1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өсті
2021 жылдан бастап елімізде әйел адамдар 60 жаста зейнетке шығады, деп
хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде, 6 ай сайын арттыру қарастырылған.
Осылайша 2027 жылы қазақстандағы әйелдер де 63 жасында өзінің жұмыс жолын толығымен аяқтамақ.
2018 жылдың 1 қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 58,5 жылды құрады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жаста шығатын болады.
2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста зейнетке шығады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жас.
Сонымен бірге, зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыны ерте алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді:
– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста;
– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер - 45 жаста.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша жеңілдік сақталды.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар ҚР азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады.
Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін - 55 жас, әйелдер үшін - 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.
Осыған дейін депутаттар зейнетақы жасын төмендету туралы мәселе көтерген болатын.
"COVID-19-дың жақындап келе жатқан екінші толқыны аясында, коронавирустың мутациялану қаупінің артуы, басқа да қауіпті вирустар штамдарының пайда болуы жағдайында қауіп-қатерге ұшыраған қарт азаматтарды қорғау және олардың өзін-өзі қалыпты оқшаулауы үшін барлық жағдайлар жасау өте маңызды. Азаматтардың пікірін негізге ала отырып, біздің азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын азайтуды және оны әйелдер мен ерлер үшін 60 жастан бастап айқындауды ұсынамыз", - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров.
Алайда үкімет депутаттардың бұл сауалын мақұлдамаған.


Мен істеген ең алғашқы қылмыс


Экстрасенс Қ.Ахметжанова 2021-ші жылға болжам жасады


Вице-министрдің көлігі жардан құлап, әйелі мен қызы қайтыс болды
Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен.
Көліктегі оның әйелі мен үш жастағы қызы қайтыс болған. Вице-министрдің өзі ауруханаға түскен. Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Дереккөз: centralasian.org


Назарбаев: Сайлау қиын жағдайда өтті
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерін Nur Otan-ның парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, сайлаудың пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап el24.kz.
"Баршаңызды "Nur Otan" партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсеттіі", - деді Назарбаев.
Ол сайлаудың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.
"Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы – жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды", – деді елбасы.
"Nur Otan" партиясының төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін айтты.
" Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жетістік жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
" Баршаңызға атқарылған жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және тек жақсылық тілеймін. Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Партия қатары жаңарды. Халық арасында беделі биік жаңа көшбасшыларымыз бар. Әр ауданның, қаланың, облыстың дамуы үшін халықтық бағдарламалар әзірленді", – деді партия төрағасы.
Елбасы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы Бес институционалдық реформаның, соның ішінде Мемлекет басшысының халыққа жолдауында берген тапсырмаларының жалғасы екенін айтты.
"Nur Otan"партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз. Баршаңызды партиямыздың бүгінгі жеңісімен құттықтаймын, – деді елбасы.


Аязда бетпердені қалай тағу керек – дәрігерлер кеңес берді
Ал аяз кезінде жиі ауыстырып тұрған жөн. Бұл туралы РИА Новостиге сұқбат берген ресейлік дәрігерлер айтты. Иван Сеченов атындағы медициналық университеттің тері және венерологиялық аурулар клиникасы емдеу-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, дерматолог дәрігер Николай Арсентьев аяз кезінде бетпердені жарты сағат сайын ауыстыруға кеңес беріп отыр.


Сүйгенім қызымды жақтырмайды
- Подробности
- Категория: Сырласу
- Просмотров: 6299
Өмір болған соң сан түрлі тағдырлар болады. Менің де тағдырым да екі рет шаңырақ көтердім. Сезіммен жандық, сезіммен естен тандық. Жастықпен шаңырақ көтеріп, дəм тұзымыз жараспай ажырастық.
Бірінші некемнен бір тал қызым бар. Қызым анасымен бірге тұрады. Жалғыздыққа тірі жан баласы үйрене алмасы анық. Мен де екінші рет үйленуге ниеттеніп жүрмін. Сүйген қызыммен перзентімді таныстырған едім. Сол таныстықтан бері қызымның мінезін ұға алмай далмын. Бірдеңе болса, мені қызыңды қимайтындай көрінесің деген-ді меңзейді. Менің қалауым- перзентіммен тату-тəтті болғанын қалаймын.
Балам ол өмірден қайтарып алды..
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
- Просмотров: 7474
Біз демалған санаторияда жасы келсе де, сынын бұзбаған, «сапты аяқтың сыры кетсе де,сыны кетпеген»,үлкендеу апай болды. Арасында амандасып жүріп, жақсы араласып , сөйлесіп кеттік. Одан қала берді, Қазақстан десе іш жылып тұратыны бар. Алматылық екен. Өте мәдениетті. Көрген мен түйгені мол жан екені көрініп тұр.Оның айтқан бір әңгімесінен, өте әсерлендім. Ол;"бір ауыз сөз,бүкіл өміріңді өзгертіп, бір ауыз сөз ажал келіп жанталасқанда, ажалдан да алып қала алады екен"- дегені бар бірде.
"Отағасы ерте қайтыс болғасын, ұл –қызым қатардан қалмасын деп,күндіз –түні жұмыс істедім. Әр- қайсысына жоғары білім алып бердім. Қиналған шығармын, бірақ балаларыма көз –жасымды көрсетпеуге тырыстым. Анамыз әлсіз екен деп, менен бетер жүнжіп кетпесін деп,тек солар үшін өмір сүріп, өзімді ұмыттым.Келін алдым. Немерелі болдым.
Бір күні болмашы нәрседен ұлымнан;
МЕН КӨРДІМ ҮСІП ӨЛГЕН БІР БАЛАНЫ...
- Подробности
- Категория: Проза
- Просмотров: 9937
ЖЕТКЕР ЖҮСІП
Болған оқиға ізімен...
"Көбек"деген разез бар Шойын жолға тіреліп тұр.Сол жерде Еркіннің әжесі бар. Каникулға шыққаны былай тұрсын ,әр демалыс сайын ол сол жаққа құстай ұшуға асық...
Қыстың бір демалысында ол сөйтті.Әжесіне қолқабыс болды. Арасында ойнап,сырғанақ тепті.Ай дегенмен екі күн зу етіп өте шықты . Бір жаманы қайту машақат.Разезге пойыз тоқтамайды .Тек алдынан қарсы пойыз келе жатса ғана 2-3 минутқа аялдамаса.Сондықтан жексенбінің түсі ауа бастағаннан "қайтар киіммен"дайын жүресің.
Страница 367 из 367