Композитор, әнші Ербол Спаналиев желіде әнші Саят Медеуовтің жол апатына түскенін хабарлады деп жазды el24.kz  , Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ербол Спаналиевтің айтуынша, әнші қазірде жансақтау бөлімінде жатыр.

«Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!» – деп жазған ол.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы дерек жоқ.