- Аға, неге олай дейсіз? Мен сізге не істедім? Есіңізді жинаңыз.
- Ия, балам, сабыр ет. Егер Санжартай болмаса сенің жағдайың не болары белгісіз еді.
Жандос не болғанын өзі де түсіне алмастай жағдайда болатын.

Өзгелерге өзін Санжар буындырғанын айтса де ешкім сенбесін біліп, үндемей қоя берді. Санжарды көзден таса қылмай бақылап жүрді. Күнделікті әдетіне салып түнделетіп Санжар тағы да көше аралап кетті.
- Жандос балам, Санжар тағы жоқ қой деймін. Іздеп қайтсаң қайтеді?
- Жоқ, бармаймын. Ол өзі қандай адам?.. Неге сөз ұқпайды өзі? Жетер енді өз әке шешесіне жіберсеңізші. Сау басыңызға сақина тілеп қайтесіз?
- Жоқ, оны біреу жөнге салу керек.
- Жөнге салғаныңыз осы ма? Мен оны іздеп тауып, жетектеп жүруден жалықтым. Күні бойы жұмыстан шаршап келемін. Түні бойы оны іздеймін. Не менің жаным жоқ па?
Жандос шын мәнінде Санжардан қорқып оны іздеуден бас тартып бөлмесіне кіріп жатып қалды. Өз анасын жақсы білгендіктен Аманкүл әжейдің оны іздеп шығарын жақсы біліп жаны жай таппады. Дәлізге шығып ақырын әке-шешесінің бөлмесін есік сыртынан тыңдап көрді. Әкесінің қорылынан басқа ештеңе естілмеді. Демек анасы бөлмесінде жоқ. Өйткені Санжар үйге келмей Аманкүл әжей көз ілмей, күбірлеп дұға жасап отырғаны отырған. Анасын іздеп сыртқа шықты. Бір сәтте қорадағы малдар бөкіріп, иттер уылдап кетті. Әдетте малға ұры түскенде осылай шулап кетуші еді. Үйден Асқар әкей аңшы мылтығын алып шауып шықты. Қолшамын жағып екеуі қора жаққа барғанда өз көздеріне өздері сенбей тұрған орындарынан қимылдай алмай мүсіндей қатып қалды. Бірер секунд өтіп Асқар әкей тілге келіп " Санжар " деп, бар дауысы мен айқайлап жіберді. Санжар өз әжесі Аманкүлді мал байлайтын арқан мен мойынынан байлап жатқан болатын. Атасының дауысын естіп өзі байлап жатқан әжесін көріп шошып артқа бір екі қадам тастап есеңгіреп құлап қалды. Асқар мен Жандос жүгіре барып Аманкүл әжейді босатып алды. Жандос ашудан көзі көр соқыр болып Санжарды аямай ұрып соқты.
-Сен не есіңнен адасқансың ба? Не бүлдірдің?
- Балам қазір төбелесетін уақыт емес. Анаңды көтеріп үйге жеткізейік.
Жандос анасын көтеріп үйіне кіргізді. Алла сақтап еш жеріне зақым келмеген екен.


 Қорыққаннан есінен танып қалған болу керек. Санжар өзін қоярға жер таппай, ары бері тырнағын тістеп, өзін- өзі ұрып жүгіріп жүр.
Асқар әкей оны сабырға шақырып не болғанын анықтамақ болды.
- Балам не болғанын толық баяндап берші. Не үшін әжеңе олай істедің.
- Білмеймін ата, түсіне алар емеспін.
Үйге келе жатқанымды қараңғыда белгісіз біреу қара өгіздің есік алдында бос жүргенін айтты. Қарасам расы мен бос жүр екен. Қораға сүйреп апарып байлай бастадым. Сіз айқайлаған соң байлап жатқаным өгіз емес әжем екенін көріп шошып кеттім.
Осылай айтып өзі де қалтырап дірілдеп атасын құшақтап жылап жіберді. Одан әрі тергемек болған алайда Санжар сөйлей алмастай жағдайда болатын. Зәуре түні бойы енесінің жанында болды. Ал Санжарды атасы қарауылдап жанында отырды. Аманкүл әжей немересіне алаңдап көзі жастан құрғамады. Үйдің тыныштығы бұзылды. Ағаларын өлердей жақсы көретін Жандостың ұл- қыздары одан қорқып қашып жүр. Емін еркін аулада ойнаудан қалды. Тіпті Зәуренің өзі шошынып үйде жалғыз қалудан қорқатын болды. Көп созбай Санжардың жағдайын өз әке шешесіне хабарлады. Бар жұмысын тастап Нұржан ауылға жетіп келді.
- Әке, кәне балам қайда? Ол қалай бұлай істеуі мүмкін? Адам айтса сенгісіз жағдай. Оған не болуы мүмкін?
- Білмеймін ғой балам. Ол өз іс әрекетін бақылай алмайтын халге жеткен. Не болғанын бізде түсіне алар емеспіз. Өзің кіріп сөйлесіп көр.
Нұржан есікті ашып бөлмеге кірген мен Санжарға көзі түспеді. Терезеден қашып шыққаны көрініп тұрды. Дереу Нұржан әкесін мінгізіп өз көлігі мен Жандос көршісін мінгізіп екі машина мен іздеуге шықты. Күні бойы іздеу мен болды. Бүкіл ауылды шарлап іздеп таба алмаған соң полицияға арыз жазды. Полиция қызметкерлері де іздеуге кірісті.

