиға желісімен....

Бұл кезде менің жаңа бөлімшеге барғаныма алты ай болған еді.Үйден кеткеніме жылға жақындап қалған кез.Ауылдағы шешемнен алғаш рет хат келді. Амансың ба құлыным ?-деп басталған хат “көріскенше күн жақсы балам “-деп аяқталыпты.Шешемнің сауат ашпағанын білем ғой, бұл хатты бауырларымның бірі анамның айтуымен жазғанын ішім сезіп тұрды.

Тек хат арасында : “Балам сұрапыл соғыс біраз азаматтарымызды алып кетті ғой байсыз қалған қатындардың қасында қалып кетпеші ,ұзын шұбақ келеңсіз түстер көрдім”- деп жазыпты.Көзіме жас үйіріліп кетті. Ауылға деген сағынышымды басалмай өксіп жылап жібердім. Көңілім құлазығанда сырымды айтып мауқымды басатыным сол Татюшам болатын, соған қарай тұра  жүгірдім.Бұл кезде екеуміздің арамыз жақындай түскеніне алты айдың жүзі болып қалғанды.Татюшам болса, күннен -күнге құлпырып толықсып көрікті боп көріне берді. Мен де болса ол тек қана менікі деген ой пайда болып қызғанатынды шығардым.Қызғанышым сонша тіпті оны өз байы өзімнің командирімнен де қызғанатынды шығардым.Кейде командиріммен терезем тең дəрежеде сөйлесетін болдым.Татюшаға кəдімгі қазақы менталитетіме басып бұйыра сөйлеп ,дауысымды көтеріп тіпті жекіп тастайтын болдым.Иттен де, биттен де қызғана бердім.Бөлімшеден өз еркіммен шығып кез -келген уақытта кіріп келетінді шығардым. Командирім бөлім кезекшесі болған түні, күнімен -түнімен қасында жатып қалатынды шығардым.Қатты өзгердім ,өзгергенде де өзімді -өзім танымайтындай дəрежеде өзгердім.Ал Татюшам болса менің көңіл-күйіме қарап еркелейтін болды,кейде итеріп жіберетінмін.Тау халқы дегенге қатты қорықса керек ,кейде екі көзі жəудіреп айтқысы келгенін айтуға баталмай тұрғанын сезетінмін.Осылай күндер өтіп жатты. 
Бір күні күнделікті əдетіме басып тал түсте жетіп келдім.Қарасам сым көтерген екі солдат Татюшамның үйіне емін- еркін кіріп шығып жүр.Қаным басыма шауып ақырып ішке кірдім. Не боп қалды-деп алдымнан күлімдей шыққан Татюшаны шапалақпен бір ұрып мұрттай ұшырдым. Əлгі екі солдат болса тұра қашты. Арадан бес минут өтпей командирім жетіп келді .Даудың қызғаныштан басталғанын біліп тергеу бастады.

-Не болды?- деп Татюшадан сұрады үн жоқ ,менен сұрады үн жоқ. Еркектің аты еркек қой қысқа да нұсқағып тұрып Татюшаға сөйледі. Саған соңғы рет ескертуім болсын, мына азияттан басқаға көз салушы болма !-деді де жөніне кетті.Ал əлгі екеуі болса командирімнің үйіне байланыс телефонын орнатуға келген солдаттар екен.Əбиүір болғанда біздің бөлімшеден емес ,басқа бөлімшеден болып, бұл жолы аман қалдым.Осылайша зулап күндер өтіп жатты.Орыстың көзі көк, сары шаш сылқымын құшағыма басып мен жүре бердім .Сөйтіп жүргенде 1952-ші жылдың жазы келді.
Бір күні командирдің “тез жет! “дегеніне үйге асықтым.Жетіп келген мені күліп тұрып екеуі бірдей қарсы алғанына таң қалдым.Стол басына барын қойыпты.Графин толған  самогоны тағы бар.Командирім маған самогон  кружканы ұсынып тұрып :

- Ал қанекей азият !Мені құттықтап жібер де ,жүз граммды тартып сал, менің Татюшам екіқабат -демесі бар ма?Аузыма сөз түспей қалды.

