Ғани Әлихан

Нақты күні есімде жоқ 1995-ші жыл еді .Əскерден жаңа келген болатынмын .Бір досым Жамбыл облысынан үйленіп күйеу жолдас болып менің баруым бар .Басқа адам таппағандай жалынып қоймады - қоймады .
Сонымен не керек : Жамбыл қайдасың? -деп тұрып тартып кеттік . Жəмəн жигули  сілемізді қатырып шаршатқаны болмаса, жолда қалдырмай жеткізді ғой əйтеуір . Барсақ ,
ойбоййй қыз-қырқын өріп жүр ,құлындай құтырған құдашалар, келіннің класстастары ығы-жығы уда-шу .Шүйіркелесіп араластық та кеттік.

Ғани Әлихан

Жігіттердің  бəрі үйленіп жатыр ,мен де қалмайын деп үйленбеймін ба ? Үйленіп алып соңында масқара боп үйден бездім ...
Тараз қаласы маңында тұратын бір қызбен сөйлесіп бір жыл жүріп мектебін бітіргеннен ала қаштым ғой . "Ойбай келін келді" - деп зыр жүгірген ауылдастарым ,құрдас - достарым ,туған - туыстарым əп - сəтте жиналып бір қошқардың басын қазанға салып абыр - сабыр тойды бастап жіберді . Қысқасы тыңғырлаған бешір болып ауылды  басына көтеріп ансамбль ойнап жатты ...

Оралхан Дәуіт
Бойдақ жігіт алдын ала уəделесіп, бір қызбен бассейнде жолығыпты. Қыздың да жігітте ойы бар, кет əрі емес көрінеді. Содан жігіт қызды оңашада аймалап-өбіп, шашынан иіскеп, əжептеуір-ақ еміреніп қалады дейді де ,бір уақытта бойжеткенді қос қолымен көтеріп алып, суға ұзынынан батырып, біраз уақыт бас-аяғына қарап тұрып, қайтадан жағаға шығарып тастай салады екен.

Ғани Әлихан
Бүгінгі мынау технологиясы дамыған заманмен , біздің заманымыздың айырмасы көк пен жердей.Біздің заманда (сонау тоқсаныншы жылдарда) ұялы телефон деген жоқ ,тіпті үй телефоны да ,бір үйде болса бір үйде жоқ еді.Содан да болар біздің құрдастарымыздың бəрі де дерлік өнерлі болатын.Өнерлі болғанда қандай бірінің сөзін бірі жалғап ,бірінің алдын бірі орап кететін, өңшең сен тұр мен атайыннан.....

Ғани Әлихан

Есімді еміс-еміс білетін жастамын .
Бір топ бала көрші ағаның тракторының прицепіне мініп алғанбыз . Бұрыштан бұрышқа жүгіріп ойнайтын ойын болушы еді ,күн ұзақ соны ойнаймыз .Уда - шу , жас балалар жүгіріп бос темір салдырлап жататын.

Түс кезі , көрші ағам үйден шығып бізге қарай беттеді . Соңынан жаулығы жалпылдап жеңешем көрінді . Төбе басында тұрған тракторды сырғытып келіп от алдырды да ,біз ойнап жатқан прицепті тағып үлгүрді .