Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысы: Ашық процесс басталды

 

2025 жылғы 17 сәуір күні қоғам назарын аударған Шерзат Болат ісі бойынша сот процесі ашық түрде басталды.

Аталған іс қоғамда резонанс туғызып, адам құқығы, тергеу әділеттілігі мен құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты кең пікірталас тудырған болатын.

Сот отырысында Шерзат Болаттың өліміне байланысты маңызды деректер айтылды. Прокурор мен адвокаттар тарапынан келтірілген дәйектер, куәгерлердің жауабы мен сот-медициналық сараптамалар істің ауырлығын нақтылай түсті.

Отырыста Шерзат Болаттың өмірінің соңғы сәттері жайлы жан тебірентерлік жайттар жария етілді. 

Марқұм Шерзат Болаттың ісіне байланысты Талдықорған қаласында екінші сот отырысы барысында,60 жастағы Жұмабике Қадырова сотта өзін жайсыз сезініп, істі қарауды Алматыға ауыстыруды сұрады.

Кейіннен Шерзаттың әжесі залдан кетіп қалды. Оған жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қоғам белсенділері мен журналистер сот барысын қадағалап отыр. Олар әділетті шешім қабылдануы тиіс екенін айтып, бұл істің ашық қаралуын талап етуде. Сот залына жиналғандар арасында құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері де болды.

Іс бойынша келесі отырыстарда тағы да бірқатар куәлар мен сарапшылар тыңдалмақ. Сот шешімі жақын күндері шығуы мүмкін, дегенмен істің күрделілігіне байланысты бұл үдеріс ұзаққа созылуы да ықтимал.

Ашық өткен бұл процесс – Қазақстан қоғамындағы әділеттілікке деген сұраныстың бір көрінісі. Жұртшылық соттың әділдігінен үміт күтіп отыр.

Қазақстандағы салық заңнамасындағы 2025 жылғы өзгерістер: халық нені білуі керек?

 

Ақтау, 8 сәуір – el24.kz 

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық және әлеуметтік төлемдер жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жаңалықтар кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлер үшін де өзекті.

1. Әлеуметтік төлемдер мөлшерлемесі артты

  • Әлеуметтік аударымдар – 3,5%-дан 5%-ға дейін өсті.
  • Әлеуметтік салық – 9,5%-дан 11%-ға дейін көбейді.
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы – 1,5%-дан 2,5%-ға дейін артты.

Бұл төлемдерді жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін ай сайынғы еңбекақы қорынан аударып отырады.

2. Жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген режим

  • Қызметкерлер саны 30 адамнан аспауы тиіс.
  • Филиалдары болмауы қажет.
  • POS-терминал, онлайн-касса және ERP жүйесін пайдаланбайтын ЖК үшін жарты жылдық айналым шегі – 24 038 АЕК.
  • Ал толық интеграцияланған жүйе қолданатын ЖК үшін айналым шегі – 94 086 АЕК.

ЖК салықты жылына екі рет төлейді: 25 тамызға дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін.

3. Салық мөлшерлемелері

  • ЖТС – 1,5%
  • Әлеуметтік салық – 1,5%
  • Міндетті зейнетақы жарнасы – 10%
  • Әлеуметтік аударым – 5%
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы – ең төменгі жалақының 5%-ы

4. Төлемдерді кім және қалай төлейді?

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өз табысынан жоғарыдағы жарналарды дербес төлейді.
  • Жалдама қызметкерлері бар кәсіпкерлер әр қызметкер үшін жоғарыдағыдай төлемдерді толық аударуға міндетті.

5. Жаңа жүйенің мақсаты Бұл реформалар әлеуметтік қорғау жүйесін күшейтуге, зейнетақы қорын толықтыруға және медицина саласына қосымша қаражат тартуға бағытталған.

 

 

Абай облысында аспалы көпір құлап, үш адам қаза тапты

 

 Абай облысында қайғылы жағдай орын алды. 15 сәуір күні таңғы уақытта Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылында аспалы көпір опырылып, үш адам мерт болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыл тұрғындары мал іздеуге шығып, Қаракөл өзенінің үстінен өтетін көпірмен мотоциклмен жүрген,- деп хабарлайды el24.kz. тілшісі.

Алайда көпір ауыр салмаққа шыдамай, опырылып түскен. Нәтижесінде үш адам өзенге құлап кеткен.

Апат туралы ақпарат жергілікті әкімдікке түсте түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады. Судың астынан 1980 және 1978 жылы туған екі азаматтың денесі табылып, кейінірек 1967 жылы туған үшінші адамның мәйіті де судан шығарылды.

Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көпірдің техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілуде.

Бұл оқиға жергілікті тұрғындарды ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Қоғамда ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның жай-күйіне қатысты сұрақтар қайта көтерілуде. Көпшілікті: "Аспалы көпірдің жарамсыз екенін неге ертерек ешкім ескертпеді?" деген сауал мазалайды.