-Менікі несі ?- деп тағы таң қалдым.Ішімді ашу кернеп қызғаныштан жарылуға шақ қалдым.Сенікі емес ,менікі деп айтқым келді. Бірақ сол сəт батылым жетпеді. Үнсіз тұрдым да кружкадағы самогонды тартып жібердім. Менен тост күткен командирім таң қалғанын байқадым. Мен болсам орнымнан қайта тұрдым да :

- Бала менікі !- деп кесіп айттым.Оған ешкімнің күмəні болмауы керек- деп тағы қосып қойдым. Сөзге Танюша араласа бастады .

- Сен жап аузыңды !-деп оған ақырдым, менің мінезімді білетін Танюшамның сол мезетте үні өшті. Ал командирім болса столға сұлық түсіп отыра кетті. Командирімнің көзінен көзімді алмаған күйі мен де отыра кеттім. Мұны түсінген Танюша күйеуінің басын сипап, жақсы сөздің бəрін айтып жұбата бастады. Оны көріп менің ашуым басқа шапты, екі көзім қанталап кетті .Қызғанышым кеңірдегіме тіреліп орнымнан тұрдымда шығып жүре бердім.....

   Сол кеткеннен мол кетіп апта бармай жүрдім.Көңілім құлазып тамаққа тəбетім болмай, өзіммен өзім сенделіп жүрдім де қойдым.Жапанда жалғыз қалған жетімнің күйін кештім.Сол бір апта маған бір жылдай көрінді.Ойлап отырып ұшып тұрдым да жүгіре жөнелдім.Ағаш баспалдақты тасырлатып шықтым да есікті ұра бастадым.
Ішкі жақтан жүгіріп келе жатқан Татюшамның аяқ сыбысын естідім.Есікті ашып ішке тартып алды да, мойныма асыла кетті.Сағынып қалыппын құшағымнан босатқым келмеді.Бұл күні Татюшам толықсып өте сұлуланып кеткен еді.Қиыла күлімдеп қараған көздерін айтсайшы.Көк көз ,сары шашты, ұзын бойлы осы келіншекке қараған үстіне қарай бергім келді.....
Командир шақырып жатыр дегенге жетіп келдім де, бұрынғы əдетіме басып есік қақпай кіріп бардым. “Солдат шық!” деп саңқ ете қалды. Есіктен шығып отыра кеттім.Ойым жан- жаққа кетіп мазам қаша бастады. Менің командирімнің шені майор, ал анау отырған еңгезердей орыс полковник əрі киімдері де басқаша .Жан алғыш жендетке ұқсайды. Осы командирімді құртса екен деп таяз ойға баттым. Алайда командирім кетсе, өзімнің ешкімге қажетсіз боп қалатынымды білмеген едім. Осылай өз ойыммен өзім арпалысып отырғанда есік ашылып, полковник шықты соңынан командирім ілесе шықты. Екеуі төмен қарай түсе бастады . Кенет əлгі полковник тоқтап маған қарай мойын бұрып тесіле қарады. Не деген көзі өткір еді,басымды төмен түсіріп қаттым да қалдым .