Ғани Әлихан

Ауылда туып ауылда өстік қой.Бозбала кезімізде болған бір қызық оқиғаны айтып берейін.Оныншы сынып оқып жүрген кезіміз. Мұрнымызға махаббаттың иісі кеп, жүрегіміз жырлап жүрген кез. Сыныпта он төрт ер бала, он алты қыз баламыз.
Сол ғой, анау  ана қызбен, мынау мына қызбен сөзі жарасып бала махаббат деп жүрдік қой.Соның ішінде Ермек деген досымыз болды .Сыныптағы Гүлнар деген қызбен сөйлесіп жүретін.

Содан бір күні, сол Гүлнəрдің үйінің тұсындағы төбеге жиналдық.Жөнімізге отырамыз ба? Гитара, домбыра ала келгенбіз, əндете бастадық.Бір қызығы ол кезде бір сыныпта оқыған достардың бəрі де өнерлі еді. Бірі домбыра, бірі баян, бірі гитарада ойнаса, тіпті орыстың балалайкасын да ойнайтын досымыз болды. Жəне де біздің класс өңшең əпербақан, бірі Тұңғышбай, бірі Кенжетай, бірі Жалғызбай сондай болатын.
Енді шынында да, Гүлнəрдің үйінің тұсындағы төбеге көп жиналып отыратынбыз.Əн айтып ауылға ұйқы бермей ,тіпті ауыл ақсақалдары мектеп директорына да шағымданған болатын.Сонда да қоймаймыз.
Сонымен не, керек гитараны тыңғырлатып отырып «Гүлнəрім »деген өлең есіме түсіп кетті де айта жөнелдім.Оған анау қосылды ,мынау қосылды соңында он шақты жігіт қосылып хорға айналып ,ауылды басымызға көтердік.Түнгі дауыс белгілі ғой ,бір үйлердің шамдары жанып ,іштен біреулер сыртқа сығалап қарап жатты.Енді біреулер ауланың шамын жағып жатты.Ал біз де оған көңіл бөлу қайда, мəəəə мыналарға ұнап жатқан сияқты деп, əн соңынан əн жалғастырып айтып жатырмыз , айтып жатырмыз .Сол- сол екен қараңғы тұстан бір адам бізге қарай жақындай берді.
Біз болсақ ойымызда ештеңе жоқ өлеңді жіберіп жатырмыз.
Кенеттен тарс етті де, мылтық атылып от жарқ ете қалды.Тұра қаштық.Қашып келеміз, қашып келеміз ,сол қашудан өзіміз оқитын мектеп ауласына келіп кірдік.Кімге тиді ?Мля атты, атты- деп қоямыз ,аяқ қолда жан жоқ.Кімге тиді амансыңдарма ?-деп сұрасып жатсақ, Мейірбек деген досымыздың бет аузы даладай қан.Зəреміз ұшып кетті. Біздіңше оған оқ тиген ол өліп қалады.Қай жеріңе тиді ?-деп үсті -үстіне сұрап жатырмыз.Жалма- жан көйлегімді шешіп алып бетін сүртіп жіберіп қарасам ,қан мұрыннан сорғалап ағып тұр.
Мынаның тап мұрнынан атқанба?- деп қоямыз аузын ашалмайтын байғұс.Гүлнəрдің əкесі өте мерген кісі деп естуші едік .Ауыздан көздеп атқан, бірақ мұрынға тиген деп тон пішіп қоямыз тағы. Сөйтсек мылтық тарс ете қалғанда мен гитараны лақтырып жіберіппін да ,ол артымда отырған Мəкеңнің мұрнына тиген екен ғой.Сол төбеге соңынан Гүлнəр төбе деп ат қойдық.Түн ішінде əн айтып бір домбырамен, екі гитарадан айрылған едік.Бірақ арадан біршама уақыт өтіп Гүлнəр үйіндегі домбырамен гитараларды əкесінен біртіндеп ұрлап бізге қайтып берді.
Бұл да бір балалықтың қызығы ғой.Қазіргі күн ,Гүлнəр ханым əже атанған,өзі бизнесмен.