Түнделетіп ауыл сыртынан тауып алды.
- Балам, ұлым, құлыным сен мұнда не істеп жүрсің?
- Әке, сіз келдіңіз бе? Не үшін келдіңіз?
-Сені алып кетуге келдім. Жүр балам көлікке отыр. Қалаға қайтамыз.
- Жоқ, мен ешқайда кетпеймін. Мені жіберіңіз.
- Балам қарсыласпа, жүр деймін.
Нұржан баласын күштеп көлікке мінгізіп, қалаға қарай жол тартты. Бірден ауруханаға алып барды. Дәрігерлер сараптама ала бастады. Жалғыз өзін бір бөлмеге орналастырып медбике қан тамырына ине салып шығып кетті. Бес минуттай уақыт өтіп қайта кірген медбике адам айтса сенгісіз көрініске куә болды. Қан тамырына ағуы тиіс сұйықтық керісінше ағып шыны бөтелкеге керісінше қан тамып тұрды. Неше жыл жұмыс істесе де мұндай жағдайға кезікпеген медбике айқайлап жіберді. Дереу аурухана қызметкерлері жинала кетті. Бұл көрініске бәрі таңданып, ештеңе түсіне алмастай әбден сасып қалды. Дәрігер инені суырып алды. Нұржанды бөлмесіне шақырып Санжардың еш бір ауруы жоқ, ақыл-есі дұрыс екенін айтып, ауруханадан алып кетуін сұрады.
Нұржан баласын жетектеп анда мында шауып жүріп, ең мықты деген дәрігерлерге қаратса да, еш бірі Санжардың денсаулығынан кінәрат таба алмады. Зәуре есі ауысқан қайын інісінен құтылғанына мәз болып, үйде тыныштық орнығар деп емін еркін жүргені мен артынан біреу аңдып жүргендей сезіліп, бойындағы үрейден арыла алмады. Таңертең ерте тұрған Зәуре дәліздегі кілемге төгілген суды аяғы мен басып кетті. Бөлмесіне кіріп шұлығын ауыстырмақ болған да, шұлығынан шығып тұрған зәрдің иісін байқап жиіркеніп қалды. Дәлізге шығып әлгі жерді иіскеп көрді. Ол жерден де зәрдің иісі шығып тұрды. Біреудің кіші дәрет сіңдіріп кеткені айдан анық. Алайда "ол кім болуы мүмкін" деп Зәуре ойлана кетті. Бөлмесінен шығып келе жатқан ұйқысы ашыла қоймаған Аманкул әжейге айтып еді, ол да таңырқап қалды.

