Керек кеңес

 Сірке суымен ажарландыру

Бұл ең арзан, бірақ ерекше өнімді ажарландыру бұйымы. Қытай Чиң династиясының хан анасы – Цыши  сірке суды өте ұнататындығы ел арасына таралып кеткен. Шанши өлкесіндегі әйелдер үнемі сірке су қолданып өз келбеттерін күтеді екен.

   Ежелгіні бүгінге қолдану:

Тері тазалауға: денені сірке су қосылған сумен жуса, тері адам терісіне өте қажетті қоректік заттарды қабылдайтын болады, сөйтып ол тері жұмсарту, терінің тіршілік қуатын арттыру рөлін атқарады.

   Бет тазалау: Терісі бұдырланып кеткендер сірке су мен глицеринді 5:1 салыстырма бойынша араластырып, әр күні бетке жағып отырса ажары ашылып, әжімі азаяды.

   Шаш көркемдеу: 200 мл сірке суға 500 мл су қосып, оны ысытып, әр күні 1 рет бас жуса, шаш түсладі, бастың қышуы мен қайызғақты емдеу өнімі көрнекті болады.

Тырнақ-тұяқ әдемілеу: Егер сіз қол-аяғыңыздың тырнағы мен тұяғын жылтыратамын десеңіз, жылы суға жарым қасық сірке су құйып, қол немесе аяғыңызды соған малып, онан соң тырнақ не тұяқтарыңызды алсаңыз, олар көрінісі жағынан әдеміленіп, әрі тұяқтың арасындағы кір оңай тазарады.

   Өнімділігі: Сірке судың басты құрамы сірке қышқылы, оның күшті микроб жою қуаты болғандықтан, теріні, шашты қорғау рөлін атқарады. Мұнан сырт сірке суда мол калций, аминоқышқылы, витамин В, сүт қышқылы, глюкоза, янтар қышқылы, қант, глицерин, альдегидтік химиялық қосылыстар мен тұздар болатындықтан, адам тәніне төтенше пайалы келеді.

  Көңіл бөлетін істер: Әр қандай іс қалыптан асып кетсе жақсы болмайды, сірке су көп қолданылса, иісі тез ұшып кетпейді де топты адамдар ішіне кіргенде иісі шығып басқаларды мезі қылады. Сондықтан сірке суымен ажарланғаннан кейін, сөзсіз оның иісі кеткен соң сыртқа шығу керек. Сірке суы әрқандай теріге үйлеседі.

 Алоэмен ажарландыру:

Бір бай бойжеткенінің бетіне безеу шыққандықтан, оның үйіндегілер бір қарт қытай дәрігерді шақырып емдетеді, ол алоэ сұйықтығын безеу шыққан жерге жағады да көп ұзамай безеу жоғалады. Безеу жоғалту өнімдері әлі шықпаған мезгілдерде бай үйлердегі жас әйелдер алоэ арқылы бетіндегі безеулерді жоғалтып отырған.

    Ежелгіні бүгінге қолдану:

    Теріні ажарландыру: 1 тал алоэ жапырағын үзіп алып, қайшымен біразын қырқып алған соң, оның екі бетіндегі тікендерін қырқып тастап, ортасын жарып, жарылған жағын бетке сүйкесе, бетке майда әрі жабысқақ сезіледі, бірнеше минуттан кейін бет терісі біртіндеп тырысады. 10 минуттан кейін бетті таза сумен жуу керек. Сөйтіп бір мезгіл үзбей қолданса тері жұмсарып, терідегі түрпіленген жерлер мен ұсақ әжімдер барған сайын азаяды.

  Дақ-секпілдерді жоғалту: Алоэ арқылы дақ-секпіл жоғалтудың әдісі өте қарапайым. Кешке ұйықтар алдында алоэ сұйықтығын бетке жағып немесе алоэ сұйықтығына азырақ бал мен ұн араластырып, бетжабар жасап бетке жапсырады. Біраз уақыттан соң беттегі дақ-секпілдердің азайғанын көресіз.

