+18

Ғани Әлихан

Болған оқиға желісімен....


Тілім күрметіліп даусым шықпай аяқ қолдан жан кетті -деп шəйдан ұрттап қойып қария сөзін қайта жалғады .

Өлген жерім осы деп үстіме ақ жəкетімді іліп шалбарымды кидім.Командирімнің аяғында етіктің тақылдап əрі-бері жүргені зəре-құтымды онан сайын қашырды.Сығалап қарап қоямын.Ауыз бөлмеде шашылып жатқан белдігіммен кителімді айналап сенделіп жүр.Қорқыныштан көзімнен жас ытқып жатты.Кенет Татюшаға жалт бұрылып қарадым.Жын ұрғандай емін-еркін киініп иығына орамалын салып түзетіп күлімдеп тұр.Не дерімді білмеймін сөйлейін десем үнім шықпай тілім күрмеліп қалды.Ол болса еш алаңсыз “түшшш” деп ымдады да орта бөлмеге шығып кетті . Түк болмағандай амандасып командиріммен шөп еткізіп сүйіскендерін есіттім.Басымды қос қолдап ұстап отыра кеттім.Ал Татюша болса столға тарсылдатып бірдеңелерді қойып жатты.Командирімнің табуретканы тартып столға кеп отырғанын көрмесемде естіп отырдым.
Кенет Татюшам қайта кірді .Қолындағы легенмен суды қойып, жуынып ал дегенді ыммен білдірді.Шығып бара жатып басымнан сипап алаңдамай шық ,столға кел, əңгіме бар-деп қосып қойды.Менің жуынуға əрекетім жоқ еді.Себебі аяқ қолым өзіме бағынбай жансыз күйде едім.
Шаңқ еткен командирдің даусынан селк ете қалдым.Тездет киін де столға кел. Мен сені күтіп отырмын- демесі барма?Сол сəт менің белдігіммен кителімді алып кірген Татюша “қорықпа жуынып алда столға кел. Лёша сені күтіп отыр “-деді.Жуынып жатырмын, ал анау екеуінің болса қайғыратын түрі жоқ ,өзара əңгімені айтып болып отыр.Мен болсам жуынғанның ырымын ғана жасап, белдігімді тағып пилоткамды киіп ортаға шықтым.Жақында мұнда отыр !- деп командирім өзіне қарама -қарсы табуреткаға отыруымды бұйырды.Графиннен жүз граммды құйып тұрып өзі ұсынды.Тартып жібердім де алюминий кружканы тарс еткізіп столға қойдым.Тағы да ішесің бе дегендей сұқ саусағымен графинді көрсетті.Ішпеймін деп басымды шайқадым.
Сонау Минск қаласынан Берлинге дейін екі жыл соғыста жүрдім-деп командирім сөзін бастады.Барлаушы болдым. Қаншама қырғын-соғыста болдым. Құдайдың сақтағаны шығар.Барлауға кеткен бесеуден жалғыз өзім аман оралған кездерім де болды.Осылайша өліммен өмірдің арасында жүрдім.Өлімге деген бойымның үйренгені сонша ертең өлем, бірсікүні өлем деп өлімге дайын жүрдім.Алайда өлу түгіл жарақаттанғаным да жоқ.Ойлайтыным біреу ғана, осы менің Татюшам болды.Біз 1942-ші жылдың күзінде үйлендік.Əке-шешем болды.Содан бір жылдан соң мен соғысқа аттанып үлкен жеңіспен оралдым.
Соғыстан соң осы əскери салада сапёр боп жұмысымды жалғастырдым.Белоруссия аумағын жарылғыш заттардан тазалауға қатыстым.Бір күні абайсызда танкке қарсы мина жарылып есімді Минск қаласындағы əскери госпитальда жидым.Менімен бірге болған екі сапёр жігіт көз жұмыпты.Екеуі де сен сияқты азият болатын.Естуімше соның бірі менің өміріме араша түсіпті.Мен құдай сақтап тағы да аман қалдым.....

 

Екі ай госпитальде жатып шықтым. Құдайға аман қалдырғанына рахмет айтып үйге оралдым-деп құюлы тұрған самогонды сіміре салып командирім əңгімесін онан əрі жалғастырып кетті.Үйге келіп Танюшаммен қауышып жаттым.Кəрі шешемнің де қуанышында шек болмады.Əкемді жерлегеніме жыл боп қалғанды. Өзімде қуаныштан жарыла жаздадым.Соғыс болса бітті. Ел тыныш жұрт аман.Болашақта осы Танюшаммен тыныш қана бейбіт өмір сүре беремін деп ойладым.Алайда мені алдымда тағдырдың тағы да бір таудай тауқыметі күтіп тұрғанын білмеппін.Танюшаммен оңаша қалып аймалап сүйе бастадым.Сағынышым кеудемді кернеп қанша сүйсемде қауқарым қимылдауға жетпеді. О баста аса қатты қорқа қоймадым.Уколды шамадан тыс қабылдағаннан осындай жағдайлар болып тұрады дегенді естігенім бар еді ,содан көрдім.Алайда менікі мүлдем басқаша болды.Беломыртқамда қалған мина сынығын алуға медицинаның қауқары жетпеді.Алдырсам екі аяғымды басалмай мүгедек боп қалуым мүмкіндігін алға тартты. Уақыт өте келе белсіздігім байқалып өз болмысыма анық көзім жетті. Қайғыдан қан жұтып ұйқысыз таңдар атырдым.Танюшамды құшақтап алып түнімен өксіп жылап шығатынды шығардым.Өмір сүруге деген қызығушылықтан қалдым.Жасаудың мəні жоқ деп шештім.Сол мина жарылғанда неге аман қалдым екен деп налып атылып өле салғым келді. Бірақ ...бірақ мені Танюшамның бір ауыз сөзі тоқтатты.Сен өлсең менде өлемін, сен менікісің мен сенікімін, сені тастап ешқайда кетпеймін , мен үшін өмір сүрші деп жылады.Содан жайлап бəріне де бойым үйрене бастадым. Жұмысқа шығып өмірге қайта араласа бастадым.Мен тым болмаса Танюшам үшін өмір сүруім керек деген тоқтамға келдім.
Ал енді ең бастысы сен менің Танюшама ұнадың.Сол үшін де сені оқу жаттығулардан азат еттім. Сенің басқалармен тіл табысқаның сөйлескенің қажеті жоқ . Сен азиятсың, оның ішінде қазақсың.Сен жайлы барлық ақпарды жинадым.Қазақ ұлты жайлы оқыдым.Жылқы тектес жаугер батыр халық .Соғыста да азият қазақтармен бірге болдым,сатпайтын да, сатылмайтын да халық . Сол үшінде Танюшамды саған тапсыруды жөн көрдім.Енді сен менің отбасымның бір бөлшегісің.Саған сенгенім болсын осы əңгіме осы жерде қалатын болсын.Қанекей бер қолыңды ,көтер басыңды ,сен енді менің бауырымсың азият !-деп қолын ұсынды.
Басымды жұлып алдым да көзіне тік қарадым.Сонда ғана командирімнің көзінен тамшылап үзіліп тұрған жасты көрдім.Жүрегім езіліп кетті.Басымды изей бердім.Ол болса соңғы кружканы құйып көтеріп салды да Танюшаға киімдерімді əкел дегендей ишара білдірді.Орнынан тұрып киіне бастады.Белдігін байлап жатып соңғы сөзін тағы қайталады.Азият Танюшамды саған тапсырдым.Осы əңгіме осы есіктен шықпасын .Ал енді мен кеттім .Сен осында түнеп шық .Таңертең стройда бол деп сарт еткізіп жерді теуіп честь берді де шығып кетті.Соңынан жүгіріп Танюша кетті. Мұңға батып мен қалдым.Ойға шомып ауылда қалған шешеммен екі бауырымды ойладым.Соңы не болатынын байқай алмай аңтарылып біраз отырдым.Тек командирімді шығарып салып келіп еркелеп мойныма жабысып тіземе отыра кеткен Танюшам ойымды бөліп жіберді.
Шошып кеттім.Өзімнен өзім жиіркене бастадым. Бұлай жалғаса беруі мүмкін еместігін айттым.Басымды ала қаштым.Танюшамды итеріп тастап шығып қаша жөнелдім.Жылағанына да қарамадым.Айқайын да тыңдамадым.Бөлімшеге барып жаттым да ойға кеттім.Ұйықтай алмадым.Құрғыр мен болмасам басқа біреуді табатынына күмəнім болмады.Танюшадай сұлуға кез келген еркек құмар екенін ойладым .Ойладым да ішімді қызғаныш атты қызыл ит тырнап қайта келдім.Енді бұрынғыдай аяқты жəй басып ұрланып емес, байы сияқты тарсылдатып тұрып есікті теуіп келдім.
Келетініңді білгенмін деп мойныма асыла кетті. Көтеріп алған күйі ішкі бөлмедегі төсекке тартып ұрдым.Бұл рет батыл қимылға көштім .Көңілімде байы кеп қала ма деген қорқыныш болмады.Баяу қимылдап ерікті Танюшаға бердім.Асықпадым.Ыңғайына бейімделіп бөксесін қысып қос анарын аймалап сүйіп жата бердім.Оңды-солды баяу ырғақпен бірде ернімді сүлікше сорып бірде көкірегіме шашын жайып салып бірде мойнымды тістеп бірде шашымнан ұстап тартып Танюшам көгін алып шыңғыра құлап сұлық түсті.Осы сəттен бастап мен командирімнің отбасының ажырамас бөлшегіне айналдым....

Жалғасы бар...