Үйде Жандостың екі баласы ғана бар. Үлкені Алмас жеті жаста. Ол түнде жалғыз өзі қорқатындықтан сыртқа жалғыз шыққан емес. Ал кішісі Арнұр сегіз айлық бесіктегі бала. Ендеше кім дәрет сіңдіріп кетуі мүмкін деген сұрақ екеуінде ойландырып қойды. Зәуренің бойындағы қорқыныш арта түсті. Артынан біреу қалмай аңдып жүргендей сезінеді де тұрады. Кілемді кір жуатын ұнтақ пен әбден тазалап жуып, сыртқа шығып келген соң дәл сол дәлізде екінші бір жерге тағы да біреу дәрет сіңдіріп кеткенін көріп шошып кетті.
- Апа, апа, бері келіңізші.
- Келін не болып қалды? Неге шошып тұрсың?
- Апа мынаны қараңыз. Мен жаңа ғана ана жерді жуып тазалап кеткен болатынмын. Енді міне мына жерге тағы да біреу ластап кетіпті.
- Ой Алла, бұл не болды сонда?
- Білмеймін апа. Мен қорқайын дедім.
- Ой шырағым қорықпа. Былай істейік мен осы жерде қарауылдап отырайын. Кәне кім бүлдіреді екен? Сен мына жерді тазалап ал.
Аманкүл әжей бірнеше сағат сол жерден қимылдамай қарауылдап отырды. Тіпті түскі асында сонда ішті. Бесін намазын оқымақ болып дәрет алу үшін сыртқа шыққаны сол еді, қайта келсе үшінші жерді тағы да біреу бүлдіріп кеткенін байқады. Келінін сабырға шақырып жүрген Аманкүл әжейдің өзінің бойын қорқыныш жаулап алды. Жандос жұмыста, Асқар әкей малдарын айдап кеткен. Бүлдіріп жүрген Алмас деп, ене мен келін екеуі далада ролик теуіп жүрген Алмасты шақырып алды.
-Әже айта беріңізші. Мына роликті киіп шешу қиын. Ойнағым келіп тұр. Үйге кірмей ақ қояйыншы.
- Бері кел дедім саған.
- Уф, ал айта беріңіз.
- Мына жерді сен бүлдіріп жүрсің бе?
- Жоқ, олай емес. Мен далада жүрмін ғой. Үйге кіргенім жоқ.
- Шыныңды айт деймін.
- Мама, әже мен емес деймін. Ролик теуіп жүргенімді көріп жүрсіздер ғой.
Екеуі де Алмас емес екенін іштей сезіп тұрды. Олай болса кім бүлдіреді. Ол жағы жұмбақ күйінде қалды. Аманкүл әжей намаз оқуға бөлмесіне кіріп кетті. Зәуре бесікте ұйықтап жатқан баласын қорқа қорқа бөлмесіне тастап, дәрет қатты қысып тұрған соң енесінің намаз оқып болғанын күте алмай дәретханаға шығып кетті. Енді барып отырғаны сол еді Алмас роликпен зырылдап келіп Арнұрдың жылап жатқанын айтты. 

Үйге қарай жүгіре барған Зәуре қорыққаннан тіпті талып қала жаздады. Бесікте байлаулы жатқан баласы шешіліп жерде ойнап жатты. Әдетте қатты күшеніп бас жағы ғана босанып аяғы байлаулы күйінде салбырап жатушы еді. Бұл жолы олай емес. Бесік бауы түгел шешіліп алынған. Баласын жерден жүгіре көтеріп енесінің бөлмесіне қарай кірмек болғанда төртінші жердегі зәрді тағы басып кетті. Аманкүл мен Зәуре балаларды алып үйге кіруге қорқып, Асқар мен Жандостың келуін күтіп сыртта отырды. Үйде жын шайтан бар деп ұйғарып, Асқар ауылдың имамын ертіп келді.
Үйдің бүкіл есік терезесін айқара ашып, имам бар дауысы мен сүрелерді әдемі әуенге салып айта бастады. Оқып болғанша қатты қиналды. Дем жетпей тұншығып, буынып қиналса да сүрелерді айтып жалғастыра берді. Үйдің ішінен шыңғырған дауыс естіліп имам сүрелерді айтып біткенде бәрі тынышталды. Аманкүл әжей имамға шапан кигізіп, Зәуре дастархан жайып асын ұсынды.
- Асқар көке, Аманкүл әлгі қаладан келген немереңіздің жағдайы қалай? Ол ауырып бастағалы үйіңізде осындай түсініксіз жағдайлар орын алып жатыр ма?
- Ия, солай балам.
- Үйіңізді жындар мекен етіп алған екен. Менің ойымша ол балаға жын кірген болу керек.
Сосын сіздерге бір екі сұрағым бар еді. Сіздер қаншалықты " Бисмилләһ " деп жиі айтасыздар?
- Кемпір екеуміз күніне жүз айтамыз ау, бірақ мына балалар айта бермейді.
- Міне көрдіңіз бе? Осы себепті де сіздің үйге жындар жайлаған. Әрбір мұсылман тамақты ауызға алмас бұрын «Бисмилләһ», яғни, «Алланың атымен бастаймын» деп айтуы қажет. «Кісі үйіне кіргенде және тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алса, шайтан: «Бізге (бұл үйде) түнейтін орын да, кешкі ас та жоқ» дейді. Ол (үйіне) кіргенде Алланы есіне алмаса: «Біз түнейтін орын таптық» дейді. Ал тамақ жейтін кезінде Алланы есіне алмаса (шайтан): «Біз түнейтін орынды да, кешкі асты да таптық» дейді. (Муслим).
Жын қанша жерден адам баласының дұшпаны болғанымен, Құран мен сүннет олардың қорғанудың жолдарын көрсеткен. Оның ең басты тәсілдері – Аллаға жақындау, Оның бұйырғандарын орындау, Құран мен сүннетте келген дұғаларды оқып жүру. Ал енді тағы бір сұрағым бар. "Фатиха", " Ықылас "," Нас", Фалақ" сүрелерін үйде оқып тұрасыздар ма?

Жалғасы бар...

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан

Дереккөз: el24kz