   У қайтару, қабынуды басу, безеу кетіру: Алоэнің жеміс еті сияқты бөлімін жарып, қабынған жерге жапсырғанда ісікті қайтарып, іріңдетеді. Жай ұсақ безеулерді алоэмен жеңіл уқаласа немесе бетке жапсырса жазылып кетеді.

   Өнімділігі: Алоэ залалсыз табиғи өсімдік, микроб жою, ракқа қарсы тұру қуатына ие болуымен бірге, оның құрамында мол витаминдер мен адам денесіне қажетті аминоқышқылдары және бірқыдыру минералдық заттар болып, теріні сауықтыру, ажарландыру жағында ерекше өнімге ие.

  Көңіл бөлетін істер: Алоэ біткеннің бәрін ажарландыруға қолдануға болмайды (алдымен кәсіпқой ажарландырушылардан кеңес алу керек), сондай-ақ  алоэмен ажарландырутері біткеннің бәріне үйлесе бермейді. Алдымен қолға жағып сынап көру, егер реакция құбылысы байқалмаса жаралы жерге немесе бетке қолданса  болады.

 

   Өсімдік эфир майымен ажарландыру:

Ертеде біздің ұлы аналарымыз кейбір ерекше өсімдіктердің теріні жұмсарта алатындығын білген. Мысалы, олар лимон арқылы мүйізгекті кетірсе, раушан гүлімен жуынуды ұнатқан. Шынын қуғанда бұл ең ертедегі өсімдік майымен ажарландыру әдісі еді.

   Ежелгіні бүгінге қолдану:

   Уқалау: Өсімдік эфир майын сұйылтып теңгергеннен кейін, денеге жағып қолмен уқаласа, оның сіңімділігі жоғарылап,  тез арада денеге сіңеді, әрі теріге сіміріледі.

   Бұлау: Өсімдік эфир майымен малшынып бұлау жасауға немесе аяқ бұлау жасауға болады. Алайда сұйылтылмаған эфйр майы кей кездерде ішінара материалдан жасалған жуыну ыдыстарын бұзады. Бұлау жасау алдында өсімдік эфйр майын толық араластыру, судың тым ыстық болып кетпеуі керек. Өйтпегенде өсімдік эфйр майы тез буланып кетеді, бүкіл денені 20 минут мөлшерінде суға малшыса жетерлік болғаны.

  Жағымсыз иісті сорғызу: 5~10 тамшы өсімдік эфйр майын иіс тұтатқышқа қойып, су қосқаннан кейін ыстап булайды эфйр немесе мәнерленген өсімдік майын бет сүртетін қағаздың бетіне тамызып жағымсыз иісті сорғызуға болады. Хош иістер арқылы емдеуді үнемі қолданса, иіс сезгіштігі артып, тері сапасын да  жақсартады. Бірақ бір түрлі ғана өсімдік эфйр майын 2~3 апта қолданған  соң ауыстырып отырса, терінің иіс сезгіштігін сақтауға жақсы болады.

  Өнімділігі: Мәнерленген өсімдік эфир майы – өсімдіктің жауһары, ол өсімдіктің гүлі, жапырағы, тамыры, дәні, қабығы, жемісі, сабағы сияқтылардан алынады. Әрбір өсімдік эфир майының өз алдына бөлек емдеу өнімі болады. Мәселен пеларгония, цитрон, сантал, апельсин гүлі сияқтылар қартаюдың, әжім түсудің алдын алады; Лимон, цитрондар бетті ағарту рөлін атқарады; Шай ағашы безеуді кетіруге пайдалы. Жалпы алғанда, өсімдік эфир майымен теріні қорғап қана қоймай, денені күтуге, рухты серпілтуге болады.

   Көңіл бөлетін істер: Әйелдер жүкті мезгілде өсімдік эфир майымен денені уқаламау керек. Өйткені ол нәрестеге зиянды. Әркім өз қалауы бойынша өсімдік  эфир майын таңдаса болады. Егер ерекше жағдай болмағанда, өсімдік  эфир майы барлық адамға үйлеседі.

 

Қытайшадан аударған: Ж.ОРНЫҚБАЕВ