Өң мен түс (Әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
Жұмабай Шаштайұлы
Қара базардың бүгiнгi Арынғазы атты миллионерi қараңғы түнде шырт ұйқыда жатқан жерiнен шошып оянды.
Тұсындағы жiбек шатырлы шамдал шамның түймесiн басып қалғанда-ақ жарқ ете түскен жарыққа көзi шағылысты. Қыбылаға қарата тұмсығымен шаншыла iлiнген қасқырдың көзiнiң орны бiрталай аралыққа жырылып, тап сол жердiң қылшықтарына тұзды қақ тұрып қалғандай айғыздана ағараңдайды. Арынғазы қасқыр көзiнiң орнындағы мұншалықты жырыққа бұрын зер салып қарамағанына таң бола, аңырып қалды. Егер ашып қалса жыртқыштың жанарымен ұшырасатындай тұла бойы тiтiренiп өттi.
Амнистия туралы жаңа заң: Бишімбаев жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере ала ма?
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия туралы жаңа заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралды. Құжат аясында бірқатар сотталған азаматтарды жауапкершіліктен босату, айыппұлдарды есептен шығару және жаза мерзімдерін қысқарту ұсынылып отыр. Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып, әсіресе экс-министр Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сұрақтар қайта көтеріле бастады.
Астанадағы мейрамханаларға қатысты шу: қоғамда ит еті дауы қайта көтерілді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарына қатысты даулы мәселе қайтадан қоғам талқысына түсті. Экологтар мен жануарларды қорғаушылар «Честно Говоря» подкасты барысында Астанадағы кейбір танымал мейрамханаларда ұсынылған тағамдардың құрамына ит еті араластырылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Белсенділердің сөзінше, бұл деректер бірнеше жыл бұрын сотта қаралып, белгілі бір фактілер ресми түрде тіркелген.
«Қыз Жібек» камзолы цифрландырылады: Мәдениет министрлігі дауға қатысты түсініктеме берді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған камзолға қатысты қоғамда туындаған пікірталасқа жауап беріп, тарихи кино реквизиттерін сақтау және цифрландыру жұмыстары туралы мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұлттық кино мұраларын жүйелеу және оларды көпшілікке қолжетімді ету бағытында жаңа жұмыстар қолға алынбақ.
Чакра деген не?Оның атқаратын қызметі қандай?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
el24.kz Санскрит тілінде «чакра» сөзі «дөңгелек» немесе «диск» деген мағынаны білдіреді. Чакралар — денедегі негізгі энергетикалық арналар өтетін орталықтар деп есептеледі.
Гурудев Шри Шри Рави Шанкар айтуынша, адам денесінде «нади» деп аталатын 72 мыңнан астам энергетикалық арна бар. Надилер қан тамырларының денеге қан тарататыны сияқты, бүкіл денеге өмірлік күш энергиясын — «прананы» тасымалдайды.
Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі: екі адам қаза тауып, бір адам жоғалып кетті
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
el24.kz Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында 2026 жылғы 18 мамырға қараған түні 5,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша түнде Лючжоу қаласы маңында болған.
Табиғи апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы жергілікті билік құрған төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб хабарлады.
Алматы облысында аудандық полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Алматы облысында Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Бауыржан Қабдылданов өз әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 мамыр күні таңғы сағат 05:04 шамасында Қонаев – Бақанас тасжолында, Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылы маңында болған.
Атыраудағы резонанс: Жангелдин ауылындағы бір отбасының қазасына қатысты сотта айыптау актісі жарияланды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
фото tengrinews.kz
el24.kz Атырау облысында Жангелдин ауылындағы бір отбасының бірнеше мүшесінің өліміне қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр. Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.
Сот барысында Атырау облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқып, айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған ауыр айыптардың мән-жайын баяндады.
Оралда бұрынғы полиция қызметкері қызды зорлады деген күдікпен ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Орал қаласында 25 жастағы бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қызды зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап el24.kz хабарлады.
Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желілерде Абай полиция бөлімінің қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр қылмыс жасады деген ақпарат тараған.
Қазақстанда 66 мыңнан астам азамат банкрот деп танылып, 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 2023 жылдан бері қолданыста жүрген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң мыңдаған қазақстандыққа қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.
Бұл туралы Сенат отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлімдеді.
Францияда хантавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
el24.kz Франция аумағында хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған әйел бұған дейін аурудың өршуі тіркелген MV Hondius круиздік кемесінде болған. Ол кеше Францияға оралғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, хантавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен.
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Астана қаласында 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді.
NASA: Жердің «вибрациясы» көтеріліп, уақыт жылдамдап жатыр деген ақпарат ғылыми түрде расталмаған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Соңғы жылдары әлеуметтік желілер мен түрлі рухани платформаларда «Жердің вибрациясы артып жатыр», «Шуман резонансы 7,83 Гц-тен бірнеше есе өсті», «соның әсерінен уақыт бұрынғыдан жылдам өтуде» деген пікірлер кең тарады. Алайда әлемдік ғылыми ұйымдар бұл тұжырымдардың нақты ғылыми дәлелі жоқ екенін мәлімдейді.
Страница 2 из 255
Соңғы жаңалықтар
- Атыраудағы резонансты іс: куәлар не айтты?
- Түркістан облысында екі бала суға кетіп, көз жұмды: анасы таңғы бесте жұмысқа кеткен
- Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды
- Вьетнамда қамауда отырған Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда
- Атырау қаласының әкімі ҰҚК-ге жауап алуға жеткізілгені хабарланды
- Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптама қорытындысы белгілі болды: прокуратура істің қазіргі мәртебесін түсіндірді
- Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты нақты қорытынды әлі шыққан жоқ
- Назым Қахарман өмірбаяндық кітап шығарады: онда Бишімбаевтың жеке өміріне қатысты деректер де қамтылған
- Ақілгек
- Астанада Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шыққан бойжеткеннің ісі сотқа жолданды
- Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты
- Ақтөбе облысында мектеп қызметкері суға кетіп көз жұмды
- Атыраудағы отбасының жоғалуына қатысты істе Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қудалау тоқтатылды
- Ресей тарапы AZAL ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы төлейді
- Өң мен түс (Әңгіме)
- Амнистия туралы жаңа заң: Бишімбаев жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере ала ма?
- Астанадағы мейрамханаларға қатысты шу: қоғамда ит еті дауы қайта көтерілді
- «Қыз Жібек» камзолы цифрландырылады: Мәдениет министрлігі дауға қатысты түсініктеме берді
- Чакра деген не?Оның атқаратын қызметі қандай?
- Қытайдың оңтүстігінде болған жер сілкінісі: екі адам қаза тауып, бір адам жоғалып кетті
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru














