Таразда тапаншамен қаруланған екі жігіт дәріханаға басып кіріп, тонап кеткен.

25 наурыз сағат 22.30 шамасында Тараз қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде орналасқан дәріханаға 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам басып кірген.  Олар тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, олардың алдындағы шыны витринаны сындырып, 37 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын иемденіп кеткен. 

Содан соң оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды - деп хабарлайды  el24.kz  ақпараттық порталы КТК арнасына арнасына сілтеме жасап .  

Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіруге және ұстауға бағытталды, полиция бөлімдеріне аталған адамдардың белгілері бар бағдарлар жіберілді.  Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.