Тыныштықты командирім бұзды :машинаны от алдыр да алып кел ,біз жол жүреміз ,Татюшаны госпитальға алып кетті.Мен сонда барып келемін- деді. Машинамды əкеп кілтін ұстата салдым.Алаңдама бəрі жақсы толғағы ұстап сонда кетті ,аман сау келген соң, екеуміз жеке сөйлесеміз-деп жүріп кетті де ,бізден жүз метрдей əрі де тұрған полковниктің жанына барып тоқтады. Қуанышым қойныма сыймай мен қала бердім.Осылайша өз ойыммен өзім арпалысып тұрып бір қарасам машинам көзден ұзап бара жатты.
Күн санап жүрдім.Тоғыз күн дегенде Татюшам торсықтай ұлмен оралыпты. Бірақ командирім :саған баруға болмайды жанында осы бөлімшедегі фельдшер қыз бар ,сол қыз кеткенше жолама деп қатаң ескертті.Мұны естіп мен сорлыны тағы да ой басты.Маған көрсеткісі келмейді ,əдейі жасап отыр ,бұлар менен қашқалы жүр деген арам ойлар миыма ұялап алды.Бала менікі басқасында шаруам жоқ қалай болғанда да мен баруым керек деп талай оқталдым. Бірақ батылым жетпеді. Оның үстіне бөлімшедегі фельдшер қыз да көрінбейді мүмкін рас болар сонда шығар деп ойладым.Осылайша тағы апта өтті. 
Бұл 1952-ші жылдың желтоқсаны болатын.
Командирдің шақыртуымен қайта келдім.
Мен кіргеннен Бауыржан деген кім білесіңбе деп сұрады.Білмеймін деп жауап бердім де ол кім деп өзінен қайта сұрадым.Ол əскери адам, ол батыр ,ол азият ,ол да сен сияқты қазақ деп жауап берді.Сол кезде мен Бауыржан Момышұлы дегенді мүлдем танымаушы едім тіпті естіп те көрмеген едім.Сонымен баланың аты кім болмақ деп қайта сұрады.Аузыма түскені Бауыржан боп Бауыржан болсын деп айта салдым.
Жарайды сен үшін Бауыржан болсын ал мына мен үшін Алексей болат демек Лёша деді.Ол қалай деп таң қалып сіз өзіңіз Алексей емессізбе деп сұрадым.Менің айтқаным талқыға салынбайды солдат түсіндіңба мені ,сен үшін Бауыржан мен үшін Алексей бітті деп бір қайырды.
Ертең фельдшер кетеді .Содан осындағы үш төрт қызметтесім барады сонансоң Татюшаның жағдайына қараймын бəрі жақсы болсағана сен барасың ,оған дейін аяқ басушы болма ал енді боссың деді.
Сол күндердегі кешкен азабым əлі көз алдымда тұр.Осылайша өз баламды өзім көруге зарығып тағы да біраз жүрдім
Тіпті жаңа жыл кіріп басқалар тойлап жатты.Мен болсам өз баламды бір көруге зар болып жапанда жалғыз қалғандай жылап жүрдім....

