Ғани Алихан

Біз жігіт боп жетілгенде қу заман қурап көп нəрседен құр қалғанымыз бар. Ең алдымен дүкен сөрелерінен арақ кетті. Бұл құрғақ закон басталған кез . Ал қазіргі айтайын деп отырғаным сол ащы арақтың тапшы кезінде болған бір қызық оқиға ...
Күн кешкіріп қалған сəт , бешіріміз болатын күн .Мамамның дəрісін əкеп беріп кетейін деп дəріханаға шыққалы жатқанымда үш класстасым сап етіп кіріп келмесі барма .

Таза судан алып шық - деп қоярда қоймай, қолқа сап жеп барады .Сөйтсем қолтықтарына одеколон қысып алыпты .Одеколон болғанда қандай бұрынғы союздың сасық одеколоны .Өйткені арақ табылмай орнына осы одеколонды ішкен заман басталған болатын .Бізде мұны айналып өтпедік .Себебі одеколонды ішуге болады екен, тіпті мас болады екенсің ,дегенді жиі естіп жүрдік . Сонымен не керек жарты шелек су бердім де, өзім дəріханаға кеттім .

 Үш құрдасым шелекке үймелеп үйде қалды .Қырсыққанда дəріхана жабық боп үйіне барып, біраз жүріп кешігіп келдім .Одеколонды жарты шелек сумен ішіп алған мына үшеуі менен кешірім сұрап əлек .Сондағысы маған қалдырмай ішіп қойғаны үшін кешірім сұрап отыр .Онда тұрған не бар екен. Одеколон болмаса вино болар, деп киініп алып үшеуіміз бешірге келдік .

  Үй иесі де ұялған болса керек ,екі шиша вино тауып дастарханға қойыпты . Қысқасы таңғыр-тұңғыр музыка ойнап бешіріміз басталды да кетті .

   Сол баяғы "Романтика" магнитофон баяғы "Мираж" ,баяғы "Ласковый май" .Сондай-ақ домбыра,гитара, баянымыз тағы бар . Алғашқы тост көтеріліп бес алты жігіт винодан сімірдік .Кім біліпті одеколон үстінен вино ішсең реакция беретінін əп сəтте-ақ үш досым қызара бөртіп шыға келді .Қызарған деген былай тұрсын тіпті көп өтпей ауыздары көпіре бастады .Қарап қоям үшеуі де масаңсып қалған,қызу бар өздері байқай қоймайды,əн айтып болып отыр . Бірақ ауыздарынан аққан əппақ көбік таусылмай қайта-қайта сүртіп əлек . Бұл көрініске о баста ешкім көңіл бөле қоймағанымен, уақыт өте келе қыздар үрпие қарай бастады .Тіпті бір екі қыз бұл жағдайды менен сұрауға көшті .Қырау жалағанғой деп қалжыңдап қоям, өйткені түйе қырау жаласа ауызы көпіретінін білемғой. Бірақ мыналардың ауыздары қырау жалағанға мүлдем ұқсамайды .Ал мына көріністі түк түсінбеген Құндыз деген қыз қайта-қайта сұрап əлек ; 
- Ғани жөніңді айтшы мыналарға не болған өзі деп қояды .Мазамды ала берген соң : 
Не дейін Құндыз, ешкімге айтпасаң айтайын -дедім құлағына сыбырлап. Оғанда өсек керек қой, қызық боп тұр əрі Əділхан екеуі "махаффат" боп жүрген кезі , «айтпаймын,айтпаймын,айтшы не болған ?»-деп құлағын тосып жақындай түсті :
Бұл үшеуі құтырған шығар ,кеше ит сойып жеген екен- деп қойып қалдым. Ойыма тап осы сөз сап ете қалмасы барма .Содан дүрбелең басталды дейсің .Құндызым бетін шымшып ыршып түсті .Көзі бақырайып төбе шашы тік тұрып маған бажырая қарады.Менде аузымды сүртіп алдым да, дым үндемей бақырайып отыра бердім.

   Не күлмедім не сөйлемедім, үнсіз отырдым . Анда-санда көз қиығын сап қарап қоям. Құндызым арғы жағында отырған Маржанның құлағына сыбырлап жатыр . Ал Маржанның көзі болса анау үшеуіне қарап қатты да қалды .Қатпай қайтсін үшеуі де мойындарына тастап алған сүлгіге ауыздарын сүртіп əлек .Сүрте салып өлеңдерін қайта жалғастырады .Онысынан түк шықпайды .Ауыздан ақ көбік атып шығады. Содан қайта сүртеді де қайта бастайды .Қысқасы төрт шумақ өлең айтады тағы сүртеді .Осылайша өлең өлең болмай ит жыртқан терінің кебіне айналады .Ал қыздар болса бірінің құлағына бірі сыбырлап анау үшеуінен алшақтай бастады .

   Өйткені құтырған деген сөз бойларын билеп үрей туғызды .Алдымен бəрі де мен жаққа тығылып маған жақындай түсті . Мен қайбір оңғаным бар, қарап қалса болды ауызымды сүрткен бола қалам .Мұнымды көрген қыздар енді менен қаша бастады . Одан барып шетте тұрған диванға тығылды .Осылайша тоғыз қыз бір диванға жайғасты . Ал анау үшеуінің ойларына түк кіріп шықпайды .

  Тұла бойларындағы тұнып тұрған талантты өлеңмен шығарып жатыр .Оған қоса ақ көбікті де ауыздарынан айдап жатыр.Қысқасы екінші тост көтерілетін кез келді . Бұл үшеуі өлеңді тоқтатып аузы бастарын жуып келуге кетті .Бірақ онан не пайда? Су тисе өршіп ,келем дегенше көбіктері қайта ағып тұр .Ал қыздардың зəре құты қалмады . Көздері бақырайып үрпиіп əрең отыр .

   Тап осы сəт аузыңды ашып тап берсең, тым тырақай қаша жөнелуге тас түйін дайын отыр .Бұл да менің ойымда болған алайда онан бұрын күтпеген оқиға болды . Екінші тосттан соң вальс билейміз деп жарықты сөндірдік емес пе ? Құрсын ,қайтейін қыздарымыз шығып алып бас ауған жаққа қаша жөнелді .Осылайша бешіріміз бес тиын болды . Жарықты қоссақ аузы көпірген үшеуімен тағы екі жігіт отырмыз .Мыналардың неге қашып жатқанын мен білем ғой сол үшін үнсізбін . Ал жастайынан "əнші балапан" атанған Əділхан досым өз қызы Құндызды ұстай алмай масқара болды .Бар күшімді салып тұрып жүгірем деп қояды. Ал Құндыз болса онан сайын қашады, ақыры жете алмай қайтып келдім дейді .Осылайша бешір тарқады .Бұл енді естен кетпейтін қызықты бір оқиға болды .Балалық шақтың естелігі болар . Осы күні басымыз қосылса есімізге алып бір күліп аламыз .
Қайран балалық шақ ...