Анда санда құран бағыштап оқып тұратынымыз бар.
- Үйде шетелдік немесе өзіміздің елдің әуендерін тыңдайсыздар ма?
- Ия, әрине тыңдаймыз ғой.
- Неге соның орнына жаңа ғана атап өткен сүрелердің аудио нұсқасын тыңдамайсыздар? Өзіңіз оқи алмасаңыз осы сүрелерді күніне бір рет болсын дыбысып шығарып қойып қойсаңыз сол күні үйіңізге жын мен шайтан жолай алмайды.
Жарайды сіздерді қинап, сөзді көбейтпей-ақ қояйын. Әлгі немереңізді мына атаға алып барсаңыз жынын шығарады.


Имам өз міндетін атқарып кеткен соң, үй іші тып-тыныш болып қалды.. Аманкүл әжей дереу ұлына қоңырау шалып Санжарды имам атқан мекен жайға алып баруын өтінді. Бірақ Нұржан оған келісе қойған жоқ.
- Балам қырсықпасаңшы. Жын шайтан деген бар нәрсе. Имам айтқан кісіге алып барайық.
- Жоқ, баламды жынды еткеніңіз аздай енді тағы қинамақсыздар ма? Ауылға жібермейсің, тәрбиесі нашар деуші едіңіздер, ал соңы не болды? Санжарды ең мықты дәрігерлерге көрсетемін. Ауылға қайта бармаймын. Ас үй жақтан Сәуленің шыңғырған дауысын естіп Нұржан тұтқаны қоя салды. Жүгіріп барса Сәуле қып қызыл оттың арасында тұр екен. Жәнеде бір түсініксіз жағдай, от төменнен жоғары емес, жоғарыдан төмен қарап жалындап тұрды. Өзінің шамасы жетпеген соң өрт сөндіру қызметіне жүгінуіне тура келді. Өрт сөндірушілер әрең дегенде сөндірді. Сәуленің денесі жартылай күйік шалып аурузанаға жеткізілді. Әйелі мен әбігерге түскен Нұржан баласын естен шығарып, жол бойы алаңдап үйіне асыға оралды. Үйге келсе баласы жоқ. Төсегі жып жылы енді ғана тұрып шыққаны белгілі. Бөлменің бәрін қарап таппаған соң сыртқа шықты. Үйдің артқы жағында арқанға өзін өзі асып қойған баласын көріп көзінен жасы сорғалар жүгіре барып құтқарып алды. Енді ғана асылған болу керек. Еш бір зақым келмепті. Дереу жедел жәрдем шақыртып ұлын да ауруханаға жеткізді. Есін жиған соң одан мән жайды сұрады.

Балам неге олай істеп жүрсің? Саған не болды?
- Өзімдн білмеймін әке. Маған біреу келіп Арланның (иті) бос жүргенін, көшедегі балаларға бас салып тістеп жатқанын айтты. Мен итті байлап жатырмын деп ойладым. Бірақ бір кезде дем жетпей өзім тұншыға бастадым...
Санжар осылай деді де жылап жіберді.
- Әке мені құтқаршы. Олар мені өлтіреді. Мен олардан қорқамын.
- Кім балам? Олар дегенің кім?
Ары қарай Санжар ештеңе айта алмады. Қос тізесін құшақтап жылап отыра берді. Дәрігерден еш бір пайда жоқ. Қаншама дәрігерге көрсетсе де бәрінің айтаиына " баланың дені сау". Баласының қиналғаны жанына батқан соң амалсыз анасының айтқанына көніп, имам берген мекен жайға алып барды. Сақалына ақ түскен қар ата екен.
- Ал кәне балам келе ғой. Не бұйымтайың бар?
- Мына балама не болғанын біле алар емеспіз. Сізді көмектеседі деген соң келіп тұрмын. Өтініш қолыңыздан келсе емдеп бересіз бе?
- -Қанша перзентің бар?
- Жалғызысм, барым да, нарым да осы балам.
- Бай бақуатты көрінеді екенсің.
- Шүкір ұрпағыма жетерлік дүнием бар.
- Балаңды емдеймін. Бірақ бір шартым бар.
- Балам үшін бәріне дайынмын. Айта беріңіз.
- Осы күнге дейін бар жиған- тергеніңді маған бересің.
- Не, не айтып тұрсыз?
- Үйің, ақшаң, көлігіңді, бәрін түгел бересің.
- Сіздің деніңіз сау ма? Не айтып кеттіңіз?
- Балаңды толық емдеймін. Егерде осы шартыма көнсең ғана. Көнбесең балаңды олар өлтіріп тынады. Ал артыңда ұрпақ қалмаса байлығыңнан не пайда? Қалай келісесің бе?

- Жоқ, рақмет.
- Ерік өзіңде. Артыңда ізіңді жалғар ұрпақ қалмаса, мұншама дүниені жылдар бойы не үшін жинадың?
- Жарайды бәрін берейін. Тек ұлымды емдеп жазсаңыз болды.
- Рас айтасың ба? Бәрін бересің бе?
- Ия, ия дедім ғой.
- Шын сөзің бе?
- Ия, балам үшін бәрін беруге дайынмын.
- Балаң үшін бе?
Ия, ия, ия. Емдейсіз бе, жоқ па?
- Маған айқайлама. Емдеймін. Бірақ маған сенің үйің де, ақшаң да, машинаң да қажет емес. Осы күнге дейін бар жиғаныңды балаң үшін беруге дайын екенсің, ендеше осы байлықты жинауға кеткен уақытыңның бір бөлігің балаң үшін қимадың? Бір мезгіл балаға уақыт арнап, оның тәрбиесіне мән беріп, жүрегіне Аллаға деген сенім, махаббат оятсаң балаң бұлай азапталмас еді. Өзің кінәлі бола тұра маған келіп ашуланып тұрғаның не? Балаңның ішіне жын кіріп кеткен. Егер де әр қашанда Алланы ауызынан тастамай жүрсе оған жын түгілі еш бір бәле жоламас еді. Ал оның Алланы өзіне серік етуіне сен ықпал етпеген де кім айтуы керек. Алланы насихаттап, парыздарын орындауға шақырып, баланың жүрегін иман нұрына бөлеу ата ананың басты парызы емес пе? Ұялмай балам үшін бәрін беремін дейді ғой тағы. Отыр балаңның жанына. Балаң қазір қатты қиналады. Бірақ сен соған төзуің керексің. Маған кедергі келтірме.
- Жарайды.
Санжарды ұзына бойы жатқызып, ата ауызын екі қолы мен барынша ашып бірдеңелерді оқи бастады. Санжар қатты қиналып, денесі тырысып, жағы құрысып қатып қалды. Ішінен шыңғырған дауыс шығып, біреулер айқайлап жатты. Ата олар мен тілдесе бастады.
-Сендер кімсіңдер?
-Біз жынбыз.
- Нешеусіңдер?
- Екеу.
-Қашаннан бері мұндасыңдар?
- Ол, қоя бейнесіндегі біздің баламызды сойып жегеннен бері.
- Оны не үшін қинап жүрсіңдер?
- Баламыз үшін кек алу керекпіз.
- Оны босатыңдар.
- Жоқ, біз адамдарғы өздігімізден тиіспейміз. Бірақ бізге зиянын тигізгендерді аямауға ант еткенбіз.
Ата оқуды жалғастыра берді. Шыңғырған дауыс қаттырақ шыға бастады. Санжардың қиналғанына Нұржан төзе алмай барады.

Атаның өзі де қиналып, дауысы бәсеңдеп бүкіл денесі дірілдеп, маңдайынан тер бұрқырап барады. Бара бара Санжардың ішіндегі шыңғырған дауыстар күшейіп баруда. Санжар болса судан шыққан балық секілді тыпыршылап барады. Ұлының бұл азабына төзу әкесі үшін ауырға соқты. Расы менде Жын шайтанның барына көзі жеткен соң үнсіз, баласын бұл азаптап құтқару үшін төзді. Шыңғырған дауыстар бірте бірте бәсеңдеп барып жоқ болды. Санжар аяқ қолы босаңсып, есінен танып қалды. Ата да шаршап шалдығып, маңдайының терін сүртіп еденге құлай кетті.
- Құтылдық. Балаң енді азат. Еркіндікке шықты.
-Рас айтасыз ба?
- Ия, бірақ енді абай бол.
- Көп рақмет сізге. Бірақ ол неге есінен танып қалды? Оған не болды?
- Жындар мен күресу оңай дейсің бе? Аздан соң есін жинайды алаңдама. Үйге барған соң тұзды суға бүкіл денесін жуындырып тазала. Уақыт бөліп оған енді еш бір бәленің жоламауына әрекет ет.
- Көп рақмет сізге. Сізге өмірімнің соңына дейін қарыздармын.
- Болды, болды жетер енді. Мен мақтау сөздерді ұнатпаймын. Кәне бар енді...
Нұржан ұлын көтеріп көлігіне салып үйіне қарай жол тартты. Жолай бір кезіккен бір неше Алланың үйі мешітке тоқтап садақа жәшігіне ақша тастап, ұлы үшін дұға жасады. Санжар құдды бір жаман түстен оянғандай не болғанын өзі де түсіне алмай есеңгіреп жүрді. Әдетте түрлі сусабын мен ваннаны суға толтырып көпіршітіп шомылатын Нұржан бұл жолы тұзды суға толтырып баласын өз қолы мен жуындырып берді. Өз қолы мен ас әзірлеп ұлы екеуіне дастархан жайды. Санжар тамақты ауызына алып бармақ болғанда Нұржан оны тоқтатып қалды. Балам бұдан кейін тамақ түгілі бір жұтым су ішсеңде Бисмилләһ деп айтып одан кейін ғана ауызыңа сал.
- Әке, сізге не болған?
Нүржан бар жағдайды ұлына баяндап берді. Санжар бұл оқиғаның бәрін өз басынан өткізгеніне сене алмады.

Сәуле сауығып өз үйіне оралды. Бұл оқиғадан соң бұл отбасы мүшелері түгелдей өзгеріп, басқа адамға айналды. Нұржан мен Санжар уақыттарын бірге өткізуді әдетке айналдырды. Мешітке барып Құран аяттары мен сүрелерді оқып үйрене бастады. Шетелдік сөзін өзі де түсінбейтін әуендерді тыңдаудан бас тартып, оның орнына сүрелер тыңдап жүретін болды. Қайда жүрсе де ауызынан Бисмилләһ деген сөзді тастамауды әдетке айналдырды. Сәуленің де етек жеңі ұзарып, бетіндегі бояуы азайып, тырнақ өсіруді, қас жұлуды тоқтатты. Нұржан артық дүние жинамай жетім жесір, мұқтаж жандарға қол ұшын соза бастады. Ата анасын жиі іздеп барып тұрады. Жандос пен Зәуре де иманға бет бұрып, үйі де, жандары да тыныштық тапты.
Алланы еске алсаңыз сіздің бойыңызға еш бір бәле жоламайды. Сондықтан еш қорықпай Бисмилләһир деп айтыңыз.
Алланы еске алу – жүректі тірілтеді, Аллаға деген қорқынышты оятады, жанның саулығын және тәннің физикалық саулығын сақтайды.  Адам тәні су мен тамақсыз қалай өлсе,  Алланы лайықты түрде еске алмаудан жан да дәл солай өлім татады.
Алайда, осындай артықшылықтарды біле тұра, ұмытшақтықтан, уақыттың тапшылығынан немесе жалқаулықтан таңғы және кешкі зікірлерді ұмыт қалдырып, салғырттық танытып жатамыз. Шын мәнінде, бұл зікірлер – адамдарды жамандықтан сақтайды. Алла тағала бәрімізді түрлі бәле жаладан сақтасын. Аман сау болайық.

Соңы...

"Әсерлі әңгімелер" топтамасынан

Дереккөз: el24kz