Ұнжырғам түсіп көңілсіз жүргеніме бір айдың жүзі боп қалғанда командир шақырып жатыр деген хабар алып тұра жүгірдім.Столдың үстінде тұрған вещмешокты көріп қуанышым қойныма сыймай кетті. Мынаны алда үйге апар əрі Бауырджанчикті көріп қайтарсың мен бара алмаймын ,бүгін бөлімшеде кезекшімін деді. Жүрегім аузыма тығылып вещмешогымды арқалап ұша жөнелдім.Əдеттегідей күлімсіреп қарсы алған Татюшамның бетінен шөп еткізім бір сүйдім де ,құндақтаулы жатқан баламның бетіне үңілдім.Туылғанына бір ай болған бел балам болса томпиып ұйқыны сойып əлемнен бейхабар жатыр.Жалма -жан құндақтан шеше бастадым.
Астапыралла ,қап -қара қалың шаш ,қалың қас аузымнан түскендей ,өзімнен аумай қалыпты.Қолға алғанға аяқ- қолы тырбаңдап тілін шығарып ,жұтқыншақтап барып əрең дегенде көзін ашты.Көзі көк ,аққұба келген осы бала, менің балам еді.
Осылайша ойда жоқта əке атандым.Балам болса күн сайын түрлі қылық шығарып сүйсіндіріп өсе берді.
Бір күні командирім шақырып алып, азият мұнда өсек аяң басталды енді сен көп баруыңды доғар, барсаң да менімен бірге барасың ,бірге келесің, болмаса іс насырға шабуы мүмкін деп ескертті.Көнбеске амалым қалмады. Бала бел бойынша менікі ,құжат бойынша онікі боп шарасыз күй кештім. Қызық осыдан соң басталды .Бірге барамыз ,бір бала бір қатын ,екі әке.Баланы ол ұстаса мен ,мен ұстасам ол қызғанатынды шығардық. Көзі көк сары бас сылқым жайына қалып аңдығанымыз бір бала болды.Мен Баука деп еркелетсем командирім ,Лёшка дейтінді шығарды.Дегенмен менің үстемдігім сонда апта да бір,екі кейде үш түн Татюшаның құшағында түнеп шығатынмын. Бұл əрине командирім бөлімшеде кезекші болуына байланысты болды.
Осылайша қызықты күндер өтіп көктем келді.Бір күні Мəскеуден суық хабар тарап қызыл байрақ құлап орыс біткенге аза тұттырып Сталин дүниеден озды. Қайғырған қара халықты көрмесемде бөлімшемдегі əскерилердің дерлік бəрі де көңілсіз жүрді.Бұл қаза тіпті менің Татюшама да ауыр тиіп еңсесі түсіп есеңгіреп жүрді.
Командирім де бұрынғыдай жүзі жарқын сұлу жігіт емес, солғын тартқан белін бүккіштеп еңкейе түскен, бел омыртқаға қадалған темір сынығы шіріп гангренаға айналған кезі еді.Арадан бір ай өтер- өтпес командирім соғысқа қайта аттанып мен қала бердім. (Соғыс болғанда соғыс емес Латвия аумағында КСРО-ға қарсы партизандық топтар болған)
Ақымақ басым-ай, сол соғыстан аман қайтпаса екен деп тілеген күндерім де болды.Қырық жыл қырғын болсада ажалсыз өлмейді деген ғой, менің командирім бұл соғыстан да жеңіспен оралды. Алайда екі жыл соғыстан,оқыста жарылған минадан, онан кейінгі КСРО-ға қарсы партизандармен болған соғыстан аман қалған командирім, сол кездегі саясаттың құрбаны болды.Сталин өліп орнына Хрущев келді. Араға үш ай салып Сталиннің тұсында басшы болғандар қудалауға түсіп түрмеге тоғытылып жатты.Біздің бөлімшеден де командиріммен қоса екі бірдей офицер қара тізімге ілінді.....
Тез жет, деген хабармен жетіп келдім. Орнынан əрең қозғалған командирім құшақтап тұрып амандасты.Көзіне үйірілген жасты сүртіп тұрып : “мен алысқа кетіп бара жатқан сияқтымын. Ал енді Татюша сенің қолыңда егер ертең ақ бұйрық шығып елге оралар болсаң ала кеткейсің.Бала сенің балаң ұмытпа мүмкіндігің болса Татюшамды жылатпағайсың “-деп еңіреп жылап жіберді. Осы сөзден кейін менің өмірімнің астан- кестеңі шықты. Не дерімді білмей қызғанышым басым болса да аянышпен қоштасып қала бердім. Командирім сол кетуден қайтып келмеді. Оны мəңгі жоғалтқанымды түсіндім. Ол кеткен соң ,мен де өзімнің ешкімге қажетсіз екенімді білдім. Жаңа келген бастыққа керегім болмай қара жұмысқа айдалдым.Сол аралықта өз ұлымды төрт реет қана көрудің мүмкіндігі болды. Бар болғаны төрт-ақ рет. Бір күні қылмыскердің əйелі деген айыппен, ұлымды қолына алып Татюшам да бір түнде жоқ болып кетті.Жоқ болайын дегені жоқ-ау жоқ қылды. Ал бұрынғы командирімнің үйіне болса жаңа командирім бала шағасымен кеп жайғасты.Осылайша бас аяғы бір айдың ішінде командирімнен де, ұлымнан да ,Татюшамнан да айрылып тындым. Зым-ғайым жоқ болды.Ал маған оларды іздеу тұрмақ, олар жайлы сұраудың өзі қиын болды. Адам дегенді аямайтын қылышынан қан тамған дəуір басымызға қара бұлт үйірді. 
Міне сонан бері 45 жыл уақыт өтті. Ұлымнан да, Татюшамнан да хабар жоқ.Не өлі екенін не тірі екенін білмеймін.Жасым жетпіске таяп қалды. Арманым біреу ғана сол ұлымды бір көру балам ,деп қарт кісі көзінің жасын сүртіп сөзін аяқтады.

 Cоңы