Жылыжайда жұмыс істегеніме 30- жылдай уақыт болды.Қазіргі автоматтандырылған заманда  компьютер арқылы жылыжайдың ауа құрамын бақылап отыру.Бір қалыптан не түсіп кетпеу керек, не көтеріліп кетпеу керек.Қар,жаңбыр ,жел болса үнемі ауаны бақылауда ұстап отырмасаң болмайды.

         Түнгі смена болған соң,ұйқың келеді.Бір күні қатты ұйықтап кетіппін.Кенет, біреу атымды айтып шақырғандай болды.Оянып кетіп, жалма –жан компьютерге қарасам  қар жауып тұр.Мұндай, жайт басыман өте көп өтті.Бірде жаңбыр жауып кетеді,бірде жел соғып тұрған болады.Түнгі көмекшімнің арқасында, міне осылай ұзақ жылдар бір жерде жұмыс істеп келемін.Әйтпесе, баяғы –ақ жұмыстан шығарып тастаушы еді.

        Жаздың күні болатын.Бір күні түнгі үште тағы атымды атады.Қарасам ауа бір қалыпты.Сосын қайтадан жатып қалдым.Арадан үш минут уақыт өткен жоқ,есік қағылды.Сөйтсем  тексеріп жүрген  күзеттің бастығы екен.Мені дауыс бұл жолы да құтқарып қалды. Үнемі ескертіп отыратын түнгі көмекшім кім болды екен.Рух па, жын ба?