Тұрмысқа шыққаныма 5-жыл жыл болды.Күйеуімді сүйіп –ақ қосылған сияқты едім.Қазір сезімдерім суып,өзге жанға көңілім ауып бара –жатқан сияқты.Өйткені,онымен ғаламтор арқылы танысқалы бері өзімнің әйел екенімді сезіне бастадым.Оның маған арнайтын жылы сөздері қатты ұнайды.Орыстардың «Женщины любять ушами,а мужчины любят глазами» деген сөзінде шындық бар.Сіз, соңғы рет әйеліңізді қашан еркелеттіңіз?Жылы сөзіңізді арнадыңыз ба?Еркектердің санасында бір нәрсе бар, үйленсем болды әйел ешқайда кетпейді деген.Оған жылы сөзін айтып, күнде болмаса да арасында еркелетіп тұруды ұмытады...
Мен оны,әлеуметтік желі арқылы танысқаныммен,бұрынан танитын сияқтымын.Екеуміздің көз –қарасымыз бір жерден шығып қабысып жатады.Оның да әйелі бар.Бірақ,ол да әйелінің мінезінен мезі болып, үйіне амалсыз барады.Өйткені, әйелі ештеңенің байыбына бармай айқай шығарып,үйі жинаусыз, тамақ пісірусіз,бала қараусыз қалады екен.
Оған күн санап бауыр басып барамын.Кішкене сөйлеспесем іздеп отырамын.Сағынамын.Ол да мені көзінен таса еткісі жоқ.Кездесіп,сағынышымызды басуға мен көнбей жүрмін.Күйеуімнің көзіне шөп салғым келмейді.Бірақ,сезім санаға бағынбай кетсе, алдағы уақытта бәрі мүмкін...
Аты –жөнімді көрсетпей құпия етіп беріңдерші.Бұл жай тек менің ғана емес, біраз адамның басында бар шығар.Ақыл қосыңдаршы.