Жарқ етіп өтер, өмір де мынау аз күндік,

Бірімізді біріміз кінәлап сонша жазғырдық.

Қаншама күнә кешірген Ұлы Аллаға,

Шүкірлік қылып, сәждеге маңдай аз ұрдық!

 

Жылаймын Аллаһ, Өзіңе ғана бас ұрып,

Өзгеден мұңды оңаша ғана жасырып.

Құлыңмын Раббым, күнәсі бастан асатын,

Қатемді кешір, айтпасам екен асылық!

 

Ажал да жылжып, маған да келіп жетпей ме?!

Алдамшы тәнім бір күні шіріп кетпей ме?!

Қуаныш- қайғы алмасып, өмір тез өтер,

Қу мола болып қалармын сонау беткейде..

 

Ерлан Арыстанбай