Пернебай Бердалыұлы Сапаров


“Өлем” деп ойладым. Өлгенде, бекерден бекер өле салмайсың ғой, просто қатынымның “жұрттың өзіңдей еркектері” деген сөзі өтіп кетті да. Өзім пәтер жалдап тұрамын, айлығым жер алып, үй салуға жетпейді, қарыз деген шаш етектен... Қаным басыма шауып тұрғанда жұрттың еркегі де бәле болды. “Пәленшенің байына қараш... әні...” деген сөзден-ақ жүйкем жұқарып бітті.

Пернебай Бердалыұлы САПАРОВ  

“Ет асайын” деді әйелім. Кеше төркінінен келген, енем сыбығамды беріп жібергенін “сраз”түсіндім. Төркінінен келсе құры қол қайтпағанын осылай сездіреді. Дастарқанның үстіне құрт, май жайғасып, ортаға бауырсақ шашылады. Сөйтіп қайынжұртымның мәрттігін көзіме шұқып көрсетеді. Менің шешем де қайтарымызда бірдемелер тықпалап жатады, өзі келсе де екі сөмкесіз келмейді, бірақ, “каким то оброзом”, дастарқанда шекер, сосын, бәрениден басқа ештеңе көрінбей... “Ет ассайшы десең”, “өзі азғантай-ақ, ертең біреу-міреу кеп қаса ше...” деп... Обшым “ассаң асшы” дедім...

Пернебай Бердалыұлы Сапаров -1981 жылы ОҚО Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген. Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар) университетін араб тілі дінтанушы мамандығы бойынша бітірген, Республикалық «Халық үні »газетінде тілші қызметін атқарған.Қазір Республикалық «Жан мен Тән саулығы »газетінің редакторы.