el24.kz Астана қаласында әйел өз ұлын қайтыс болды деп әріптестерін алдап, олардың жинаған ақшасына Түркияда демалып қайтқан. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайы
31 жастағы әйел декреттік демалыста жүрген кезде әріптестеріне баласы терезеден құлап, жансақтау бөліміне түсті деп хабарлаған.
Баланың жағдайына алаңдаған әріптестері қолдау білдіріп, анасына қаржылай көмек жинап берген.
Бірақ біраз уақыттан соң әріптестердің бірі баланың әкесіне хабарласқанда, ұлының дін аман екенін анықтаған. Осылайша әйелдің жалған ақпарат таратқаны белгілі болды.
Тергеу кезінде әйел жиналған ақшаны Түркияға демалысқа баруға жұмсағаны белгілі болды.
Тергеу жалғасуда
Полиция өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл дерек бойынша “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.