Бұл әңгімені ең алды мен бүкіл әлемді жаратқан Аллаһ тағалаға және Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с) және оның үмбеттеріне салауат айту мен бастағым келіп тұр. Бүкіл жаратылысты қорғайтын да, қолдайтын да бір Алла екенін естен шығармайық.

Шымкент қаласында атағы жер жармаса да біраз адамға танымал, еңбекқор, жеке кәсіпкер Нұржан атты іскер азамат бар. Өз адал еңбегі  маңдай терімен тапқан дүние мүлкі бір емес бірнеше отбасыны асырауға жететіндей дәрежеде. Хан сарайындай кең баспанасы бар. Өзін қойшы үйін қарауылдайтын иттің ұясы кей бір отбасылар ай сайын отыз, қырық мыңға жалға алып жүрген бір бөлмелі үй менен бірдей.
 
Соншама дүниесі бола тұра әке-шешесін үлде мен бүлдеге ораудың орнына інісінің қолына аманат етіп шағын ғана үй тұрғызып берген. Ал өзі болса жалғыз ұлы Санжар мен жары Сәуле үшеуі кең сарайда өмір сүріп жатты.
Әйелінің қырсықтығы басынан асып түседі. Екеуі ерегісіп жүргенде баланың тәрбиесі жөніне қалды. Құрбылары мен еш себепсіз кездесіп, ақшаны босқа шашып, дүкеннен керегі жоқ заттарды алуына Нұржан үнемі әйеліне тыйым салып отырса да, оған бағынатын Сәуле жоқ.
 
Хафиз Ибн Кәсир былай деді: «Әйелдер өз үйлерінде (үй шаруасы, бала тәрбиесі секілді маңызды істерді атқарып) отырулары қажет және қажеттіліксіз сыртқа шықпаулары керек». 
 
Шариғат бойынша "Күйеуін ол тыйым салған нәрселерде тыңдамау, мысалы, оның рұқсатынсыз үйден шығу; ол тыйым салған жерлерге немесе ол тыйым салған адамдармен қарым-қатынас жасау" ең үлкен күнә болып саналады.
 
Алайда исламнан хабары жоқ, Алланы тек қиындыққа душар болғанда ғана есіне алатын бұл ерлі- зайыптылар шариғат заңдарын қайдан білсін! Ата- ананың міндеті тек қана баланы бүкіл керек жарақ пен қамтамсыз ету деп ойлайтын бұл ата- ана бір сәт болсын баласына назар аударған емес.
Балаға күтуші жалдап қойып, әкесі дүние, мансап қуып жүрсе, анасы ерінің тапқанын оңды -солды шашу мен әлек болып жүр. Санжар өте ерке, қырсық болып ер жетті. Баланың мейірімсіз, надан болып өсіп келе жатқанын байқаған ата-әжесі талай рет оны өз қолдарына алып, бағып қағуға өтініш білдірді. Бірақ бұл ұсынысты Нұржан мен Сәуле қабылдаған емес. Тіпті баласының нені қалайтынын еш уақытта өзінен сұраған емес.
Өзгелер үшін шешім шығару Нұржанға әдет болып қалған. Алайда оның шешімдеріне бағынатын тірі жан жоқ. Бұл отбасыда әр адам өз білгенін жасайды.Қаладағы немересін сағынып, мауқын басуға келген қарт ата Асқар мен Аманкүл әжейдің тағыда ұнжырғасы түсіп кетті. Өз ұлдары Нұржан жұмыстан кеш келгенімен қоймай, анамен- мынамен бір телефонда сөйлесіп ата-анасының сөздерін тыңдауға уақыты жоқ.
Бірде анау, бірде мынау деп қашқақтап жүр. Келіні Сәуле шай құйып берудің орнына біресе құрбысының, біресе туысының туылған күніне барамын деп үйде тұрмайды. Қарт шал мен кемпір жалғызсырап қала берді. Не бары он төрт жастағы Санжар түннің бір уақыты болса да үйге келетін емес.
- Балам, Санжар қайда?. Неге кешігіп жатыр? Өзі қайда кеткен еді?
- Апа ол жас бала емес. Қазір келіп қалар.
-Кешқұрым шақта және түнде адамдар бет алды көшеде жүрмейді. Күн батқанда жер бетіне жын шайтандар тарала бастайды. Алла Тағала қалауымен, олардан қорғану үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйреткен таңғы және кешкі сүннет дұғаларды оқып жүру қажет.
- Апа жын, шайтан анау, мынау деп баламның да, менің де басымды қатырмаңызшы. Жын деген мүлдем жоқ нәрсе.
- Олай деме балам, жындар бар! Тіпті Құран Кәрімде өз алдына,
"Жын" сүресінің бар екендігі баршамызға мәлім.
- Апа осындай ессіз, қияли әңгімелеріңізбен басымды қатыра бересіз. Ол әлі бала ғой. Жас кезінде жүрсін, ойнасын, қыдырсын.
Тағы біраз жылдан соң үйленеді. Сол кезде үйде қамалып отырады.

