Еліміздің бірқатар аймақтарында коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар жабылып жатыр. «Қызыл» аймақтағы Ақмола, Павлодар, Атырау облыстарында инфекциялық ауруханадағы орындардың жартысынан көбі бос қалған.

 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөзінің хабарлауынша ,Қарақаралы ауданында денесінің 90%-ін термиялық күйік шалған 48 жастағы ер адам көз жұмды.

 

2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 206,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 54,3 млрд теңге бағытталды.

 

Шымкент әкімдігі Қызылжар ықшамауданындағы 70 жылдық тарихы бар стадионды бұзып, емхана құрылысын бастаған.

Алайды халық, бұл мекемеден ешқандай пайда болмайды деп, оның құрылысына қарсы шықты. Қарсы шыққан тұрғындар тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалған.

 

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелерді клиенттердің есебінен шығару жоспарланып отыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер онлайн-қарызды алаяқ үшінші тұлғаға ресімдегені анықталған жағдайда, берешек есептен шығарылуы тиіс, деп хабарлайды LS.