Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов өмірден өтті - деп

хабарлайды el24.kz. Төлеген Байғұловтың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны белгілі

болды.

Бұл жөнінде  СҚО Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жеткізді.

"Иманды болсын! Қайтпас қайсар, патриот, адал жан еді. Бүгін COVID-тан қоғам белсендісі, Жемқорлыққа

қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Адалдық алаңы кеңесінің жетекшісі, досымыз

Төлеген Байғұлов бақилық болды! Жаны жаннатта болсын", - деп 

жазды НұрланЖахин  facebook парақшасында .