Оқиға орнына қатысты видео мен суреттер әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда таралуда. Қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтамыз.

Бозжыра: Француз туристері «басқа ғаламшардың пейзажы» деп таңдай қақты

 

Маңғыстаудың маржанын шетелдіктер қалай сипаттады?

Маңғыстау өңіріндегі табиғи көркем жерлердің бірі – Бозжыра шатқалы. Бұл киелі мекен тек Қазақстан халқын ғана емес, әлем саяхатшыларының да назарын өзіне аударуда.

Жақында еліміздің батысына сапарлаған француз туристері Бозжыраның қайталанбас көрінісіне тәнті болып, оны «басқа планетаның пейзажына ұқсайды» деп бағалады.

Ғасырлар қойнауынан жеткен ғажайып

Бозжыра — ежелгі Тетис мұхитының орнында қалыптасқан, табиғаттың өзі сомдаған ғаламат көрініс. Устюрт үстіртінің баурайында орын тепкен бұл шатқалдың жер бедері ерекше: тік жартастар мен айға ұқсас беткейлер, «қасқыр тісі» аталып кеткен биіктігі 200 метрден асатын қос мұнара – бәрі де адамды ертегі әлеміне жетелейді. Француз саяхатшылары мұндай табиғи ғажайыпты бұрын-соңды еш жерде көрмегендерін айтып, әсерлерімен бөліскен,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Табиғатты аялау – басты ұстаным

2020 жылы Бозжырада қонақ үй салу бастамасы қоғамда қызу талқыланып, қоғам белсенділері мен экологтар жобаның экожүйеге зиян келтіретінін ескерткен болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үнін ескеріп, бұл жобаны қайта қарауды тапсырды. Осыдан кейін шатқалды сақтау шаралары күшейтіліп, оның бірегейлігі мен тазалығын сақтау негізгі басымдыққа айналды.

Туризмге ашылған кең өріс

Қазіргі таңда Бозжыра — Қазақстан туризмінің брендіне айналып келеді. Мұнда келушілер жол талғамайтын көлікпен жетіп, жергілікті гидтердің көмегімен шатқалдың әр тасын, әр қырын танып-біле алады. Сонымен қатар, киіз үйде түнеп, ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік бар.

Әлемге әйгілі мекенге айналуда

Бозжыраның сұлулығы шетелдік басылымдар мен блогерлердің, саяхатшылардың назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Француз қонақтарының айтқандай, мұндағы көрініс тек фотоға түсіруге ғана емес, рухани тынығуға, табиғатпен үндесуге арналған ерекше мекен.

Бозжыра — бұл Қазақстан табиғатының бренді. Оны сақтау – әрқайсымыздың борышымыз.

Жүргізуші куәлігінің мерзімі біткен жағдайда емтихан тапсыру міндеттеледі ме?

 

Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен қоғам арасында «жүргізуші куәлігінің мерзімі біткен жағдайда қайтадан емтихан тапсыру қажет болады» деген ақпарат кеңінен таралуда.

Осыған байланысты көптеген азаматтардың көкейінде сұрақ туындауда. Бұл рас па? Жаңа ереже енгізілді ме? Біз бұл мәселені ресми ақпарат көздеріне сүйене отырып el24.kz тілшісі зерттеп көрді.

Қазіргі жағдай

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жағдайда оны ауыстыру үшін қайтадан емтихан тапсыру талап етілмейді. Бұл рәсім тек құжатты жаңартуға қатысты және төмендегідей құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік;
  • 083/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • Мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын түбіртек (1,25 АЕК);
  • Бұрынғы жүргізуші куәлігі.

Құжаттарды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) апару жеткілікті. Сондай-ақ, медициналық тексерістен сол орталықта өтуге болады.

Жаңалықтар мен ұсыныстар

Иә, жақында жүргізуші куәлігіне қатысты бірқатар өзгерістер мен ұсыныстар айтылды:

  • Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева 2024 жылдың жазында жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн форматта тапсыру мүмкіндігін ұсынды. Бұл ұсыныс әлі заң ретінде қабылданған жоқ, тек талқылау деңгейінде тұр.
  • 2024 жылдың қарашасынан бастап теориялық емтихан тапсыруға екі факторлы аутентификация енгізілді. Бұл жаңашылдық емтихан тапсыру кезінде алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.

Дегенмен, қазіргі уақытта мерзімі өткен куәлікті жаңарту үшін емтихан тапсыру міндеттелмеген. Бұл туралы ресми ақпарат egov.kz және gov.kz сайттарында нақты жазылған.

Қорытынды

Қазіргі заңнама бойынша, жүргізуші куәлігінің мерзімі біткен жағдайда оны ауыстыру үшін емтихан тапсыру қажет емес. Алайда, бұл салада өзгерістер мен ұсыныстар айтылып жатыр, сондықтан ресми көздерге сүйене отырып, жаңалықтарды қадағалап отыру маңызды.

