Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижелері, ведомствоны реформалау барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берді. 

Ол ұлттық қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты ҰҚК қызметін жетілдіру шаралары, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, озық ақпараттық технологияларды енгізу және қызметтік процестерді бюрократиядан арылту жайында баяндады.

 

29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады.

 

33 жасында өмірден өткен марқұмның туыстары кінәлі адам табылып, өз жазасын алса екен дейді.

Түркістан облысында полиция майоры өзіне қол салып, ажал құшты. Ал, марқұмның мәйітінің жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты табылды,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Aikyn.kz.ке сілтеме жасап.

 

Атырау облысындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтері өртеніп, екі бала мерт болды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, өрт туралы бүгін, 25 сәуірде таңғы сағат 05:37-де хабар түскен. 

 

Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды, - деп хабарлайды  el24.kz тілшісі Massaget.kz ке сілтеме жасап.

"Астана темір жол" ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспензалалданғаның анықтады.