Ғани Әлихан
Бүгінгі мынау технологиясы дамыған заманмен , біздің заманымыздың айырмасы көк пен жердей.Біздің заманда (сонау тоқсаныншы жылдарда) ұялы телефон деген жоқ ,тіпті үй телефоны да ,бір үйде болса бір үйде жоқ еді.Содан да болар біздің құрдастарымыздың бəрі де дерлік өнерлі болатын.Өнерлі болғанда қандай бірінің сөзін бірі жалғап ,бірінің алдын бірі орап кететін, өңшең сен тұр мен атайыннан.....

Бір күні мамам екеуміз кешкі шəйді ішіп отырғанбыз. Ойда жоқта үш -төрт сыныптасым сап ете қалмасы бар ма?Келгендері мынау ,сыныптағы Маржанның үйіне Қарағанды да тұратын туысқандарының қызы келіпті. Айтуларынша мини юбка киген сұлудың да сұлуы, керемет əдемі хор қызының өзі. Əдемі болса маған айтар ма едіңдер ?-десем ,ойбай орысша сөйлейді екен .Əділхан танысайық деген екен"мамбет пошол вон"- депті дейді.
“Пошол вонның” жаман сөз екенін білмейтін ақымақпын ба ,не болсада қалалық қызды көрейік деп қорқа басып, Маржанның үйіне келдік. Маржан бізбен бір сыныпта оқитын өзіміздің қыз ғой, бір ысқырықпен- ақ шығарып алдық. Ал қалалық қыз көрінбейді. Біраз аман саулықтан соң ,біз Маржаннан қалалық қызды шақыруын өтініп əлек. Маржан болса оның қазақша қақпайтынын айтып əлек.Оны тыңдайтын біз ба? Қолқа салып, шақыр да шақыр- деп шақыртып алдырдық қой.
Ойбуййй əлдеқандай болып келген қызымызға қарасақ елден асқан сұлулығы жоқ түрі қазақтікі, тілі орыстікі шашы ала-бұла тап бір отқа күйіп қалған ба ?-дерсің.

-Атым Альбина- деп танысқан қызға, шашының аласын көріп сол мезет” ақ Алабас” деп ат қойып үлгірдік. “А” дан келсе болды емес па? “Альбинасы “не6 “Алабасы “не,” Алабас “ болсын деп шештік.
Оебоййй сөйтсек Алабасымыз осал болмай шықты.

-Я не хочу с вами общаться .Мне здесь скучно, здесь ни дискотеки, ни театр ,ничего нет и ещё казахский плохо понимаю .Хотя я казашка -деп майсыыып сағыздай созылып тұр.
Қап əкеңнің ғана аузын...не деп тұр мынау деп қоям ішімнен.Қап əттеген ай ə дим. Қысқасы ертесі күні кешке осы Алабастың құрметіне біздің үйде отырып кішігірім бешір жасап жіберетін боп шештік. 
Ал ендігі арманымыз біреуғана 71-лер біліп қоймаса болды, 72-лер əскерде, 73-тердің жартысы əскерде, ал 74-тер бізден өлердей қорқады. Қысқасы 73- термен, 74-терден қауіп жоқ .Ал 71-лер енді біздің нағыз дұшпанымыз .Өздері де балға қонған ара сияқты шұбырып, бешір болса жинала қалатыны тағы бар.Келгенде келсін ақ, жөніне кеп кетсе жақсы ғой. Не қыздарымызды қоймайды .Не арағымызды қоймайды. Не тамағымызға тоймайды, тап тұйнақтай ғып жеп кетеді .Ол ол ма арағыңды іштім табағыңа т.штым дегендейғып өзімізді ұрып-ұрып кететіні тағы бар.(ашаршылықтан емес əрине ауылда туып-өскен жігіттер мұны түсінеді)

   Сонымен не керек ертесіне таң атып онан күн батып біздің үйге жиналдық . Біраз отырып барып бешір қыза бастады ғой Сол баяғы РОМАНТИКА магнитофон баяғы “ЛАСКОВЫЙ МАЙ “,баяғы“БЕЛЫЕ РОЗЫ.” Ал енді бəрінің көзі сол Алабаста.Алабасқа қарамай қайда қарайсың? Мини юбка деген тартып барады.От боп тұрған кезіміз ғой ,мүмкіндігін тапсаң сол Алабасқа қарайсың . Қарағанда қандай бірде шашына қарасаң, бірде астына қарайсың.Алдынан да қарайсың, артынан да қарайсың ,əйтеуір қарайсың- қарай бересің .Қой құрсын болды,жетер енді қарамаймын деп қоясыңда ,қайта қарайсың .Бірде əдептілікпен мəдениеттілікті сақтап өзіңше азамат болып отырасың да, бірақ қайта қарайсың .Сенің көзің сол қыз да. Ал сыныптағы қыздардың көзі сенде.Сен іштей Алабасты жеп қойғың кеп барады, ал сыныптың қыздары сені жеп қойғысы кеп барады.
Қысқасы сөйледік, биледік соңы вальс биледік .Ал Алабасымыз ешкіммен вальс билемей қойды.Ол өзінше бір төбе, біздің қыздар бір төбе боп отырып, ақыры əн айту басталып кетті. Əлгі мамбет Əділхан гитарамен əн айтып оған біз қосылдық .

 Домбыра гитара, баян бəрін қосып əн айту мода бола бастаған кез еді.Əннің түрі-түрі кетті ғой. Сөйтсек ,МАСҚАРАААААА əлгі қазақша білмеймін деп орысша тост көтеріп ,орысша сөйлеп отырған қалалық қыз, қазақша əндерді жіберіп отыр .Жібергенде қандай ,мəмбет Əділханға жабысып алған. Анау əнді білесің ба ?Мынау əнді білесің ба ?Соны айтайықшы деп мəмбетпен цивилизация қосылып əжептəуір дуэт құрып, апақ-шапақ культура боп қалды .Аузымыз ашылып біз қалдық .

   Анау екеуін көріп қою махаббат басталып кеткен бе дерсің .Арасында вальсті тек Əділханмен билеп, оны көріп қалғандарымыз шалқадан түсіп нокаут болдық .Бір кездері əңгіменің арасында Əділханның құлағына :

- Алабас саған сынып тұр ғой- дегенім сол екен. Ғани ,Алабас демеш ,Альбина деші, былайша норма қыз ғой- деп біздің жанашып қалғыр мəмбет қараааааап тұр .

 Масқараааа  мини  юбканың буы ұрып тұрма дерсің албастыны. Осылайша бешіріміз қыза түскенде тым жақсы отырыстың жалмауыз 71-лер кеп шырқын бұзды. Анау деді ,мынау деді,əйтеуір қайта-қайта тысқа шақырып маза бермеді. Қолымнан келгені Маржанмен, Алабасқа Əділханды қосып амалдап шығарып жіберу ғана болды.Енді ол қыз кеткен соң ,ол жердің қызығы да қалмады. Сол қызбен барлық қызық бірге кеткендей болды. Үйде қалған біздің болса бəріміз сыртқа шығып кешегі Мəкең ( бастаған 71-лердің лекциясын тыңдап таяғын жегеннен басқа амалымыз қалмады.

Ал енді келесі посттардың бірінде Мəмбет Əділханмен Алабас Альбинаның бір апталық қызыққа толы махаббатын айтып берермін.