фото видеодан скриншот

Желіде Маңғыстау облысы "әкімі орынбасарларының бірінің" қатысуымен болған төбелестің видеосы тарады,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі lada.kz.ке сілтеме жасап. 

Желіде қыркүйектің 10-нан 11-іне қараған түні сыртқы бақылау камерасына жазылған видео тарады.Видеоны түсірген қолданушы бұл кадрларда "Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларының бірі"бейнеленгенін айтты.

Видеода ер адамдардың төбелесі анық байқалады. 

Облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін мәлімдеді. Әкімдіктен басқа ақпарат берілген жоқ.