Сіздің де жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталуға жақын болса – уақыт оздырмай, қажетті құжаттарды дайындап, құжатыңызды жаңартып алыңыз.

40-тан соң жұптар «ашылады»

 

40 жасқа келгенде «қалай болар екен?» деп ойлана жүретін жағдайдың бірі – төсек қатынасы.

Ешкім ашып айтпағанмен, іштей бір уайым болатыны жасырын емес. Анығында бұл жасқа келгендер өздерінің күш-қабілетін шынайы бағалай бастайды.

Ал, алдынан не күтіп тұр, қандай жағдайға дайын болу керек, бүгін сол жайында сөз қозғайық.

АРТЫҒЫРАҚ «қимылдау» керек болады Бойындағы тестостерон гормонының төмендеуіне байланысты еркектер бұл жаста «кез келген көйлектінің» соңынан ұзақ қарап қалатынан «қасиетінен» ажырай бастайды.

Бұл дегеніміз, оның «төсектен түсіп қалғаны» емес. Тек қана жыныстық қатынасқа арнайы дайындықпен жақындауға тура кеп қалады. Бұрынғыдай емес, әйелдің көңілі мен қалауына назар аударатын болады.

Сонымен қатар, жас күндегідей асығыс емес, әр қимылдың өзі баппен келістіру керек. Сол үшін де көбірек күш салуға да тура келеді. Әйелдер де бұл кезде гормондық өзгерістерді сезінеді. Эстрогенннің азаюынан әйелдің сексуалды талабын қанағаттандыру да керек болады.

40-тан соң жұптар «АШЫЛАДЫ»

Көпшілік бұл жаста тән жақындығынан ләззат алу бұрынғыдай болмайды деп ойлайды. Қате пікір. Анығында 40-тан асқан шақта олардың сезімдері мен құштарлығы 25 жастағылардан асып түседі.

Себебі, оларда бұрынғыдай қысылу, ұялу дегендер болмайды. Енді олар еркін, қалауын ашық білдіріп және оны орындай алатын жаста. Солай болады да! ЖҮРЕККЕ салмақ салмау керек 40-тан асқандағы көп қызықтың біріндегі бір «шыжық» осы.

Бұл жүрек қартайды деген емес. Жүрек, қантамыр жүйесінің жыныстық қатынаста маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Белсенді қимыл мен оргазм кезінде қанайналым жылдамдап, жүректің қызметі де артады.

Деннің сау болуы да осы кезде маңызды. Жүрек-қантамыр жүйесі мықты болса, төсектегі қабілет пен либидо да жоғары болмақ.

Біраз уақыт ҚАЛАУЫҢЫЗ БОЛМАЙ қалуы да мүмкін 40-тан асқанда біршама уақыт төсекте жақындасуға қалауыңыз болмай қалу да қалыпты жағдай. Ол үшін алаңдауға негіз жоқ.

Ағзадағы өзгерістер, есею сияқты жағдайлар да тән жақындығына аса тарта қоймайды. Бірақ мұндай «тыныштықтан» кейінгі төсек қатынасы ерекше болады. Ал жұптар бұған дейінгі тән жақындығынан алған ләззатын, ненің ұнағанын айтса, ендігі жерде ұнамаған тұстарын білдіруі мүмкін.

Міне, осы себепті де қырқаға шыққаннан соң жұбайлардың бұл тақырыптьа ашық болады. Егер төсектегі жақындық туралы әлі де ашық сөйлесе алмайтындар болса, онда оларға кәсіби маманның көмегі аса қажет. Бала «жасау» - маңызды «ЖҰМЫС» Жыл өткен сайын әйелдің аналық ұрық жасушассының сапасы мен мөлшері кеми береді.

Сондықтан, 40 жастан асқанда құрсақ көтеру біршама қиындай болады. Егер осы жастағы жұптар тағы да сәби сүйгілері келсе, оған бұрынғыдай қарамайды. Яғни, бұл жаста «бала жасау» кәдімгі әжептеуір күш салатын жұмыс болмақ. Құрсақ көтергенше жыныстық қатынасқа түсу – «міндеттеме» ретінде қабылданады. Еркектер бұрынғыдан ұзағырақ «қимылдайды»

Жасы ұлғайған сайын еркектер шауһатты ұстап қалуға үйренеді. Бұл да гормондардың өзгерісінен...

Сонысымен де серігіне көбірек ләззат сыйлайды. Анығырақ айтқанда, серігінің төсекте қанағаттанғанына көбірек мән береді. 40-тан асқандағы төсек қатынасының тағы бір оңды жағы осы.

Түрлі дереккөзден жинақтаған: Ж.БАЙТҰРЫМ, Ernur.kz

 

Алайда бағасы 3500 теңгеден асатын билеттер үшін комиссиялық алым сол күйі қалады.

 15 қаңтар, яғни ертеңнен бастап Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың өтінішімен осындай жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

 "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады. 

 Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ осылайша билеттерді заңсыз қайта сататындармен күреспек.



sputniknews.kz