Ғани Әлихан

Ауыл деген өте қызық ! Менің балалық шағымның бəрі ауылда өтті. Ауылда тудық , ауылда мектепке бардық ,оны əупірімдеп жүріп бітірдік. Қысқасы, сол ауылда жүріп үйлендік .Біз 75-тер қандай ауызбіршілікті едік ,біреуі үйленіп еді ,сонан қалмайық деп, бəрі үйленіп тастады .Кластағы 16 жігіттің ,14-і бас аяғы екі-үш айда үйленіп,үйленбеген екі жігіт қалдық .Оның бірі мына мен, ал екіншісі Бақытжан деген жігіт. Содан не болды деңіз? Қысқасы қызықтың көкесі басталды.Ойбой кеше ғана байға тигендер, бүгін қатын боп байларын қызғанатынды шығарды.

  Тіпті отырыстарда "Пəленкес көп ішпе, түгенкес кеттік қайтамыз "деп жинап- теріп отырыс бітпей алып кететінді шығарды.Ол, ол ма, кластың бойдақ қыздарынан қызғанып ауыздары бүрісіп ,беттері тырысып соңында байларымен, ұрысып кететінді шығарды.Мұнысын көргенде ойпырмай-ай, бай деген тек осыларда ғана бар екен ғой деп, таң қалатын болдық ...
Қысқасы бірде мен Таразға кетіп, сонда біраз жүріп қалдым.Өйткені сол жақтың қызымен сөйлесіп жүргенмін. Ол қыз болса мектепте оқиды.Сол Тараздан келсем ,жалғыз өзі жетім қалған бойдақ кластасым келді.Ол кезде ақаңнан аздап сілтейтініміз бар,екі бойдақ бір жартыны қолтыққа қысып ,қатыны жақсы ғой деген досымыздың үйіне бардық .Оны ішіп тастап, оның қойғанында тауысып ,соңында бас қызып бірімізге, біріміз еріп көшеге шықтық .Бас қызған соң белгілі ғой, онан тағы бірінің үйіне кіріп ,онан шығып тағы да бірінің үйіне кіріп, бір-бір жартыдан ішіп байларын ертіп шығып көбейе бердік .Соңында бес алты жігіт қатыны ең жаман деген досымыздың үйіне кіріп бардық .Ішкендікі ғой,əйтпесе ол досымыздың үйіне бара бермейтінбіз .

   Өйткені қатыны қалалық ,ол үшін типа біз мəмбет, она городская .Оның да арағын ішіп жөнімізге кетеміз ба,байсымаққа кеттік деп қолқа салдық .Екі стакан ішіп алған бай қатардан қалсын ба, киініп бізге ере шықты .Сөйтсек қалалық қатын да соңымыздан ілесе шықты .
- Не бар саған?Қал ! - дейді байы .
- Қалмаймын ,одна не останусь! - дейді қатыны .Осылайша жағаласып,жармасып жүріп үйінен бір төбе астық .Қалалық қатын сонда да қалар емес , байын кері тартып əлек .Ал байсымақ бізден қалғысы жоқ, бері тартып əлек .Қысқасы байдың шыдамы бітті ,шойын шапалақ жақтан шарт етті .Қатын шалқалап барып тоңқайып түсті .Бірақ тезде есін жиып алып, аттың басын жіберді дейсің .Аты да жүйрік ат екен ,қазақшалап-орысшалап шауып берді.Іс насырға шаппасын деп мен араша түсе бастадым .Қарап қоям ,байды ұстасам қатын күшке мініп ,аузынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатыр .Жіберіп қалам жұмыр жұдырық сарт еткенде, ойбай өлдім, өлтірді мені, өлтірді деп жан айқайы шығады.Қой,енді мұным жарамас деп басқа жігіттерді жібердім де, екеуін екі қолдан ұстап мен кері қайттым. Сондағы ойым үйіне апарып тастау болған.Бірақ бұл мен ойлағандай болмады қалалық қатын кластасымның басына сиіп-тышып тастады. Алдымен ұрғаны үшін сотқа берді ,аудандық прокурор ағасы екен.Онан рэкеттерге айтты ,тағы бір ағасы рэкетёр екен.Осындай сөздерімен бұл қатын қанды ішті .Қысқасы мынадан соң, менің провокация жасаудан басқа амалым қалмады.Сол үшін ұрынып келе жатқан байсымақты жібере салдым да, өзім кейін қала бердім.Енді міне тура көз алдымда тегін каратэ басталды,тап Брюсь Лидің киносы .Тарс -тұрс ,сарт -сұрт.Біраз ұрып болғанда барамын да араша түсем .Сөйтсем қатын қайта сиіп-тышып бастайды .Көп жүрмеймін өтіріктен сүрініп жығыла кетем. Бай барып тарс-тұрс қайта төмпештейді .Ал қатын болса ойбайлап алып, тағыда сиіп тышады.Жаным ашып қайта араға түсіп ,байсымақты сүйреп алға кетем.Сөйтсем прокурордың қарындасы сиіп-тышқанын əлі де қоймайды.Ой масқара мынау не деген сідігі таусылмайтын қатын ,минут сайын сигісі келеді де тұрады екен- деп қоямын.Сигенде де жерге симей, тек басқа сиеді екен да -деп қоям .Корочи көп айтып неғылайын, осылайша төрт-бес раундтан кейін екеуін үйлеріне жеткіздім.Бірақ қалалық қатын сол кеткеннен мол кетті .Бір ауылда тұрып мені бір жылдай көрмей кетті .Сөйтсем бəрінде білген екен, оны кейін өзі айтты.За то мен оған : Сен сол таяқтан соң тым жақсы қатын болдың ғой - деймін .