Жүр кемпір ол балаға сөйлеп ауыз ауыртудың қажеті жоқ. Сенімен менің неміз кетеді? Санжартайдың қызығы мен шыжығына қоса азабын да көретін өздері. Бізге не, ертең өлеміз де қаламыз.
Аманкүл әжей ұлының еш бір сөзге құлақ аспасын түсініп, терең күрсініп жатын бөлмеге кіріп кетті.
Таңертең ұйқысынан оянған Нұржан, ертемен тұрып таң намазын оқып, жуынып шайынып, әтірін сеуіп,күнде әңгімелесіп отыратын әкесі мен анасының жоқтығын байқап олардың жатын бөлмесіне кіріп, өз үйлеріне кетіп қалғанын байқады. Баласы жатыр төсегінде сасып бықсып.
-Тұр иттің ғана баласы. Тұр орныңнан. Түні бойы қайда болдың? Жауап бер, қайда жүрсің?
-Бала емес басыма біткен бәле болдың сен. Тез заттарыңды жина.
- Не, мені үйден қуайын деп тұрсыз ба?
-Ия, ауылға атаң мен әжеңе барасың. Сенің тәрбиеңді біреу қолға алмаса білген бетің мен кеттің. Күшің тасып не істеріңді білмей жүрсең кетпен шауып, жер аудар. Тез жинал дедім мен саған.
- Бірақ, сабақ не болмақ?
- Оқымысты адам ұқсап сабақты сұрағанын қарашы мынаның. Қажет болса сол жақта оқисың.
- Жоқ, ол жаққа барғым келмейді.
- Барасың  !-дедім сөз бітті.
Әруақ секілді бетіне аппақ маска жабыстырып алған Сәуле күйеуі мен ұлының қатты шыққан дауысын естіп жүгіре жетіп келді.
- Нұреке, не болды балаға сонша айқайлап? Тыныштықпа әйтеуір?
- Сенде тез жинал ауылға әке-шешеме барамыз. Үстіңе дені дұрыс бірдеңе киіп ал.
- Олар үйде емес пе?
- Сен түс көріп жатқанда олар үйден кетіп қалған. Сен не қарап тұрсың? Кәне киімдеріңді жина.
-Тұра тұр, киімдеріңді жина дедің бе? Мен дұрыс естідім бе? Оны ауылда қалдырмақсың ба?
- Ия, ауылда қалады.
- Жоқ, мен келіспеймін.
- Мен сенен рұқсат сұрап тұрған жоқпын. Балама әке ретінде бұйрық беріп тұрмын. Әр бәлені бір ішіп, шегіп, кім көрінгенмен жаға жыртысқанша ауылға барып мал бағып, бақша ексін. Екеуіңде тез дайын болыңдар.
Санжар мен Сәуле жол бойы қырсығып үнсіз ғана бұртиып отырды. Әке- шешесі енді ғана өз үйлеріне кіре бергенде арттарынан Нұржанда жетіп келді.
- Әке, апа неге үндеместен кетіп қалдыңыздар? Бұларыңыз не?
- Сені тәрбиелеген кезде қай жерден қателік жібердім? Қазіргі таңда кемпір-шалдан абырой, қыздан ұят, келіннен иба, отбасынан береке, отаннан бірлік қашып жатса соның бәрі мына сендер секілді дүниенің соңынан қуып, айналасындағы адамдарды ұмытып, қалтасының қалындығын ғана ойлайтын надандардың кесірінен дер едім. Сені тоғыз ай құрсағында көтерген, аяғыңа нық тұрғанша құшағында көтерген, бар мейірім, махаббатын берген анаңа бір сәт уақыт бөлсең болмас па еді балам?
- Әке, білемін мені кешіріңіз.
- Бәрінен де  мына ұлың ертеңгі күні сенің жаныңды азапқа салады ма, деп қорқамын. Тыс құрыса ұлыңа уақытыңның бір бөлігін қисаң болмайды ма? 
 
- Сіздерден кешірім сұраймын. Сіздер не айтсаңыздар да орынды. Мен сол үшін келіп тұрмын. Санжар осында қалады. Сіздердің оны мықты ер азамат етіп тәрбиелейтіндеріңізге сенімдімін.
Бұл хабарды естіген шал мен кемпірдің жүздеріне қан жүгіріп, реңі кіріп, көздері жайнап кетті. Аманкүл әжей немересінің бетінен шөлпілдетіп сүйіп, сүйіп алды.

