+18

Ғани Әлихан

 Болған оқиға желісімен....

Өмір бойы өкініп келемін деп əңгімесін бастады қырман басында жатқан қарт кісі.
Сонау 1997 жылы бидай басына барғандағы бейтаныс қарияның əңгімесі осылай басталды.Жас баламын дəрет алуға құманға суын жылытып беремін, тамақ алдынан қолына су құямын ,барынша сыйлап сіз отыра беріңіз мен өзім шығып қарайлап келемін деп алдына түсе бердім.Түспей қайтемін, жасы жетпіске таяп қалған қарт кісі күні бойы тұнжырап жүреді.

Өз өзімен күбірлеп əңгімелесіп қойып қабағы бір ашылмайды. Алып денелі ата кəдімгідей салмақты да зілді сөйлейді. Сөзі де өткір, көзі де өткір бір қарағанда сұсты көрінгенмен түс қайта тез тіл табысып кеттім.Ата енді ашылып сөйлей бастады. Ананы -мынаны айтып қалжыңдай бастады. Күн кешкіре əлгі Атаның көзінен мұң кетіп ,жүзіне күлкі үйіріле бастады.
Сонда ғана ашық əңгімеге көшіп :
- Балам мамандығың барма? - деп сұрады
-Жоқ ата- дедім .
Онан əрі мазаламады.Заманның менің тұсымда қурап кеткенін айтып налыған болды.Бірақ осы алғау-далғау заман кетіп жақсы өмір сүретінімізді айта келе :
-Сонда қай мамандық иесін таңдаушы едің , егер мүмкіндігің болса?- деп сұрады.
- Әрине мен журналист болғым келетінін ,бірақ оқуға түсе алмағанымды, ал мына кітапты үшінші қайтара оқып жатқанымды айтып қолымда жүрген "Бес ғасыр жырлайды" деген кітапты көрсеттім.
-Алаңдама балам ,əлі жассың. Биыл болмаса келесі жыл түсерсің ,талабың болса тауға шығасың ,жетістіктерге жетесің- деп бір қайырды.

Мен болсам енді маған оқудың керегі жоқтығын, себебі үйленіп қойғанымды айттым.Үйленіп қойғам деген сөзіме жалт бұрылған қарт кісі:

 - Балаң бар ма?- деп сұрады.Мен балам жоқ екенін ,үйленгеніме əлі бір айда бола қоймағанын айттым.
Əңгіме осылай өрбіді.Өрбігенде қандай сөз, сөзге жалғасып атаның сөзін үнсіз отырып тыңдай бердім.
Мен əскерге кеткенде 1951 жылдың көктемі еді.Ол кезде əскерде болу қазіргідей ,белгіленген екі жыл емес ,кемі үш жыл, тіпті бес жылдап жүріп қайтқандар болды.Мен сол кеткеннен мол кетіп төрт жыл жүріп қайттым.Балтық жағалауындағы жаңа ашылған əскери бөлімшеде болдым.Бұл қазіргі Латвия республикасы деп барып бір- ақ тоқтады.Əскерге келуім сол екен он шақты жігітті үш ай оқуға жіберді. Үш ай бойы оқытып машина жүргізетін шопырлар дайындады.Содан əскери бөлімшелерге бөлді. Мені осы Балтық теңізінің бойындағы жаңа бөлімшеге жіберді. Келген күннен ақ командирдің машинасына отырып шопыр болып шыға келдім .Содан не керек командирім отыздан кеткен “хохол” жігіті болды.Тез тіл табысып кеттім.Қатты қол командирім болса да менімен өте жұмсақ сөйлесетін. Ол кездері командирлерге бөлімшеден продукт берілетін.Соны апарып беруге ,бөлімшеге қарама-қарсы орналасқан көшенің арғы жағындағы екі қабатты үйдегі командирімнің үйіне апарып беретінмін.Бұл осылай жалғаса берді.Күніне продукты апарамын.Бертін келе тіпті бір күнде екі рет апаратын болдым.Сөйтіп жүріп командирдің келіншегімен достасып та үлгірдім.Бөлімшеден шығамын да үйіне қараймын. Көретінім сол командирімнің келіншегі болатын.Ол да мені сағына күтіп тұрғандай көрінетін. Көзқарасы да қатты өзгергені белгілі, о баста солдат деп мұрнын шүйіретін сары бас сылқым келіншек ,енді маған солдатик дейтін болды.Күліп қарсы алатынды шығарды .Тіпті үйге кір дейтінді шығарды ....

 Бойымда қаным тасып тұрған қаншама жас болсам да ,командирдің босағасын аттауға батылым бармай жүрді деп сөзін жалғастырды ата.
Сонымен не керек осы менің күнделікті жұмысыма айналып кетті.Кейде картоп тушенька нанды түске дейін апарсам, түстен кейін ұсақ-түйек нəрселерді алып қайта баратынды шығардым.Бөлімшедегі жұмысым болса таңертең машинаны от алдырып алаңды бір айналып жүріп өту ,сонан соң өз командиріме машина жүргізуді үйрету.Басқа істейтін жұмысым жоқ . Күндер осылай сырғып екі- ай көзді ашып- жұмғанша өте шықты.Менің бір ойым ауылда қалған шешеммен екі бауырым да болса ,ақыл есім Татюша дейтін командирдің əйелінде болды.Ойлап қоямын “кет əрі” емес сияқты. Сары шашты сылқым сұлу мағанда ұнайтыны жасырын емес ,өзінің менен бес-алты жасқа үлкендігі болмаса,əп-əдемі талдырмаш келген сүйкімді келіншек. Осылайша санам жан жаққа жүгіріп құшақтай салуға ыңғайланып барамын да, күлімдеп есік ашқанын көргенде аяқ қолымнан жан кетіп қатамын да қаламын. Қатпай қайтем негізі дұрыс емес екенін мен де білем ,ол да біледі. Капитан шенді Летченко (Лещенко болуы да мүмкін осыған ұқсас ) өз командирім ғой ,сезіп қойса Сібір айдатса деген үрей тағы бар.Ол заманда Сібір айдау, Итжеккен, Барса келмес деген сөздерден қатты қорқушы едік. Себебі бұл сөздер менің шешемнің туысқандарын да айналып өтпегені бар.Ал командирдің сылқымы болса мен барған сайын ақ халаттың түймесін шала ілдіріп шығып тіпті “солдатик “деп басымнан сипайтынды шығарды.Ол ол ма келесі бір барғанымда қолымнан ұстап үйіне кіргізіп алып, жақында стрельбаға кетесіңдер ,сендерге “Калаш “деген жаңа мылтық келе жатыр ,бірақ сен абайла айналаңның бəрі соғыс көргендер, қан көргендер, есі дұрыс еместер, ал сен маған керексің деп бетімнен шөп еткізіп сүйіп алмасы бар мА?Тұла бойым мұздап сала берді .Қорыққаным сонша тезірек кеткім келіп есікке қарай ыңғайландымда ,дірілдеп қалшылдап кеттім.Дірілдемей қайтемін есіктің оң жағында кеудесі орден-медальға толы командирімнің портреті тұр.Соғыс көргендер ,қан көргендер ақыл есі кемістер деген сөз есіме түсіп онан сайын қорқып зəрем ұшып шығып қаша жөнелдім .Бөлімшеге жетіп енді бармаймын деп шештім.Ал командирім болса “қалай аман-сау апарып келдің ба?”- деп бір ауыз сұрағаны болмаса лəм-мим деп жағын ашпай құшақ-құшақ қағаз көтеріп анда мұнда жүреді де қояды. Мен болсам сол күні-ақ ыңғайын тауып сөйлесіп өз командиріме барғым келмейтіндігім жеткіздім.
- Барасың !- деп кесіп тастады. Сен сол үшін де басқа жаттығулардың бəрінен босатылғансың.Екінші рет бұл сөз талқыға салынбайды - деді қатқылдау дауыспен.Амалсыз басымды изедім, онан басқа шарасыз да едім.Бір қызығы себебін де сұраған жоқ .Не үшін ?Неге бармайсың ?-деп те сұрамады.
Осылайша ертесіне бір қағаздарды алып тағы бардым.Татюша болса əдеттегідей күлімдеп тұрып, үйге кір дегендей ишара білдірді.Үйге кірдім.Шашымнан сипай бастады.Желке тұсымды қысып-қысып жіберді де графиннен бір стакан су құйып “қане солдатым тартып жібер”-деп өзі ұсынды.Көзімді жұмып тартып жібердім.Тартуын тарттым-ау ,бірақ тыныс ала алмай өлуге айналдым.Арқамды қағып жатқан келіншек “уһ”деп тыныс алғаным да барып, бір- ақ тоқтады да үстімдегі ақ жəкетімді сыпырып тастады.Мойныма оралған білегімен құлақ тұсыма соғылған ыстық демі мені сол жерде-ақ еденге жықты.Есім кетіп талықсып жатсам да, бойымды билеген үрейден ойымды тез жинап алып, үстімде отырған келіншекті итеріп тастадым.Ол қайта ұмтылды.Мен болсам екі қолын мықтап ұстап алдым да тырп еткізбей қойдым.Ол енді жалына бастады “болмайды” деп кесіп айттым.Амалы біткен келіншек енді менің қолымды тістей бастады. Жылауға айналды. Кенет оң қолымнан сытылып кетті де, шапалақпен тартып жіберді.Ес жиып үлгірем дегенше үстіме қайта отырып алды. Іс бітті ,мен жалма жан киініп алдым да қаша жөнелдім .”Солдатик мой” деп айқайлап ол қалды.Сол күні бөлімшеде ұйқысыз таң атырдым.Қара басым қазандай болды.Ауылда қалған шешемді ойладым.Екі бауыры халық жауы деп тағы екі бауыры соғыс деп кетіп қайта келмеген шешемнің “бауырымдап “еңіреп жылап жүргендері көз алдыма келді.Бірақ менің басқа жолым болмады.Ертесіне де сол əдет екі тушенькамен жарты қара нан апардым .Тағы да сол болды.Бұл ретте мен енді батыл қимылдай бастадым.Қара күшке салып езіп жібердім.Ол болса жағы тынбай жақсы сөздің бəрін айтып балқып жатты.Жұмысым бітті тағы кеттім.Түстен кейін тағы жіберді ,тағы да осы болды .Енді бұрынғыдай емес ернін сүлікше сорып жабысып киімін шешіп тастадым.Ол мені шешіндірді.Сол күйі ішке еніп төсекке кеп құладық.Ақ тер ,көк теріміз шығып жұмысымыз бітті. Енді бұл мені мақтай бастады.Мен болсам сол баяғы əдетіме басып киіне бастадым.”Кетпейсің” деп ашу шақырды.Сонымен шарасыз күйде отырып тағы бастадым.Бұл енді ол ойлағандай болды.Үстіме шығып əрі-бері секірумен аяқталды.Осылайша екі- ай тағы өтті .Енді батылым жетіп өзім құшақтап ,өзім көтеріп алатынды шығардым.Аймалап сүйісуден бастайтын дəрежеге жеттік. Бұрынғыдай қорқыныш қалмады.Емін -еркін қимылға көштік.Барынша созуға тырыс деуші еді созылғанынша создым (уақытты). Айызы қанып қалады, өзім де сезіп жүрдім.Осылай ойнап жүріп тағы да бір-екі ай өтті. Бір күні кешке қарай күндегі əдетімізге басып махаббат майданына түсіп жаттық.Жан алып жан берісіп ессіз күйде от боп жаттық.Қызықтың көкесі сонда болды.Тарсылдатып біреу кіріп келді.Шошып кеттім де есікке ұмтылдым .Зəрем қалмады.Өлуге дайындалдым.Себебі кителін шешіп ілгішке іліп жатқан менің командирім еді....

Жалғасы бар...