Мемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді.

 

Қала көшелеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Мейіржан Пердешов пен Бексұлтан Мүсірали Қонаев-Рысқұлов қиылысындағы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды байқаған. Жас қыз төменге секіруге бел буған.

 

5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі хабарлады.

 

Бұдан былай ата-анасынсыз балаларды қоғамдық көліктен ешкім мәжбүрлеп шығарып жібере алмайды.

Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады.

 

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі мәлімдеді.