Санжар еріксіз ауылда ата-әжесінің жанында қалды. Бала күнінде жиі келіп тұрғандықтан көршінің ұл-қыздары оны жақсы танып қалған. Өтпелі кезеңде жүрген жас өспірім жігіт ауылдағы өзімен қатар Аяулым есімді бойжеткенге ессіз ғашық болып қалды. Бұл сезім оны ауылға байлап қойғандай ата әжесінің үйінен кеткісі келмеді. Баласының жағдайына алаңдаған Нұржан мен Сәуле келулерін жиілетті. Әдеттегідей баласынан хабар алуға қара шаңыраққа келді.

- Балам-ау, какой кошмар? Түрің немене бәле болып кеткен. Қап-қара болып күнге күйіп кетіпсің ғой.
- Келінжан күн көзінің адамға пайдасы зор. Аппақ болып әруақ секілді болғаннан осы жүрісі дұрыс. Бетіне қан жүгіріп реңі кіріп қалды.
- Балам, жағдайың қалай? Сабақ үлгерімің нашарлап кетпесін. Қалаға қайтарсың мүмкін?
- Жоқ, барғым келмейді. Мен осында қаламын.
- Сынок, қойсаңшы. Азып-тозып, қап қара болғанның несі жақсы? Жүр үйге қайтайық.
- Айттым ғой сізге, барғым келмейді.
- Баланың барғысы келмей тұрған жоқ па, неге қинай бересіңдер? Жетер енді көп сөзді тоқтатыңдар. Санжар балам осында қалғысы келсе қалсын.
Санжар атасының сөзіне мәз болып қалды. Әке- шешесі балаларын алып кете алмасына көздері жетіп оны ауыл мектебіне ауыстырды. Санжар атасын араға салып жүріп, Аяулымның сыныбына орналасты. Екеуі мектепке бірге барып келуді әдетке айналдырды. Алайда өзі секілді ауылдағы ерке өскен, тіл айлмайтын жігіттер мен достасып тәртібі бұзыла бастады. Күнде түннің ортасына дейін үй бетін көрмейді. Әке-шешесінің қолындағы Нұрданның інісі Жандос түнделетіп іздеп тауып үйіне жетектеп алып қайтады.
- Ей жүгірмек, басыма біткен бәле болдың ғой. Күнде сені осылай іздеп жүруім керек пе? Түс алдыма.
- Аға, ренжімеңізші. Енді баламыз ғой. Қызық қуып уақыттың өтіп кеткенін байқамай қалдық.
Жандос жол бойы ашуланып, ұрсып келген Санжардың алдынан әжесі қарсы алып ол кісі де ұрса жөнелді.
- Балам, неге сөз ұқпайсың?
Жын-шайтандар көбіне шөл дала, лас орындарда жүреді. Күн батқанда жер бетіне тарала бастайды. Ауылда лас жерлер өте көп. Сондықтан күн батқан соң үйден ұзама.
- Уф, тағы сол жын шайтандар ма? Әже немене қайталай бересіз?
Санжар төсегіне зорға жетіп, жаюлы тұрған төсекке жата кетті.
- Балам қаншама рет айтамын. Төсекке жатпас бұрын оны көрпеңді бір сілкіп, бисмилля деп айтып барып жат. Жаюлы тұрған бос төсекке жын шайтандар орналасып алады.
- Әже тыныштық беріңізші.
Әжесі немересі үшін калима қайтарып, төсегін аластап шығып кетті. Үлкендер қаншама рет айтса да,, Санжар оларға құлақ аспай, түнде қыдыруын жалғастыра берді. Оны тоғай жақтан әрең іздеп тапқан Жандос әдеттегідей ұрса жөнелді.
- Ей, бала не деген бәлесің?
Кенет өзіне бадырақ көздеріме мен қараған Санжардың көз жанарынан қорқып кетті.
- Мен саған бәленің не екенін көрсетемін. Сен маған қарсы келуші болма.
- Өзің мені күнде әуре сарсаңға салғаның мен қоймай, мені ұрсайын дедің бе?
Санжар ағасына жақындап келіп, тамағына жармасып, Жандосты буындыра бастады. Өзінен жиырма жас кіші, нәп-нәзік балаға Жандостың қарсыласуға шамасы жетпеді. Дем-жетпей, сөйлейін десе дауысы шықпай аяғы жерге тимей, ауа жетпей, бүкіл өмірі көз алдынан өтіп жерге сылқ ете құлады. Есін жиса үйінде, өз төсегінде жатыр екен. Анасы мен әйелі Зәуре тас төбесінен қарап тұр. Есіктің жанында тұрған Санжарды көріп қорыққаннан шыңғырып жіберді.
-Кет, жоғал, жолама маған. Мама өтініш сізден енді мені оны іздеуге жібермеңізші. Мен одан қорқамын.
 
Жалғасы бар...
"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан